Тіл туралы не білеміз?

Маханалина Багдагул Разакбергеновна
Маханалина Багдагул Разакбергеновна
Ақтөбе
Бөгетсай
Бугетсайская школа-гимназия
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Тіл және қарым-қатынас
Тақырып:

Тіл туралы не білеміз?

25.12.2019
71
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Мәтін, жанр.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу: Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда бақыт,қуаныш,шаттық деген сөздер болу керек. Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру 

«Сурете байланысты тілек» тренинг

Оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.


Сабақтың ортасы

(25 минут)

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Стикердегі диалог» әдісі

(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)

Топтарға тапсырма:

1-топ: бақыт

Тіл туралы не білеміз?

2-топ: қуаныш

Мәтін дегеніміз не?

3-топ: шаттық

Мәтін құрастыр


Қолдану

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Ортақ тапсырма: «Пікірлер» парағы әдісі

1-сұрақ. Мәтіннің қандай түрлері болады?

2-сұрақ. Мәтін не үшін қажет?

1-топ: бақыт

Жауабын жазады.

2-топ: қуаныш

Тексеріп, қосымша мәліметтер қосады.

3-топ: шаттық

Ұсыныс жазады.


Талдау

«Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сабақтың соңы

(10 минут)

Синтез «Карточкадағы терминдер» әдісі

Тіл, мәтін, сипаттау, пайымдау, әңгімелеу.

Тапсырма: Сыныпты аралап жүріп, осы термиді өзге топтардағы оқушыларға түсіндіріп береді.


Кері байланыс: Бағалау парақшасы арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Пікірлер(0)