Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл күнделігі"
Қазақ әдебиеті
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Тарихи шындық пен көркемдік шешім
Тақырып:
Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл күнделігі"
26.03.2020
379
13
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 9.1.2.1. Әдеби шығармадағы психологизмді анықтау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: әдеби шығарманың негізгі мазмұнын оқып түсіне алады. Көпшілік оқушылар:шығарманың мазмұны туралы топта талқылап, идеялармен бөлісе алады. Кейбір оқушылар: шығарманың жанрын, жазылу стилін, тілдік ерекшеліктерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар: | Тірек сөздер: күнделік, жазба, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, әдеби мұралар. |
Бағалау критерийлері: |
- әдеби шығарманың негізгі мазмұнын оқып түсінеді.

- шығарманың мазмұны туралы топта талқылап, идеялармен бөліседі.

- шығарманың жанрын, жазылу стилін, тілдік ерекшеліктерін анықтайды.

Құндылықтарды дарыту: | Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы негізінде мәтіннің мазмұны бойынша ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулу. |
Пәнаралық байланыс: | қазақ тілі, тарих, география, этнография,

Бастапқы білім: | Ш.Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (8 мин) |

уйымдастыру кезеңі. (Сәлемдесу, түгелдеу)

Психологиялық ахуал қалыптастыру. " Мадақтау " тренингі.

Топқа бөлу: Жаңа сабақпен ұштасыра отырып, өзендердің суреті бар кеспе қағаздар тарату арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін: Аягөз өзені Лепсі өзені Шелек өзені

Ширату жаттығуы: "СӨЗЖҰМБАҚ"шешу арқылы үй тапсырмасын сұралады.

1. 1861-1964 жылдар аралығында Шоқан қай жерде өмір сүрді ? (өз ауылы Көкшетауда)

2. 1847 жылы қай жыл мезгілінде Омбыдағы кадет корпусқа оқуға түсті? (күздігүні)

3. Шыңғыстың ең үлкен ұлы кім? (Шоқан)

4. Шоқанның шын есімін кім? (Мұхамедқанапия)

5. Шоқанның өте жақсы меңгерген сабағын ата. (география)

6. Абылай өлген соң орта жүзге кім хан болды? (баласы Уәли)

7. Шоқан ғылыми- зерттеу жұмысымен неше жыл айналысы? (жеті - сегіз жыл)

8. Шоқан қандай бала болған? (зерек)

ҚБ. «Бір ауыз сөз» әдісі. (өз- өздерін бағалау)

Сабақтың ортасы (22 мин) |
Ой шақыру. «Бұрыштар» тәсілі арқылы сабақтың тақырыбын болжату. - Осы сөзжұмбақтан шыққан «Күнделік» сөзінің мағынасын кім қалай түсінеді? "Таным көкжиегі" кестесіарқылы дұрыс жауабыұсынылады. Күнделік Ыстықкөл күнделігі Күнделік дегеніміз әр күнгі оқиғаны, жай - жағдайды тізіп отыратын жазу дәптері. Ш.Уәлихановтың Ыстықкөлді зерттеп жазған күнделігі. Оқиғаның ізімен күнбе - күн жазылатындықтан нақтылық, деректілігі мен адамның өзі көрген білген нақтылы жай жағдайдан болған айрықша құнды еңбегі. "БАСТАПҚЫ ТАНЫСУ" белсенді оқылым тәсілі арқылы мәтіннің құрылымы мен мазмұнын түсіну үшін тірек сөздерді іздей отырып,Аягөзде, Лепсі мен Ақсу бойында, Шелекте бөлімшелерінің мәтіндерін3 топқа оқуға бөліп беремін. Уақытты тиімді қолдануын ескеремін. 1-тапсырма. ТЖ. «Ойлан –жұптас –бөліс » әдісі арқылы үш топқа тапсырма беремін. 1топ. "Семейден шыққанда...", "Аягөзде" бөлімшелері туралы, жолаушы психологиясы мен көңіл күйін талдайды. Шоқан жолда қандай көңіл-күйде болды? 2топ. Лепсі мен Ақсу бойында үзіндісінен Лепсі табиғатына зер салып, "Туған өлкем, қандай көркем" тақырыбында өздерің тұрған Терісаққан ауылының табиғатын көркем әңгімелеп айтып беріңдер. 3топ. Шелек жеріндегі табиғат көріністерін суреттеуде автор қандай тәсілді қолданды? Түсінгендеріңді айтып беріңдер. Дескриптор Білім алушы -Мәтіннің мазмұнын түсінеді. - Өз ойларымен топта талқылап, идеяларымен бөліседі.- Уақытты тиімді қолданады. ҚБ: «Жапондық бағалау » әдісі арқылы өзара бағалау жүргізіледі. 2-тапсырма ТЖ.«Әдеби талқы » әдісі Мәтінді талқылауға және ақпарат алмасуға тиімді әдіс арқылы үш топқа рөлдік тапсырма беріледі. Топ мүшелері қабілетіне қарай сараланған рөлдік тапсырманы өзі таңдайды. Талқылаушы: Т кестесі Ш.Уәлихановтың "Ыстықкөл күнделігі" М.Өтемісұлының шығармалары Байланыстырушы: Мәтіннің идеясын бүгінгі өмірмен байланыстырыңыз. Белгілеуші :Мәтіннен рухани құндылықтарды анықтаңыз. Салыстырушы :Шоқан ХХІ ғасырда, егер Шоқан ортамызда болса қай жерге саяхат жасар еді? Қорытындылаушы:Күнделік жазу не үшін қажет? Дескриптор Білім алушы -мәтіннің жанры мен стилін, тілдік ерекшеліктерін анықтайды. -шығарманың идеясын өмірмен байланыстырады. -мәтіннен рухани құндылықтарды анықтайды. -қазіргі уақыттағы саяхатшылар өмірімен салыстыру жасайды,сыни тұрғыдан өзіндік көзқарастарын айқындайды. -күнделік не үшін қажет екенін анықтайды. ҚБ. Өзін-өзібағалау кезеңі . «Менің тапсырмадан кейінгі әсерім» кестесі бойынша жүзеге асады. Қандай ой пайда болды? Не ұнады? Не қиын болды?

Сабақтың соңы (10 мин) |
Сабақты қорытындылау. "Ізденіс "кестесін толтыру. Шоқан әдебиетші Шоқан саяхатшы Шоқан жазушы ҚБ:Мұғалімнің мадақтауы Күнделік мазмұнын негізге алып, стиліне мән бере отырып, өздерің күнделік жазыңдар. "Рефлексия пирамидасы" әдісі 1. Еске сақтау керек маңызды бір ақпарат 2. Сіз көбірек білгіңіз келетін екі ақпарат 3. Сіз бұрыннан білетін үш ақпарат 4. Сіз үйренген төрт ақпарат

Пікірлер(0)