Жалқы есім және жалпы есім
Жалқы есім және жалпы есім
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 2.1.4.1 - Жалқы және жалпы есім туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жалқы есім мен жалпы есімді таба білуге үйрету. 2.2.3.1 - Ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту. Шығармашылық жұмыс істей отырып сөздік қорларын молайту. |
| Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар жасай алады: • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. Оқушылардың көбі жасай алады: • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
| Тілдік мақсаттар: | Сөз және оның мағынасы Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Тірек сөздердің айтылуын ,есте сақтау дағдысын қалыптастыру; тірек сөздерді сабақ барысында қайталату. Талқылауға арналған сұрақтар: Не себепті......деп ойлайсыз 1.Сөйлем дегеніміз не? 2. Сөйлем нелерден құралады? 3. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? 4.Сөйлем қандай әріптен бастап жазылады? 5.Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз? |
| Күтілетін нәтиже: | Барлық оқушылар жасай алады: • Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. Оқушылардың көбі жасай алады: • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. |
| Бағалау критерийлері: | Жалқы және жалпы есім туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жалқы есім мен жалпы есімді таба біледі. Ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейтеді. Шығармашылық жұмыс істей отырып сөздік қорларын молайтады. |
| Құндылықтарды дарыту: | Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; https://imektep.kz/kz |
| Пәнаралық байланыс: | Дүниетану, әдебиеттік оқу |
| Бастапқы білім: | Зат есім |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру. -Бүгінгі сабаққа «Бала -өмірдің гүлі»деп әдемі гүлшоғымен келдім. Әр бала гүлдің күлтешесін алып,ондағы сөздерге байланысты топқа бөлініп отырады. Оқушылар қалаған гүл күлтешелерінің сөздеріне қарай топтарға бөлініп отырады. 1 топ-«Біздің» 2топ –«Сынып» 3 топ- «Өте» 4топ –«Керемет» Әр топ алған сөздерді қайталайық. Біздің сынып өте керемет! Міне осындай тамаша девизбен бүгінгі сабағымызды бастайық. Жұмыс ережесін келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Үй жұмысын тексеру: Зат есімнің ережесін сұрау; мультимедиялық оқу құралынан «Кім? Не?» ойынын ойнау. Бағалау. «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау. |
Интербелсенді тақта , плакат. мультимедиялық оқу құралы |
|
Сабақтың ортасы |
«Ой шақыру» әдісі -Суретте не көріп тұрсыңдар? -Картада нелер бейнеленген? -Қала, өзен, көл, тау аттарын атату. -Үй жануарларының суреттерін көрсету. -Осы жануарлардың қайсысына ат қоямыз? -Бүгін Қазақстан Республикасының саяси картасындағы көптеген суреттердің атауларын жазамыз. Жұлдыз,Бота,бота, жұлдыз,Астана,Құлагер,Ертіс,Ақтөс. -Осы сөздерден екі рет қайталанған сөздер бар ма? -тағы қандай өзгешеліктерді байқап отырмыз? Олай болса бүгінгі сабағымыздың мәні де осында imektep.kz сайтынан «Жалқы есім және жалпы есім» бейнежазбасын қарау. - Жалқы есім дегенімізді қалай түсіндіңдер? - Жалпы есім ше? - Жалқы есімдер қалай жазылады? Қорытынды: Ереже. Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс. Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз:өзен, аққу, оқытушы Ширату тапсырмасы. Оқушыларға сұрақтар қойылады: Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) Оқулықпен жұмыс 51-бет
Дескриптор: Тыңдалған өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өлеңде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді,зат есімді табады.. Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. ҚБ: смайлик арқылы бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау. Өлеңді жатқа жаз Бекен,Төкен, Тете*екен. Тете үлкені Бекен екен. Тете-араларында бала жоқ ағайындылар Дескриптор: Оқыған өлең бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өлеңде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді,жалқы есімді табады. Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. Сергіту сәті ТОПТЫҚ ЖҰМЫС 1 топ –Сәйкестендіру 2 топ –Қатесін тап 3 топ-Сөз ойла ,тез ойла 4-топ-Ойлан тап |
Белсенді оқу тапсырмалары. Суреттер Оқулық Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. |
|
Сабақтың соңы |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Семантикалық карта
(ҚБ) “Бағдаршам ” әдісі. |
|
|
Рефлексия |
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Білім сандығы» кері байланыс. Үй жұмысы 52-бет 33-жаттығу |
|



Пікірлер(0)