Дәрілік шөптердің денсаулыққа пайдасы
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
7-сынып
Бөлім:
Денсаулық – зор байлық
Тақырып:
Дәрілік шөптердің денсаулыққа пайдасы
22.02.2020
37
0
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 7.ӘТН2. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану |
Сабақтың мақсаты: | Мәтін бойынша әңгіме құрастырып жазады.

Тілдік мақсаттар: | Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын, болжамдарын тыңдалым/айтылым материалдарына сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, креативті шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, еркін жеткізе алады. |
Күтілетін нәтиже: | Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Бағалау критерийлері: | Жазба жұмыстарында интонация, кідіріс, логикалық екпіндерді қолдана алады.

Құндылықтарды дарыту: | Топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық; Өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық

АКТ-ны қолдану дағдылары: | АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (Экранпроектор) |
Пәнаралық байланыс: | Музыка, қазақ тілі |
Бастапқы білім: | Денсаулыққа пайдалы тағамдар |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (10 минут) |
Сәлемдесу. Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
| http://bilimland.kz/kk |
Сабақтың ортасы (15 минут) |
Білу және түсіну .Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. «Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.) Қолдану. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру Дәрілік шөптердің денсаулыққа пайдасы Талдау .«Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
| http://bilimland.kz/kk |
Сабақтың соңы (12 минут) |
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.Қорытынды ретінде кластер толтырайық . «Білім қоржыны» кері байланыс жасалды. 1.Сабақта маған пайдалы болды. 1. ........................... ..... 2. .............................. ...... 3. ................................................ 2. Маған қиын болды. 1. ................................ 2. ..................................... 3. Маған көмек қажет. 1. ................... ................................. Тақтаға рефлексия жасау үшін дайын құрылымды шығарып, оқушылар бүгінгі өзінің әрекетіне талдау жасайды. Сол арқылы мұғалім бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын анықтай алады.
| http://bilimland.kz/kk |
Рефлексия (3 минут) |
Оқушы тыңдалым материалын АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып көреді.Оқушы қоршаған ортаның бір бөлігі екенін сезіне отыра, оған деген өз жауапкершілігін сезінеді | http://bilimland.kz/kk |
Пікірлер(0)