Глобусты қалай қолданады?
Глобусты қалай қолданады?
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 1.4.1.1. Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар орындай алады:Глобусты қалай пайдалану керектігін, ондағы түстер арқылы құрлықтар мен суларды ажыратады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Жердің жасанды моделін және кескіндеу тәсілдерін біледі. Кейбір оқушылар орындай алады: Құбылыстар, қоршаған әлем үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіреді. |
| Тілдік мақсаттар: | Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: модель, глобус -Глобуста нелер бейнеленген? |
| Күтілетін нәтиже: | Аспан әлемі туралы біледі |
| Бағалау критерийлері: | Қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсінеді |
| Құндылықтарды дарыту: | өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | ІМЕКTEP -глобус |
| Пәнаралық байланыс: | Дүниетану |
| Бастапқы білім: | Ғарыш |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (0-5 минут) |
Психологиялық дайындық: Аспанға қарап, ай көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім .(Ұ) Өткенді қайталау «Жаңбырлы жұлдыз» әдісі - Аспан денелерін кім зерттейді? - Телескопты кім ойлап тапты? -Ғарыш дегеніміз не? -Біздің ғаламшарымыз қалай аталады? - Астрономия нені зерттейді? - Ғарышты зерттеу үшін қандай құрылғыларды пайдаланады? Дескриптор: Ғарыш туралы алған білімдерін қолдана алады. «Мнемоника» әдісі. Ғарыштан түсірілген фотосуреттерді көру. -Фотосуреттерден не көрініп тұр ? -Жерді толық көруге бола ма? Неліктен ? - Жерді кішірейтіп алмасақ, осындай үлкен жерді қалай көруге болады ? Дескриптор: Жауаптарын тыңдау және мадақтау |
Ғарыштан түсірілген суреттер |
|
Сабақтың ортасы (5-30 минут) |
«Қара жәшік» әдісі
Қара жәшіктің ішіндегі жасырылған затты атау. Жауаптарын тыңдау.(ойыншық машина) Модель –заттың кішірейтілген көшірмесі. Дайын моделдерді көрсету арқылы оның қай заттың моделі екенін айту. Жұмбақ шешу:
Доп сынды келбеті, Онда бар түп-түгел Әлемнің әлпеті (Глобус) Жер-шар тәрізді дене. Глобус—Жердің дәл үлгісі. (Ж) Глобуспен таныстыру. (І МЕКТЕР) Көк түспен берілген жерлерді тауып, өзен, көл, теңіз, мұхит атауларын, қоңыр, сары, жасыл түстерді тауып, атауларын оқып, адамдар өмір сүретін жерлерді көрсету, неге олай ойлайтынын сұрау. Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі ГЛОБУС деп аталады. Глобуста Жер шары ондаған млн. есе кішірейтіліп алынады. Жер шарының мұндай алғашқы үлгілері орта ғасырларда жиһанкездер дүние жүзін айналып шыққаннан кейін жасала бастады.Глобуспен түрлі тәжірибе жасауға болады.Жердің өз білігінен айналуын және Күнді айнала қозғалуын, олардың қандай құбылыстар тудыратынын глобусты пайдалану арқылы оңай түсінуге болады. Жазылым Глобус — Жердің кішірейтілген көшірмесі”
Модель –заттың кішірейтілген көшірмесі 1-тапсырма Топтарға түрлі - түсті қобдишалар таратылады, әр қобдишаның ішінде тапсырмалар бар І топ. Контурлы әлем картасынан –құрлықтарды табу, бояу. ІІ топ. Контурлы картадан мұхиттарды табу және бояу. ІІІ топ. Әлем картасынан Қазақстан мемлекетін табу және суретін салу. Сергіту сәті: Арам-зам-зам «Ұяшық» әдісі Сен білесің бе ? айдары. Әр нөмерленген ұяшықта сұрақтар жазылады,дұрыс жауабын айту арқылы ұяшықтар толық ашылғанда Саяхатшы Фернан Магелланның портреті шығады. Саяхатшы Фернан Магеллан туралы айту. Фернан Магеллан — Португалияның теңіз саяхатшысы. Магеллан алғаш рет Жердің шар тәрізді екендігін, Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын дәлелдеді. Магеллан астрономия және бағдарлау (навигация) бойынша жақсы білім алып шыққан, 20 жасында алғаш рет теңізде жүзген саяхатшы. 2 -тапсырма Глобус пен Жердің ұқсастығы неде? Глобус деген не? Жеке жұмыс .Барлық білім алушылар глобустың модельін ермексаздан жасау. Дескриптор: Білім алушы - глобус пен Жердің ұқсастығын айтады; - глобусқа анықтама береді; - глобусқа сүйеніп, Жер туралы әңгімелейді және глобустың модельін жасайды. |
видео дәптермен жұмыс контрлы карта
|
|
Сабақтың соңы (30-35 минут) |
««Ақиқат пен жалған» әдісі 1. Жер ғаламшарының пішіні шар тәрізді. (А) 2. Глобустағы көк түстер суды білдіреді .( А) 3. Жер ғаламшарында алты құрлық, төрт мұхит бар.(А) 4. Жер ғаламшары өзге ғаламшарлар арасында өте кішкентай.(Ж) 5. Глобусты Галелео Галелей ойлап тапқан.(Ж) 6. Жер айдың серігі.(А)
|
|
|
Рефлексия (35-40 минут) |
Кері байланыс : Жетістік баспалдағы
|
стикер |



Пікірлер(0)