Тура және кері ретпен санау

Кажияхметова Бикен Темиртасовна
Кажияхметова Бикен Темиртасовна
Ақмола
Бестобе
СШ № 1 п.Бестобе
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Сандар және цифрлар
Тақырып:

Тура және кері ретпен санау

25.12.2019
369
PDF жүктеу WORD жүктеу
Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну, 10 көлемінде тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

Көптеген оқушылар: 10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын басқаларға түсіндіру, сурет пен сандарды сәйкестендіру.

Кейбір оқушылар: өздігінен сандардың көршілерін тауып жазу.  

Жетістіктер критерийлері

10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіреді.

10 көлемінде тура және кері бағытта санайды. Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.  

Тілдік мақсаты

Тілдік мақсат: сөйлеу барысында реттік сан есімдерді пайдалану, сұрақтар қою.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:

Тура ретпен санау

Кері ретпен санау

Диологпен жазуға пайдалы сөз тіркестері:

4-тен бастап, 10-ға дейін сана

8-ден бастап, 1-ге дейін сана.  

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың тапсырманы орындауға дағдыландыру.

Алдыңғы меңгерілген білім

1-ден 10-ға дейінгі сандардың таңбасын таниды.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

(Т) «Арқаға жазылған сан» Топтағы оқушылар дөңгеленіп шеңбер құрады да, кезек-кезек жүргізуші бастаған санды жазып шығады, соңғы оқушы оның қандай сан екенін айтады. 

 Сабақтың мақсатымен таныстыру:

Натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау  

(С) 1-ден 10-ға дейін тура ретпен сана:

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

10-нан 1-ге дейін кері ретпен сана:

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.

Сабақ ортасы

( Ұ) «Ойлан тап» Оқушыларды екі қатарға тұрады. Бірінші қатар солдан оңға қарай санайды, екінші қатар оннан солға санайды.

Не байқадыңдар?

Қандай өзгеріс болды?  

(Ө) «Іздер». Сандар жазылған қағазға оқушылар өз аяқтарының таңбасын (іздерін) жасап сынып ішіне орналыстырады, қиып алады. Сол сандар бойынша жүрулерін сұраймын. Түсіп қалған сандарды оқушылар айтып отыру керек. Қандай сандар түсіп қалды?  

(Ө.қ) 1-тапсырма

Сурет бойынша 3 санының құрылу жолын түсіндіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы - 3 санының құрылу жолын түсіндіреді.  


Оқулық 39 бет




Сандар жазылған қағаз, аяқ іздері, қайшы

Сабақ ортасы

2-тапсырма Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз.  


5e0350c599c38.png

10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазыңыз:

Дескриптор: Білім алушы - Гүлдерді өсу ретімен санай отырып, сәйкес санмен байланыстырады; 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады.

3-тапсырма 3 санынан кейінгі санды жазыңыз: 8 санының алдында тұратын санды жазыңыз: Дескриптор: Білім алушы

- 3 санынан кейінгі санды жазады;

8 санының алдындағы санды жазады.  

 (Ұ) «Орындап көр». 1, 2 топ 4-тен бастап, 10-ға дейін сандардың моделін құраңыздар. 3, 4 топ 8-ден бастап, 1-ге дейін сандардың моделін құраңыздар.  

  ҚБ жинақ 8 бет   

Сабақтың соңы

(Т) «Калейдоскоп» Оқушылар ортаға шығады. Әр оқушыға 1-ден 10-ға дейін жазылған сандар таратылып беріледі. 1-ден 10-ға дейін тура ретпен тұрыңыздар. 10-нан 1-ге дейін кері ретпен тұрыңыздар. Жұп сандар бір бөлек, тақ сандар бір бөлек тұрыңыздар. Бір таңбалы сандар бір бөлек, екі таңбалы сандар бір бөлек тұрыңыздар.  


Бағалау:

(С) «Көңіл күй букеті» Плакатқа салынған вазаның суретіне әр оқушы сабақта алған білімдері бойынша аттары жазылған гүлдерді орналастырады.

Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.

Сары түс – барлығы түсінікті емес.

Жасыл түс – барлығы жақсы.  

Ваза, гүлдер

Файлдар:

Файлды ару Тура және кері ретпен санау

Пікірлер(0)