Ауа неден құралады?
Ауа неден құралады?
| Ауа неден құралады? | Ауаның құрамы туралы түсінік алады; Оттың жануына ауаның әсерін түсінеді. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Ауа неден құралады? (13.12.2018ж) |
Ұйымдастыру. -Балалар, қазір біз осы доп арқылы бір-бірімізге лақтыру арқылы, бүгінгі сабаққа тілектер білдіреміз. Ал, бастайық. -Жарайсыңдар. Топқа бөлу.• «Жер», «Су», «Күн» суреттерін таңдаңдар. Бұлар бізді қоршап тұрған,адам өміріндегі тіршілік көздері болып табылады. Сендер суреттерге байланысты топтарға бөлініп отырыңдар. Топтық ережені айту • 1- топ «Оттегі» • 2- топ «Азот» • 3- топ «Көмірқышқыл газ» Заттар мен денелер 1. Кестені толтыр. денезат балға Жұмбақ жасыру. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не ? • -Ауа. • -Жаңағы допты мен сендерге лақтырғанда нені байқадыңдар? • -Ауада доп ұшты, серпілді. - Ауа туралы не білесіңдер? Білем Білгім келедіБілдім -Топтастыру. Ауа туралы не білеміз? - Ауа қандай күйде болады? Айырмашылығын тап Екі ғаламшардың суретін салыстыру. - Ғаламшарлар неге әртүрлі? - Жер бетінде неліктен тіршілік бар деп ойлайсың? - Балалардың қайсысы Марсқа ұшуға дайын деп ойлайсың? Өз ойыңды түсіндір. Ауа құрамы. Ауа құрамының диаграммасын көрсету арқылы ауаның құрамындағы заттармен таныстыру. - Ауа құрамында не көп? - Ауадағы оттек қайдан пайда болады? - Дем шығарғанда қандай газ бөлінеді? - Ауадағы басқа да газдар қалай пайда болады? От пен ауа. - От пен ауаның қандай байланысы бар? - От жақсы жану үшін не істейді? - Қандай от жақсы жанады? Зертте. Эксперимент жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Оттың жануына ауа қажет деген болжамды дәлелдеу. Балауыз шамдарды жағу. Екі балауыз шамның үстіне бір уақытта бір литрлік және үш литрлік құтыларды қойып, біреуін ашық қалдыру. Болжам жасау: Қай шам ұзақ жанады? От жану үдерісін бақылау. Қорытындысын жазып, зерттеушінің күнделігіне жасалған эксперименттің суретін салу. Оқушылар оттың жануы үшін ауа қажет деген қорытындыларын дәлелдейді. Оқушылар эксперимент барысында кестені ретімен толтыруды қадағалау. Эксперимент: Оттың жануына ауа қажет Қажетқұралдар Жұмыс соңында алдын-ала жасалған болжам мен эксперимент қорытындысын салыстыру, дұрыс болжам жасаған оқушыларды анықтау. Ойлан. Суреттерді көрсету. - Қай жердің ауасы таза? - Қай жерде тұрғанды қалайсың? Неліктен? - Ауа құрамын қалай өзгертуге болады?
Қосымша тапсырма. Дәптермен жұмыс 49-50 жұмыс парағы (51б,52б.) Рефлексия -Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе. Алдарыңда тұрған жасыл, сары, қызыл түсті алмалар жатыр. Сол алмалар арқылы бүгінгі сабағымызды қорытайық. Жасыл алма – маған сабақ түсінікті, сабақ маған ұнады. Сары алма – мен ауаның құрамын табуда қиналамын. Қызыл алма - маған сабақ түсініксіз. |
Кесте Суреттер Жұмбақ Сызба слайд Топтастыру А3 слайд слайд 101 номер Қажетті құралдар: үш балауыз шам тәрелкелер, бір литрлік және үш литрлік құтылар. Кесте слайд суреттер Дәптер |


Пікірлер(0)