Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Геометрия
Сынып:
8-сынып
Бөлім:
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Тақырып:
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
11.03.2020
427
10
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | <p>8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін біледі; </p><p> 8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салады. </p> |
Сабақтың мақсаты: | • берілген теңдеу бойынша шеңбердің центрі мен радиусын табу; • шеңбердің центрінің координатасы мен радиусы арқылы шеңбердің теңдеуін жазу; • берілген теңдеулер бойынша шеңбер салу. |
Тілдік мақсаттар: | Термин сөздер: центр, радиус, координаталық жазықтық, абсцисса, ордината, диаметр, шеңбердің центрінің координатасы |
Күтілетін нәтиже: | • берілген теңдеу бойынша шеңбердің центрі мен радиусын табады; • шеңбердің центрінің координатасы мен радиусы арқылы шеңбердің теңдеуін жазады; • берілген теңдеулер бойынша шеңбер салады. |
Бағалау критерийлері: | • берілген теңдеу бойынша шеңбердің центрі мен радиусын табады; • шеңбердің центрінің координатасы мен радиусы арқылы шеңбердің теңдеуін жазады; • берілген теңдеулер бойынша шеңбер салады. |
Құндылықтарды дарыту: | Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана Қазақстандық патриотизм және азаматтық патриотизм |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта,презентация. |
Пәнаралық байланыс: | Алгебра, физика |
Бастапқы білім: | жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептей алады; кесінді ортасының координаталарын таба алады; кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын таба алады. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (6 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі: - «Шаттық шеңберін» құрып, оқушылар бір біріне жақсы лебіз білдіру арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. - «Шашу» әдісімен оқушылар 2 топқа бөлінеді: Партаға түрлі-түсті қағаздар таратылады. Сол қағаздардың артында шеңбердің графиктері болады. а) центрі (a, b) болатын шеңбердің теңдеуі; б) центрі координаталар басынан өтетін шеңбердің теңдеуі болып екіге бөлінеді. Үй жұмысын тексеру: Үйге берген тапсырманы «Kahoot.it» бағдарламасымен тексеру. | |
Сабақтың ортасы (28 мин) |
(G) Топпен жұмыс 1-тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісі бойынша тапсырманы орындайды. х2+(у+1)2=4 радиусы нешеге тең? (-5;1) x2+y2=r2 радиус O 2 r центр (х+5)2+(у-1)2= 9 центрін табыңдар шеңбердің теңдеуі «Қолпаштау» әдісі бойынша әр топ бір-бірін бағалайды. 2-тапсырма. Джигсо әдісімен оқушылар тапсырманы алдымен жеке, сосын жұппен, кейін шағын топта талқылайды. Берілген теңдеулер бойынша шеңбер салыңыздар: І топ: (х -2)2+(у+3)2=16 х2+(у-7)2=9 х2+у2+4х-18у-59=0 ІІ топ: (х -2)2+(у+3)2=16 х2+(у-7)2=9 х2+у2+4х-18у-59=0 Дескриптор: шеңбердің теңдеуін жалпы түрге келтіреді; шеңбердің теңдеуінен шеңбердің центрінің координаталарын анықтайды; шеңбердің теңдеуінен шеңбердің радиусын анықтайды; шеңберді координаталық жазықтықта салады. Кері байланыс. Мұғалім сұрақтар қою арқылы кері байланыс орнатады: - Есеп шығаруда қандай қиындықтар туындады. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар өз ойын ашық айтады Оқушылар визуалды көру үшін «GeoGebra» бағдарламасы бойынша көрсетуге болады. (I) Жеке-дара орындайтын жұмыс А деңгейі Шеңбердің центрі мен радиусын табыңыздар: № Шеңбердің теңдеуі Центрінің координатасы Радиусы 1 (х - 4)2 + (у + 2)2 = 9 2 (х +1)2+у2=3 3 (х +2)2+(у-9)2=45 Дескриптор: шеңбердің центрінің координатасын жазады; шеңбердің радиусын жазады. Кері байланыс: Әр оқушы бірін бірі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. В деңгейі Егер С(-4;0) және М(2;0) нүктелері шеңбер диаметрінің ұштары болса, онда оның центрінің координаталары, радиусының ұзындығын табыңыз және шеңбердің теңдеуін жазыңыз. Дескриптор: екі нүктенің ара қашықтығын есептеу формуласын қолданады; диаметрдің ұзындығын табады; радиусты табады; кесінді ортасының координаталарын табу формуласын қолданады; шеңбердің центрінің координаталарын табады; шеңбердің теңдеуін жазады. Кері байланыс. Дескриптор бойынша С деңгейі «Bilimlаnd» сайтынан 11-12 жаттығуды орындаңыздар. | |
Сабақтың соңы (5 мин) |
Үй жұмысы. Шығармашылық жұмыс Координаталық жазықтыққа бірнеше киіз үй салып, киіз үйдің табаны мен шаңырағы шеңбер болатындай етіп салыңдар. Шыққан шеңбердің радиусын, центрінің координатасын анықтап, шеңбердің теңдеуін жазыңдар. | |
Рефлексия (1 мин) |
Рефлексия: Оң және теріс Оқушылар стикерлерге не түсінгенін не түсінбегенін жазады және + немесе – жағына жабыстырады |
Файлдар:
Файлды ару
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Пікірлер(0)