Үстеу. Мезгіл үстеу. Мекен үстеу.
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз
Тақырып:
Үстеу. Мезгіл үстеу. Мекен үстеу.
11.03.2020
153
4
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6.1.1.1 -мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау; 6.1.2.1 -әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені талдау

Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар орындай алады:Мәтін атауын болжай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Көтерілген мәселені талқылай алады. Кейбір оқушылар орындай алады:Жаңалық,құттықтау мәтіндерінде көтерілген мәселені талдай алады.

Тілдік мақсаттар: | Оқушылар істей алады: әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарды меңгереді. Диалог пен жазу үшін қажетті сөздер мен тіркестер: салт-дәстүр,құндылық,әдет-ғұрып.

Бағалау критерийлері: | Тыңдалым мәтінің болжау,көтерілген мәселені талқылау |
Құндылықтарды дарыту: | Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін дәріптеу. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | |
Пәнаралық байланыс: | Әдебиет,география

Бастапқы білім: | Етіс түрлері |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы |
Ұйымдастыр кезеңі. Шеңбердегі алғыс. Қабырғадағы сұрақтар әдісі. Өткен сабақты,ережені пысықтау мақсатында берілетін тапсырмалар 1-тапсырма. Тыңдалым алды тапсырмасын беру арқылы оқушыларға тыңдайтын мәтіннің мазмұнын болжату:жаңа тақырып туралы ойланту.Суретте қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілген.Оқушылармен суреттегі салт-дәстүрлер турасында пікір алмасып,олардың қалай,қашан орындалатынын,қандай мақсатты көздейтінін,өздері қандай дәстүрлердің куәсі болғанын т.б. сұрау арқылы салт-дәстүрлер туралы білім қалыптастыра отырып,тыңдалым мазмұнын болжату.

Сабақтың ортасы |
2 –тапсырма Тыңдалым . 20- аудиомәтінді мұқият тыңдау А тапсырмасы.Тыңдаған ақпараттар бойынша нақты сұрақтарға жауап беру.Мәтінде кездесетін салт-дәстүр,ұлттық ойын атауларын жарыса атап,олардың қашан,қандай жағдайда жасалатын дәстүр екені,қандай рәсімдер орындалатыны туралы пікір алысу. Ә тапсырмасы. Әлеуметтік-мәдени тақырыпта диалог құрау. Қазақтың дәстүрлі жиын тойларында айтылатын дайын тілдік қолданыстарды мәтінмен байланыстыру арқылы коммуникативтік жағдаятта қолданылуын түсіндіреді. Кері байланыс. Смайликтер арқылы бағалау.

Сабақтың соңы |
Б тансырмасы. Көтерілген мәселені талқылау. Мәтінде айтылған ер жігіт пен қыз балаға тән қасиеттерді атап,одан да басқа қандай қасиеттердің болу керектігі туралы ой өрбіту.

Рефлексия |
В тапсырмасы. «Ешкімнің ала жібін аттама» тіркесінің мағынасын түсініп,қандай жағдайларда қолданылатынын білу. Оқушылар арасында осы тіркесті шынайы өмірмен байланыстыра отырып,өзара пікір алысады. |
Пікірлер(0)