Электр тогы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Electric current. Ohm’s law for part of electric circuit.
Физика
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Тұрақты электр тогы
Тақырып:
Электр тогы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Electric current. Ohm’s law for part of electric circuit.
05.03.2020
74
4
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): |
1.Электр тогын қолдану шарттарын және электр энергиясы көздерін пайдалану жолдарын, кедергінің мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру.

2.Тізбек бөлігі үшін Ом заңының, меншікті кедергінің формулаларын есептер шығару барысында және өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

3.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар

1.Электр тогын қолдану шарттарын, электр энергиясы көздерін пайдалану жолдарын түсінеді, Ом заңына берілген тапсырмаларды орындайды.

2.Қажетті зертханалық құрал- жабдықтарды қауіпсіздік техникасының ережелеріне сай пайдаланады. Оқушылардың басым бөлігі

1.Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтап бір-бірімен салыстырады.

2. Электр тогының химиялық әсерін зерттеп, реакция нәтижесінде электр тогын алады.

3. Тақырыпқа сай сандық, сапалық есептер шығарады.

Кейбір оқушылар

1. Электр тогына байланысты мәліметтер мен дәлелдер келтіреді.

2. Қиындығы күрделі есептерді шығарады

Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар негізгі тірек создердің мән мағынасын біледі, қолдану аясын анықтаған.

Негізгі сөздер мен тіркестер тақырыпты меңгеруде оқушылар электродинамика бөлімінде қарастырылатын негізгі ұғымдар, қолданылуы жайлы талқылап, мағынасын ашады.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер Электр тогы, кедергі, меншікті кедергі, кернеу, ток тығыздығы,электр қозғаушы күші, ток көзі, реостат, резистор, өткізгіш сым, электролит, электролиз.

Күтілетін нәтиже: | Оқушының жаңа тақырыпты толық меңгеруі |
Бағалау критерийлері: |
-тізбектелген тоқ күшін анықтай білу

- Ом заңын білу

Құндылықтарды дарыту: | тоқ күшін таныстыру |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта, тел. |
Пәнаралық байланыс: | химия |
Бастапқы білім: | Ом заңы |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (10мин) |

Ұйымдастыру кезеңі

1.1. Сәлемдесу

1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.3. Оқушыларды түгелдеу

1.4 Сынып оқушыларын отырған қатарларына байланысты 3 топқа бөлу.

Топтарға бүгінгі сабақта қарастырылатын электр тогын зерттеуде еңбегі сіңген ғалымдардың есімдерін беру. Әр топ топ басшысын сайлап, бағалау парақшасына бағалап отырады. Үй жұмысын сұрау кезеңі

I.«Доп лақтыру» әдісін пайдалану арқылы оқушылардың өткен материалдар бойынша теориялық білімін және терминдерді үш тілде қалай меңгергенін тексеру. Ойын шарты бойынша әр топ бір-біріне доп лақтыру арқылы сұрақ қояды, жауап алады. Бұл ойын жылдамдықты қажет етеді.

Сабақтың ортасы (25мин) |

Жаңа сабақты түсіндіру

«Теледидармен сұхбат» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймын. Интербелсенді тақтада берілген слайдтар бойынша физика және химия пәндері бірлесе отырып, жаңа сабақты түсіндіреді, оқушыға бағыт береді. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/turaqty-ehlektr-togy/lesson/otkizgish-kedergisi-tizbek-boligine-arnalhan-om-zangy

II «Зертхана бекеті»

Бұл әдіс арқылы оқушылар топпен бірлесе отырып жаңа сабақ бойынша алған теориялық білімін практика жүзінде қолданады. Әр топ берілген тапсырманы іс жүзінде орындайды, нәтижесі бойынша қорытынды жасайды. https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/turaqty-ehlektr-togy/lesson/otkizgish-kedergisi-tizbek-boligine-arnalhan-om-zangy

Практикалық тапсырма

1-топ Берілген физикалық құралдарды пайдаланып, тізбек бөлігі үшін Ом заңын тексеру. 2-топ Құрал- жабдықтарды пайдаланып, электр кедергісінің өткізгіш материалына тәуелді екенін тексеру және бір-бірімен салыстыру.

3- топ Электр тогының химиялық әсерін бақылау, химиялық реакция нәтижесінде электр тогын алу.

III «Есептеу білімді еселеу»

Бұл сайыста әр топқа жеке есеп беріледі. Оқушылар өз бетінше отырып сандық есептерді орындайды. Қажет болған жағдайда «Дос көмегі» әдісін қолдану.

(Тапсырма ағылшын тілінде беріледі)

Тапсырма 1, 2,3

https://bilimland.kz/en/courses/physics-en/electrodynamics/electric-current/lesson/conductor-resistance-ohm-s-law-for-subcircuit

Сабақты қорытындылау IV «Word-Translation- Picture» Бұл ойын оқушылардың жаңа сабақ бойынша алған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Ойын шарты бойынша топ мүшелері бірлесе отырып, қима қағаздарда берілген терминді аудармасымен суретімен сәйкестендіреді. ( Ойын ағылшын тілінде жүргізіледі)

Сабақтың соңы (2мин) |
Үйге тапсырма беру 9.1-9.3 тақырып оқу,№3,4есеп | |
Рефлексия (3мин) |
Кері байланыс «Тобықтай түйін пікірлер тізбегі» Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері жайлы өз пікірлерін айтуға, сондай ақ өз ойларын стикерге жазып, білім ағашына ілуге мүмкіндігі бар. Бүгінгі сабақ қызықты болды ма? |
Файлдар:
Файлды ару
Электр тогы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Electric current. Ohmе’s law for part of electric circuit.
Пікірлер(0)