Аралас сандарды қосу және азайту.
Аралас сандарды қосу және азайту.
| Оқу мақсаттары | 5.1.1.1 натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру; 5.1.1.11 аралас сан анықтамасын білу; 5.1.2.13 бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру; 5.1.2.20 аралас сандарды қосу және азайтуды орындау; |
| Сабақ мақсаттары | Аралас сандарды ажырата алады; Аралас санды бұрыс бөлшекке және керісінше, бұрыс бөлшекті аралас санға келтіреді; Аралас сандарды қосуды және азайтуды біледі. |
| Бағалау критерийлері | Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырады; Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады; Аралас сандарды қосудың және азайтудың ережелерін қолданады; Натурал санға аралас санды қосуды біледі; Натурал саннан аралас санды азайтуды біледі. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5 минут) |
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы байланысы арқылы шолу сұрақтары қойылады: -Жай бөлшек дегеніміз не? -Бөлшектің алымы дегеніміз не? -Бөлшектің бөлімі дегеніміз не? -Жай бөлшектерді қалай азайтамыз? -Жай бөлшектерді қалай қосамыз? -Ең кіші ортақ бөлім дегеніміз не? -Бұрыс бөлшек дегеніміз не? -Дұрыс бөлшек дегеніміз не? Үйге берілген тапсырма "Жұптасу"әдісі арқылы мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар көршілерін сол жауаптармен сәйкестендіреді. |
|
|
Сабақтың ортасы (25 минут) |
Жаңа білім меңгерту. Анықтама: Егер, жай бөлшек түрінде жазылса, онда бұл бөлшекті аралас сан деп атайды, мұндағы: a – бөлшектің бүтін бөлігі, b – бөлшектің алымы, c – бөлшектің алымы. Бұрыс бөлшекті аралас санға келтіру үшін, алымындағы санды бөліміндегі санға бөліп, бүтін бөлігін ажыратып, түрде жазамыз. Топпен жұмыс. 4-ке саналу арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ мұғалімнің дайындап берген материалы бойынша өз постерлерін рәсімдеп, топпен өздерінің жұмыстарын басқа топтарға түсіндіреді, қалған топтардан сұрақтар болса жауап береді. Анықтама: Егер, жай бөлшек түрінде жазылса, онда бұл бөлшекті аралас сан деп атайды, мұндағы: a – бөлшектің бүтін бөлігі, b – бөлшектің алымы, c – бөлшектің алымы. Бұрыс бөлшекті аралас санға келтіру үшін, алымындағы санды бөліміндегі санға бөліп, бүтін бөлігін ажыратып, түрде жазамыз. І топ. Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу. Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу үшін: 1) олардың бүтін бөліктерінің қосындысын, бөлшек бөліктерінің қосындысын табу керек; 2) бүтін бөліктерінің қосындысы мен бөлшек бөліктерінің қосындысын аралас сан түрінде жазу керек. ІІ топ. Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін: 1) аралас сандардың бөлшек бөлімдерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек; 2) бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу керек. ІІІ топ. Натурал сан мен аралас санды қосу. Натурал сан мен аралас санды қосқанда, натурал сан оның бүтін бөлігіне қосылып, қосындыға бөлшек бөлік тіркеліп жазылады. Натурал саннан аралас санды азайту. Натурал саннан аралас санды азайту үшін, натурал санды аралас сан түрінде жазу керек. ІV топ. Бөлшекке аралас санды қосу. Жай бөлшекке аралас санды қосу үшін: 1)Оларды ортақ бөлімге келтіру керек; 2)Бөлшек бөліктерін өзара қосып, бүтін бөлікке тіркеп жазу керек. Сергіту сәті: «Күннің шуағы». А4 форматты қағазды төбелеріне қойып, мұғалімнің нұсқаулығымен: дөңгелек, оның шеттеріне 10 үшбұрыш, ішіне 2 кішкене дөңгелек, 1 жарты шеңбер 1 кесінді салуға тырысады, сонда шуағын шашып, күліп тұрған күннің суреті салынады. Жақсы көңіл-күймен сабақты жалғастырады. |
|
|
Сабақтың соңы (10 минут) |
Оқушылар сабақ соңында өз ой толғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Аяқталмаған сөйлемдер» бойынша рефлексия жасайды: Бүгінгі сабақта мен: ................................................. үйрендім. Бұған дейін мен: ...................................................... білуші едім. Топпен жұмыс жасау кезінде: .....................................түсіндім. Бүгінгі тақырып бойынша: .............................. түсініксіз болды. Үй тапсырмаларын орындауға бағыттау:Үйге тапсырма: №25 Амалдарды орындаңыз: |
Пікірлер(0)