Қазақстан – халықаралық құқық субъектісі
Қазақстан тарихы
Сынып:
9-сынып
Бөлім:
Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)
Тақырып:
Қазақстан – халықаралық құқық субъектісі
22.04.2020
0
9
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Қазақстанның халықаралық сахнаға шығуын,оның жетістіктерін талдау; Қазақстанның ядролық қаруын жою жөніндегі бастамаларын бағалау; |
Сабақтың мақсаты: | Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға беріп, Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланыстарын талдау арқылы қорытынды жасау |
Тілдік мақсаттар: | халықаралық сахна, сыртқы саясат,транзиттік-көліктік әлеует,ядролық сынақ, "Бейбітшілік" эпицентр |
Күтілетін нәтиже: | Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға береді; Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланыстарын талдау арқылы қорытынды жасайды; |
Бағалау критерийлері: | 1.1991ж-ң екі апта ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін қанша ел танығанын біледі; 2.1991ж-ң соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін таныған елдердің санын атады; 3.ШЫҰ құрылған жылды атады; 4.»Болашақ» бағдарламасы аясында Қазақстан студенттері оқитын мемлекеттерды көрсетті; 5.Ең алғаш Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған мемлекеттерді атап көрсетті; 6.Қазақстанның сыртқы саясатта ұстанатын тұрғыларына тікелей әсер ететін географиялық, саяси факторларды белгіледі; |
Құндылықтарды дарыту: | Қазақстанның халықаралық сахнаға шығуын,оның жетістіктерін талдаудың, Қазақстанның ядролық қаруын жою жөніндегі бастамаларын бағалаудағы құндылықтарды дарыту |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | слайд-презентация, видео сабақтар |
Пәнаралық байланыс: | құқық, саясаттану, экономика негіздері |
Бастапқы білім: | ҚР-ның Конституциясы туралы біледі |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (5мин) |
Амандасу. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы шолу | оқулық; білімлэнд |
Сабақтың ортасы (20мин) |
Тәуелсіздікке қол жеткізген күндерден бастап Қазақстан халықаралық құқық субьектісі ретінде дүниежүзілік қатынастар аренасына шықты.1991ж-ң соңына дейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігің 18 ел таныды.Олардың алғашқылары Түркия,АҚШ,Қытай,Германия, Пәкістан мемлекеттері еді.Тәуелсіздіктің алғашқы жылында елімізді 108 мемлекет танып,оның 70-інің дипломатиялық өкілдері ел астанасында жұмысқа кірісті.1992 ж-ң наурыз айында БҰҰ-на мүше болып қабылданды.Нью-Иорк –тегі БҰҰ---ның зәулім ғимаратының алдындағы алаңда дүниежүзі мемлекеттерімен бірге Қазақстанның да көк жалауы желбіреп тұрды.Көптеген ұйымдарға мүше болды.Соның ішінде Қазақстанның жалпыадамзаттық қауымдастыққа енуіндегі үлкен қадамдардың бірі 1992 жылы Финляндия астанасы Хельсинкиде жасалды.8шілдеде бұрынғы Кеңес Одағы мен Югославия Федерациясынан тәуелсіздік алып шыққан бір топ мемлекеттердің басшыларымен бірге Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев қол қойды.Жер шарында бейбітшілікке қол жеткізу мұраттарын жүзеге асыруда үлкен рөл атқарып келген маңызды құжатқа қол қойған Қазақстан дүниежүзі халықтарының алдында салауатты саясат жүргізген мемлекет екендігін көрсетті.Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мәселе жақын көрші мемлекеттермен қарым-қатынас орнату.Солтүстікте Ресеймен,шығыста Қытаймен және көрші мемлекеттермен.1992ж-ң 25 мамырында Мәскеуде Ресеймен достық,ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды.Қытаймен 50 шақты келісімдер жасалды.Қазақстан этностық туыс елдермен- Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан елдерімен байланыс жасап келеді.Қазақстан Таулы Қарабақ пен Тәжікстандағы қақтығыстарды реттеуге айтарлықтай үлес қосты.Президент Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі қарулы жанжалдардың алдын алуға бағытталған Қазақстанның сыртқы істер қызметінің көрінісі болды.ҚР-ның сыртқы саясатында Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына қатысуы ерекше орын алды.1996ж 26 сәуірде Қытайдың Шанхай қаласында шекаралары шектесіп жатқан 5 мемлекет Қазақстан,Қырғыз, Қытай, Ресей,Тәжікстан бас қосты.1997ж Мәскеуде,1998ж Алматыда,1999ж Бішкекте кездесті.Бұл кездесулерде шекара мәселелері,сауда,саяси мәселелер қаралды.1999ж ҚР-ның президенті Н.Назарбаев ҚХР-сының төрағасы Цзян Цзэминмен кездесу барысында келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы шекаралық мәселелер шешімін тапты. Жалпы көлемі 1000 шаршы шақырым болатын даулы жердің 57%-ы Қазақстанға,43%-ы Қытайға жатады деп шешілді.Ашық теңізге шыға алмайтын Қазақстан үшін Каспий және оңтүстік арқылы Қара теңіз бен Жерорта теңізіне шығуы маңызды болды.Қазақстанның Түркиямен байланысы жақсы дамыды.Жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды.Түркияның қатысуымен Алматыда «Анкара» қонақ үйі салынды.Қазақстан үшін республика экономикасында айтарлықтай инвестиция беріп отырған АҚШ-тың мәдениет пен білім саласын да қол үшін берген «Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер АҚШ-тың,Францияның, Германияның оқу орындарында білімдерін жетілдіруде.Келіссөздер Қазақстанның экономикасына оң әсерін тигізуде. | оқулық; білімлэнд |
Сабақтың соңы (10мин) |
Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар: 1-тапсырма. Берілген тарихи фактілерді тәуелсіздікке дейінгі және тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдерге бөліп орналастырыңдар. Тәуелсіздікке дейін Тәуелсіздіктен кейін 1. Бүгінгі таңда Қазақстанды 113 мемлекет танып, 105 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. 2. Қазақстанның шет елдермен, әсіресе бейбiтшiлiк сүйгiш саясат ұстанып отырған, отарлық бұғаудан азат Шығыс елдерi – Үндiстан, Индонезия, Бирма (қазiргi Мьянма), Непал және ҚХР-мен байланыстары жақсара түстi. 3. ХХ ғасырдың 90-жылдары Қазақстан алғаш рет әлемнің ең беделді деген халықаралық құрылымдарымен байланыс орната бастады және бүгінгі күні қатынастар кеңеюде. 4. Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикалық қуаты оның 50-жылдардың екiншi жартысында шетелдiк әріптестерімен сыртқы сауданы жандандыруына мүмкiндiк бердi. 5. Дүниежүзi бұрынғыша бiрнеше топқа бөлiндi. Мұндай бөлінудегі басым бағыт – КСРО мен АҚШ-тың, олардың одақтастарының бiр-бiрiне қарама-қарсы тұруы болды. 6. 1994 жылы Қазақстан интеграциялық үрдістерді белсенді жүргізу мақсатымен Өзбекстан және Қырғызстанмен Ортақ экономикалық кеңістік құрды, оның негізінде «Орта Азиялық Бірлестік» пайда болды. | оқулық; білімлэнд |
Рефлексия (5мин) |
Қоштасу. Үй тапсырмасын беру: Оқулықтағы § 42-43 оқу. БҰҰ, ЮНЕСКО және 1975 жылғы Хельсинки Кеңесі туралы қысқаша хабарлама дайындау. | оқулық; білімлэнд |
Пікірлер(0)