HTML-ДЕ МУЛЬТИМЕДИАНЫ ЕНГІЗУ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып:
10-сынып
Бөлім:
Веб-жобалау(
Тақырып:
HTML-ДЕ МУЛЬТИМЕДИАНЫ ЕНГІЗУ
27.02.2020
251
8
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 10.4.2.4 Web-бетке мультимедиа нысандарын кірістіру үшін HTML тегтерін қолдану |
Сабақтың мақсаты: | <p>Барлық оқушы: HTML-де мультимедианы қолдану туралы біледі </p><p> Көпшілік оқушы: Дыбыс пен бейнені енгізу жолдарын анықтайды Кейбір оқушы: </p><p>HTML-де мультимедианы қолдану қажеттілігін түсіндіреді </p> |
Тілдік мақсаттар: | Пәндік лексика және терминология: Дыбыстық фон-звуковой фон-sound background, бейне-видео-video, дыбыс- аудио-audio, атрибут-атрибут- attribute, мультимедиа-мультимедиа- multimedia |
Күтілетін нәтиже: | HTML-де мультимедианы қолдану туралы біледі. Дыбыс пен бейнені енгізу жолдарын анықтайды |
Бағалау критерийлері: | HTML-де мультимедианы қолдану туралы біледі. Дыбыс пен бейнені енгізу жолдарын анықтайды. HTML тілінде мультимедианы қолдану қажеттілігін түсіндіреді, тұжырым жасайды. |
Құндылықтарды дарыту: | Топта бірлесіп жұмыс істеу, топ ережесіне бағыну, бір-бірінің пікірін тыңдау |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Тапсырмаларды орындау барысында компьютерде html тілінде дұрыс жазылуын біледі |
Пәнаралық байланыс: | Ағылшын тілінде термин сөздер қолданылады |
Бастапқы білім: | Скриптерді қолдану |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (10 минут) |
<p>Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу «Дос-досымен» жаттығуы Топ ішіндегілер бір-бірімен араласып жүреді. Жүргізуші «Дос-досымен» дегенде, ойыншылар досын ұстап, екеу болып тұрады. Жүргізуші тағы да «шаш-шашымен» дегенде, шаштарын тигізеді; «арқа- арқамен» дегенде, арқаларын тақайды т.с.с. бет- бетімен, қол-қолымен, саусақ-саусақпен, табан- табанмен, бас-басымен, тізе-тіземен, иық-иықпен деген сияқты бірнеше сөздер айтылса, соларды орындауы керек. Жүргізуші арасында бірнеше рет «дос-досымен» дегенде, қатысушылар басқа досты таңдап достасады. Достасып қойған достар қайтадан достасып қалса, ойыннан шығады. Топқа біріктіру: Сандар арқылы топтарға біріктіру. </p><p>Өткен сабақты пысықтау: «Кубизм» әдісі Мұғалім текшенің алты қырына тапсырмалар дайындап жазады. Оқушылар текшедегі тапсырмаларды топта орындайды. Оқушылардың жұмыстарын ауызша мадақтау, қолдау көрсету </p> | Текше |
Сабақтың ортасы (26 минут) |
<p>«Миға шабуыл» әдісі - Web-беттерді жасауда қандай ұстанымдарды басшылыққа алу керек деп ойлайсың? - Мультимедиа дегеніміз не? Оқулықпен жұмыс Мұғалім тақырыпты бейнежазба немесе слайд материалы арқылы көрсетеді. Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Мұғаліммен бірлесіп талдайды. Ауызша мадақтау, ынталандыру Кестемен жұмыс - Берілген атрибуттардың мәнін толықтырыңдар. Практикалық жұмыс 1-тапсырма. Веб-беттен дыбыс немесе бейнефайлға сілтеме жасап аш. Ол үшін төмендегі қатарларды Блокнот программасында теріп, веб-бетті «index.html» атауымен сақта. «index.html» файлын ашқанда төмендегі веб-бет пайда болады. Дыбыс және бейнефайлдардың пиктограммаларын олардың жанына енгіз. Тапсырманы орындау барысында: 1. Дыбыстық фон BGSOUND элементін веб-бетке енгізуді үйренеміз. <BGSOUND src = «дыбыстық файл атауы»> 2. Гиперсілетемелер арқылы дыбыстық және бейнефайлдарды ашуды үйренеміз. <a href ="аудио файл URL"> сипаттама </a> <html> </p><p><head> <title>Дыбыстық және бейнефайлдарды кірістіру</title> </head> <body bgcolor=lime> <H2 align=center> Бейне немесе дыбыс файлын ойнату</H2> <p><I> Бетті жүктегенде дыбыс файлды ойнату: </I> <BGSOUND SRC="001.mp3" LOOP=INFINITE></p> <I> Бейнефайлға сілтеме: </I> <A href="002.avi"> <img src="005.jpg" width=30 height=20 BORDER=2 ALIGN=MIDDLE </A> <p><I>Дыбыстық файлға сілтеме:</I></p> <A href="004.mp3"><img src="006.jpg" width=30 height=20 BORDER=2 ALIGN=MIDDLE </A> </body> </html> 2-тапсырма. Наурыз мейрамы жайлы веб-бет жаса. Бұл бетте наурыз жайлы ақпарат пен бейнеклип орналастыр. Броузер жұмысына арналған HTML кодтарды енгізіп, «index2.html» атауымен сақта. Қазақ қаріптері веб- бетте дұрыс көріну үшін сақтау терезесінде кодировкада «Юникод»-ты таңдау керек. HTML коды дұрыс енгізілгенде 1-суреттегі web-терезе пайда болады. Тапсырманы орындау барысында: 1. Бейнефайл енгізілген жағдайда броузер терезесінде бейнеклиптің ойнауы жүзеге асады. </p> </body> </html> Дескриптор: - Веб-бет жасайды. - Веб-бетті безендіреді. - Веб-бетке бейнебаян енгізеді. Фигуралар арқылы бағалау </p> | <p>Компьютер, оқулық</p><p><br></p><p>https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/9-synyp/lesson/html-zhane-html-redaktor</p> |
Сабақтың соңы (4 минут) |
<p>Тест тапсырмасын алу Оқушылар тест жұмысын орындайды. </p><p><br></p><p>1. Дыбыстық фонды кірістіру үшін қандай элемент қолданылады? 2. Құжатта жүгіртпе жолды құру үшін қай тег қолданылады? 3. Жүгіртпе жолда суретті қолдануға бола ма? </p><p> 4. Жүгіртпе жолдың қандай атрибуттары бар? 5. Дыбысты және бейнені кірістіру үшін қолданылатын элемент? Бір-бірін бағалайды Кері байланыс: «БББ кестесі» әдісі Оқушылар тақырып туралы бұрыннан не білетінін, сабақта не білгенін және не білгісі келетінін кестеге жазады</p><p> Үй тапсырмасы. Қайталау </p> | <p>Компьютер, оқулық</p><p><br></p><p>https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/9-synyp/lesson/html-zhane-html-redaktor</p> |
Пікірлер(0)