Ахмет Байтұрсынов - “ұлт ұстазы»

Шингожина Есемгуль Рамазанова
Шингожина Есемгуль Рамазанова
Акмола
Кокшетау
Макпальская ОШ
Қазақстан тарихы
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым
Тақырып:

Ахмет Байтұрсынов - “ұлт ұстазы»

20.03.2020
500
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 8.2.2.2 Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау; 
Сабақтың мақсаты: А. Байтұрсыновқа Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалайды. 
Тілдік мақсаттар: Ахмет Байтұрсынов туралы мәтінді оқып,талдайды. (оқылым мен айтылым) Пәнге қатысты лексика мен терминология сауаттылық, техникум, алғашқы жоғары оқу орындары, институт, ғылыми зерттеу орталықтары, академия Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Ахмет Байтұрсыновтың ғылым саласына қосқан үлесі ........ Ахмет Байтұрсынов қоғам қайраткері ретінде қызметтер атқарды........  
Күтілетін нәтиже: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Бағалау критерийлері: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Құндылықтарды дарыту: Жұптық және топтық жұмыс барысында құрмет көрсету, ашықтық, бір- бірінің ойын құрметтеу құндылықтары жүзеге асады.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Мүмкіндігінше Ахмет Байтұрсынов туралы ақпарат қарастырады.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихынан кеңестік замандағы білім және ғылым туралы алған білімдерін қолданады; өзін- өзі тану, Қазақ және орыс әдебиеті пәндерінен ХХғ. 20-30жж. зиялылардың ағартушылыққа қосқан үлесі туралы білімдерін қолданады Қазақ тілі пәнінен игерілген дағдыларын өз ойларын дұрыс жеткізу кезінде пайдаланады.  
Бастапқы білім: Оқушылар 8 сынып бағдарламасынан ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Төрт шумақ өлең жолдары. Балалар сабақты өзімізді реттеуден бастайық. Тақтадағы өлең шумақтарын бірге оқып бір-бірімізге арнайық. Қуанамын мен де Қуанасын сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге. Шаттық шеңберін құрап бір-біріне тілек айтады Сабақты мынадай сөздермен бастағым келіп тұр. «Өз тарихын білмеген халық өзін де сыйламайды» Топтарға бөлу: «Қағаз қиындылары» Бірнеше суретті араластырып оқушыларға тандатамын. Оқушылар қағаз қиындыларын біріктіріп сурет құрастыру керек. Сол арқылы топқа бөлеміз. Топқа бөлінген соң топ басшысын сайлаймыз. Топ басшысына бағалау парақшасы беріледі. Жасалған әр жұмысты бағалап отырады (ең жоғары бал 5 тен аспауы керек)  

Сабақтың ортасы

Оқушыларға төмендегідей цитатаны ұсынамын. Цитатаның төңірегінде сыныптық талқылау ұйымдастырамын …Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. С.Сейфуллин • цитатада кім туралы айтылады? • цитата қандай ақпарат береді? • цитатаның құндылығы неде? Зерттеу сұрақтарымен таныстырылады. Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы қандай? АКТны пайдалану. 5 минуттық бейне сюжет көрсетемін  

Сабақтың соңы

Қара жорға 2-тапсырма: Берілген ақпараттарды қолданып, А. Байтұрсынов – «ұлт ұстазы» екендігін «ПТМС» әдісі арқылы дәлелдеңіздер. • Позиция (біз солай санаймыз,....) • Түсіндіру (....себебі...) • Мысал (біз мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламыз....) • Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймыз....) Бағалау: топта ең үздік жұмыс таңдап алынады, сынып алдына шығып оқиды.Оқушылар «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс береді. Оқулықпен жұмыс Постер қорғау 1 топ: 2 топ: Қалпақ ойыны: Шарты: «сары қалпақтағылар»: «Синквейн» әдәсі бойынша 4 жолды өлең шығарады «Жасыл қалпақ» эссе жазу  

Рефлексия

Бағалау Үй тапсырмасы: Тұлғаға хат жазу Рефлексия «Бес бармақ» әдісі 1 саусақ: бүгінгі сабақтағы ең құнды мәселе 2 саусақ: Мен топта қалай жұмыс жасадым 3 саусақ: мен бүгін қандай білім алдым 4 саусақ: Сабақ маған ұнады ма, неліктен? 5 саусақ мен сабақта өзімді қалай сезіндім Топ басшыларынан бағалау парақшаларын алу.          

Файлдар:

Файлды ару Ахмет Байтұрсынов - “ұлт ұстазы»

Пікірлер(0)