Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
Математика
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Өрнектер және тепе-теңдіктер
Тақырып:
Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
27.02.2020
127
3
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас қосылғыштарды біріктіре білу |
Сабақтың мақсаты: | – алгебралық өрнектерде ұқсас қосылғыштарды біріктіруді есептер шығару арқылы меңгерту; |
Тілдік мақсаттар: | Оқытудың тілдік мақсаты • ұқсас мүшелерді біріктіруді түсіндіреді; • алгебралық өрнектің коэффициентін қалай анықтайтынын түсіндіреді. Пәнге қатысты лексика мен терминология: • айнымалы; • коэффициент; • ұқсас мүшелер; • әріпті өрнектің мәні; • өрнектерді ықшамдау. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: • әріпті бөлігі бірдей қосылғыштарды … деп атайды; • ұқсас мүшелерді қосу үшін …; • егер жақшаның алдында «минус» таңбасы тұрса, онда ...; егер жақшаның алдында «плюс» таңбасы тұрса, онда …. |
Күтілетін нәтиже: | - Ұқсас мүшелерді анықтай алады - Алгебралық өрнектерді ықшамдай алады |
Бағалау критерийлері: | <p>• Ұқсас мүшелерді анықтайды</p><p> • Алгебралық өрнектерді ықшамдайды </p> |
Құндылықтарды дарыту: | Жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын, видеоны тыңдап, өз ойын түйіндеу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | https://bilimland.kz/ |
Пәнаралық байланыс: | Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет. |
Бастапқы білім: | Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру. Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу (а,в,х, у). (Видеотүсіндіру) (bilimland.kz/kk сайтынан) - оқушылардың назарын шоғырландыру үшін «Сұрақтар топтамасы » ширату әдісі қолданылады 1) әріпті өрнек дегеніміз не? 2) санды өрнек дегеніміз не? 3)айнымалы дегеніміз не? 4)коэфициент дегеніміз не? 5) жақшаларды ашу ережесі қандай? Күтілетін нәтиже: - Ұқсас мүшелерді анықтай алады - Алгебралық өрнектерді ықшамдай алады | https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/koehfficzient-uqsas-qosylhyshtar-uqsas-qosylhyshtardy-biriktiru?mid=ee48c7b0-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe |
Сабақтың ортасы |
1- тапсырма: «Кім жылдам» әдісі. Жеке жұмыс 5a – 3b – 8a + 12b – 9 алгебралық өрнегінің төменде берілген элементтері мен атауларын сәйкестендіріңіз. 1 5a мен (– 8a) А коэффициент 2 – 3b мен 12 b Ә бос мүше 3 5; -3; -8; 12 Б ұқсас қосылғыштар 4 -9 В «Өзін-өзі бағалау» 2-тапсырма: «Ойлан-Жұптас-Бөліс»әдісі. Жұптық жұмыс (bilimland.kz/kk сайтынан) Өрнектерді ықшамдаңыз: Дескриптор: - ұқсас мүшелерді анықтайды; - ұқсас мүшелерді біріктіреді; - өрнекті ықшамдайды «Ауызша» өзара бағаланады 3-тапсырма: «Қазына іздеу жолында» әдісі. Топтық жұмыс (bilimland.kz/kk сайтынан) А-1; В-2; Х- 3; У- 4 тапсырма Дескриптор: - жақшаларды ашады; - ұқсас мүшелерді біріктіреді; - өрнекті ықшамдайды; - өрнекті қарапайым түрге келтіреді. «Түсіндірме арқылы бағалау» әдісі арқылы бағаланады. | https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/koehfficzient-uqsas-qosylhyshtar-uqsas-qosylhyshtardy-biriktiru?mid=ee48c7b5-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/koehfficzient-uqsas-qosylhyshtar-uqsas-qosylhyshtardy-biriktiru?mid=ee48c7b4-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe |
Сабақтың соңы |
Сабақты қорытындылау Алған білімдерін жинақтап қорытындылау үшін (bilimland.kz/kk сайтынан) тест жұмысын орындау. | https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/koehfficzient-uqsas-qosylhyshtar-uqsas-qosylhyshtardy-biriktiru?mid=ee48c7b6-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe |
Рефлексия |
Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы: «Ақиқат, жалған» әдісі арқылы алынады Ақиқат Жалған Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады 8а+1 өрнегінің мәні 9-ға тең. Кез келген сандық өрнекке сандық мән табуға болады |
Пікірлер(0)