Өз еліңнің патриоты болу
Өзін-өзі тану
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Адам болам десеңіз
Тақырып:
Өз еліңнің патриоты болу
25.02.2020
78
0
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Білімділік: оқушыларға «Отанды сүю» , «патриот болу» ұғымдарын түсіндіре отырып , отансүйгіштікке баулу; Дамытушылық: оқушылардың өз Отанын қадірлеуін , қастерлеуін елжандылық қасиеті арқылы арттыру; Тәрбиелік:оқушыларды Отанын сүюге тәрбиелеу. |
Сабақтың мақсаты: | оқушылардың өз елінің патриоты болу түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. |
Тілдік мақсаттар: | "Отан" , "патриот" ұғымдарының мәнін түсіндіру |
Күтілетін нәтиже: | оқушылар өз елін , отанын сүюді , оған қызмет етуді үйренеді |
Бағалау критерийлері: | елжандылық қасиеттері іс-әрекеттерінен көрінеді |
Құндылықтарды дарыту: | елжандылық қасиеттерін дамыту арқылы сүйіспеншілік құндылығының жарыққа шығуына ықпал ету |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | интербелсенді тақта және компъютерді пайдалану |
Пәнаралық байланыс: | қазақ тілі , әдебиеттік оқу , музыка |
Бастапқы білім: | отан туралы түсінік |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу. | «Путь сердца» релаксациясы; |
Сабақтың ортасы |

Үй тапсырмасын тексеру: Қ.Толыбаевтың «Менің Отаным» әңгімесін оқып және мазмұндап келу берілген.Қойылатын сұрақтар: -«Отан» деген сөзді естігенде қандай сезімде боласың? -Отанын сүйетін адамның бойында қандай қасиеттер болады? -«Отан –оттан да ыстық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? -Отанға деген сүйіспеншілігіңді қалай білдіріп жүрсің? -елжанды деп қандай адамды айтамыз? -сен Отаныңды қадірлеп көрдің бе?

Дәйексөз «Адал адам Отанын сүйеді» Ахмет Байтұрсынұлы 2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу.

Әңгімелеу Бүркіт Ысқақовтың «Сенің Отаның» өлеңін оқып беру және талдау:-«Отан деген немене?» деген сұраққа қалай жауап берер едіңдер? -сен өз Отаныңды қалай сүйесің? -отансүйгіштік адамды қандай істерге жетелейді? -сен өз Отаныңды қалай сипаттар едің? -сенің Отаның саған несімен қымбат?

Шығармашылық жұмыс Жеке жұмыс.1-тапсырма:қажетті сөздерді пайдаланып , мақал-мәтелдерді жалғастырып жазыңдар.

Топпен ән айту: Атамекен әнін бірге орындау.

Б. Ысқақов «Сенің Отаның» Балаларға арналған әңгімелер 70 бет;

Өлеңі: Қ.Мырза- Әлі Әні: Е.Хасанғалиев Атамекен.

Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: №24 сабаққа 110 беттегі Ә.Нұршайықовтың «Мәншүк әні» әңгімесін оқып және мазмұндап келу. | Өзін-өзі тану оқулығы 110 бет |
Рефлексия |
Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Отанымызды сүйіп , оған адал қызмет етейік.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар! |
Пікірлер(0)