Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру

ЕРДАЛЫ САЛТАНАТ БЕРІКҚЫЗЫ
ЕРДАЛЫ САЛТАНАТ БЕРІКҚЫЗЫ
Математика
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып:

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру

09.12.2020
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 5.1.2.16. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; жай бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру;
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: 1. Жай бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін табады. 2. Толықтауыш көбейткішті таба алады. 3. Бөлімдері бірдей, алымдары бірдей бөлшектерді салыстыра алады. Оқушылардың басым бөлігі: 1.Бірнеше бөлшекті ең кіші ортақ бөлімге келтіреді. 2.Бөлімдері де, алымдары да әр түрлі бөлшектерді салыстырады; Кейбір оқушылар: 1.Аралас сандарды ең кіші ортақ бөлімге келтіреді. 2.Бөлімдері бірдей, алымдары бірдей, бөлімдеріде алымдарыда әр түрлі бөлшектерді және аралас сандарды салыстырады.
Тілдік мақсаттар:
-ортақ бөлім

- ең кіші ортақ бөлім; -

толықтауыш көбейткіш;

- Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру.

- жай бөлшек, аралас сан, бөлімдері бірдей бөлшек, бөлімдері әр түрлі бөлшек;

- алымдары бірдей бөлшектерді салыстыру және аралас сандарды салыстыру теңсіздігін дұрыс оқып, дұрыс сөйлеп үйренеді.

Күтілетін нәтиже: Бөлімдері бірдей, алымдары бірдей, бөлімдеріде алымдарыда әр түрлі бөлшектерді және аралас сандарды салыстырады. Жай бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігін табады
Құндылықтарды дарыту: Сиқырлы таяқша» ойыны арқылы оқушылар өткен тақырыпты еске түсіре отырып білімін жетілдіреді, сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланады. «Диалог түзу» ойыны арқылы жақсы қарым-қатынас орнайды ; тақырыпты меңгеру дағдысы қалыптасады; дұрыс сөйлеп үйренеді: 8/51>5/43 қырық үштен бес бөлшегі елу бірден сегіз бөлшегінен кіші. (қырық үштен бес кіші елу бірде сегізден)
Пәнаралық байланыс: Әдебиет және бейнелеу
Бастапқы білім: - Жай бөлшектерді оқу және жазу; - дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату; - аралас сан анықтамасын білу; - бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру; - жай бөлшектерді, аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндей білуі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын қадағалау. «Ұқсастықты тап» ойыны арқылы жағымды психологиялық ахуал орнату; «Бағдаршам» ойыны арқылы, сабаққа қызығушылығын ояту. (Дұрыс-жасыл, қате-қызыл, білмесе-сары) Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті қайталау Тапсырмалар: 1.Сандарды оқыңдар: 8/51;8/7; 45/19 2.қайсысы дұрыс қайсысы бұрыс бөлшек: 11/63;25/24; 3. бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыр: 12/10; 4.аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр: 5 1/7; 5.Жай бөлшектерді, аралас сандарды координаталық сәуледе кескінде: 1/2; 2 4/7; Дескриптор: -Жай сандарды ,дұрыс бөлшек,бұрыс бөлшекті дұрыс оқиды. - бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыра алады. - аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыра алады. - жай бөлшектерді, аралас сандарды координаталық сәуледе - кескіндей алады.     Суреттер Түрлі-түсті парақшалар

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс (1,2,3,4 деп санау арқылы топқа бөлемін) І-топ 1.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай салыстырамыз? 2.Алымдары бірдей бөлшектерді қалай салыстырамыз? ІІ-топ 1.Бөлімдері де, алымдары да әр түрлі бөлшектерді қалай салыстырамыз? ІІІ-топ Аралас сандарды қалай салыстырамыз? Осы тапсырмаларды топтарға бөліп таратып беремін, топтар презентация арқылы өздеріне тиісті тақырыпты қорғап шығады. (мысалдар келтіре отырып) Деңгейлік тапсырмалар: І-топ. А) Бөлшектерді салыстыр 2/5 және 3/5 Б) 5/6 және 3/8 бөлшектерді салыстыр. Дискриптор: А) Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысының алымы үлкенін айтады. Б) салыстырмалы бөлшектерді ЕКОБ келтіріп, бөлшектерін теңестіру керектігін біледі, бөлімдері бірдей бөлшекті салыстырады. ІІ-топ. Тапсырма. 3/8 және 5/8 бөлшектерін координаталық сәуледе кескінде Дискриптор: координаталық сәуле бойында үлкен бөлшек оң жақта кескінделетінін айтады. ІІІ-топ. Тапсырма: 1) 3/8 және 5/8 бөлшектерін салыстыр 2) 2 5/7 және 3 1/7 аралас сандарын салыстырыңдар. Дискриптор: 1) Алымдары бірдей бөлшектердің қайсысының бөлімі кіші болса, сол бөлшек үлкен болатынын айтады. 2) Аралас сандардың алдымен бүтін бөлігін салыстыру керек екенін, қай бөлшектің бүтін бөлігі үлкен болса, сол арқылы сан үлкен болатынын айтады. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы Диалог түзу ойыны Тапсырма:Мұғалім бөлшекті атайды, бірінші оқушы одан кем бөлшекті, екінші оқушы оданда кем бөлшекті, үшінші оқушы оданда кем бөлшекті атайды т.с.с. атайды, одан кішісі жоқ бөлшекті атаған оқушы жеңеді. Қарқын тәсілі «Сиқырлы таяқша» ойыны тапсырма №963есеп

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма № «+» , «-», «қызықты» әдісі «+» нені үйренгенін жазады «-» не нарсе түсінбегенін жазады «қызықты» ерекше есінде қалған мәліметті жазады. Бір минуттық эссе

Пікірлер(0)