Санды теңсіздіктер
Математика
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері
Тақырып:
Санды теңсіздіктер
02.02.2022
0
5
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6.2.2.5 тура санды теңсіздіктер анықтамасын білу және қолдану; 6.2.2.6 санды теңсіздіктердің анықтамасын пайдаланып сандарды салыстыра білу. Екі теңсіздіктен қос теңсіздік құра алу; |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: Тура санды теңсіздіктерді ажырата біледі, координаталық түзуде нүктелердің координаталарын салыстыра біледі.

Көпшілік оқушылар үшін: Санды теңсіздіктердің анықтамасын пайдаланып сандарды салыстыра алады. Екі теңсіздіктен қос теңсіздік құра алады

Кейбір оқушылар үшін: Тура санды теңсіздікке түсінік қалыптасады. Теңсіздіктің тура болатынын дәлелдеу қалыптасады

Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар:

- санды теңсіздіктердің анықтамасын тұжырымдайды;

Бөлім бойынша лексика және терминология:

- теңсіздік;

- қатаң теңсіздік;

- қатаң емес теңсіздік;

Күтілетін нәтиже: | Тура санды теңсіздіктерді ажырата білу, координаталық түзуде нүктелердің координаталарын салыстыра білу. |
Бағалау критерийлері: |

Бағалау критерийлері Оқушының тегі,аты Үй тапсыр масы Ауызша есеп сұрақтар Қызығушылықты ояту Жұптық жұмыс А деңгей Топтық Жұмыс В деңгей Жеке жұмыс С деңгей Пысықтау сұрақтары Қоры тын ды ұпай 1 1 1 1 1+1+1+1 1 1

Құндылықтарды дарыту: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

Пәнаралық байланыс: | геометрия |
Бастапқы білім: | Шамаларды салыстыра алу; теңдеулерді шешу дағдылары; сандық түзумен жұмыс жасау дағдылары. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (4.02.2022) |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 3. Ауызша есеп сұрақтар 4. Қызығушылықты ояту 5. Оқулықпен жұмыс 6. Пысықтау сұрақтары 7. Қорытындылау Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. Психологиялық ахуал тудыру. Бір, екі, үш, Сыныптың іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз. Сабақты біз бастаймыз. Сабақты бастамас бұрын өткен сабақты пысықтау cұрақтары қойылады. «Не білемін?» Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады? Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады? Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің неше түбірі болуы мүмкін? Т е ң д е у д і ш е ш і ң д е р (ауызша) 1) х + 3,5 = 5; 2) х - 0,5 = 1,5; 3) 3,2 х + 1,3 = 4,5;. 1) 2; 2) 1,5; 3) 1; Қызығушылықты ояту: Салыстырылатын екі санның біреуі екіншісінен үлкен немесе кіші екенін анықтау үшін, берілген екі санның айырмасына қарап, қорытынды жасаңдар: 1) 6 а сыныпта 15 оқушы 6 ә сыныпта 12 оқушы 15 – 12 = 3; 3 > 0 – оң сан, онда 15 >12; а – в > 0 болса а * в болады 2) 6 а сыныпта 15 оқушы 5 а сыныпта 22 оқушы 15 – 22 = -7; -7< 0 – теріс сан, онда 15< 22; а – в < 0 болса а * в болады 15 >12 12 < 15 12 < 15 < 22 қос теңсіздік 15< 22 15< 22 | Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Мектеп» 2018. Қосымша 1 |
Сабақтың ортасы (Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады Сергіту сәті: «Координаталық түзуге тұру» ойыны.) |
Оқулық бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау. А деңгейі Жұптық жұмыс №850 Мына теңсіздіктердің ішінен тура теңсіздіктерді теріп жазыңдар: 5,6> 4,3 -9,7> 6,5 0,9< 1 0,1 > 0 №851.Координаталық түзуде А, В және С нүктелері берілген. 1. А нүктесінің координатасы мен В нүктесінің координатасын; 2. В нүктесінің координатасы мен С нүктесінің координатасын салыстырып , теңсіздік түрінде жазыңдар. В деңгейі Топтық жұмыс «Математикалық эстафета» жарысы ұйымдастырылады. Топтарға бірдей тапсырмалар беріліп, орындарынан тез орындауға талпынады, яғни оқушылардың есеп шығару шапшандығын байқау. Қай топ бірінші болса, сол топ жеңіске жетеді. №858 1 топ 2) х – 3; х – 4 2 топ 4) х – 5; х – 7. № 856. Санды теңсіздіктерді салыстырып, жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгілерін қойыңдар: 1 – топ 2 – топ 4) - 2,5 * - 2,3; 6) -0,3 * 0. № 857 Мына теңсіздіктерді қос теңсіздік түрінде жаз 1 топ 1. 7 <15 және 15 <20; 7 < 15 < 20. 2 топ 2. 0,8>0,3 және 0,8 <1; 0,3 < 0,8 < 1. №859 a және b сандарының айырмасы бойынша a және b сандарын салыстырыңдар. 1. а – b = –3; a * b 2. а – b = 2/7 ; a * b 3. а – b = 0; a * b 4. a – b = –0,5; a * b 5. b – a = 1; b * a 6. b – a = –0,99; b * a . | ДК экраны 6-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. |
Сабақтың соңы (Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.) |
С деңгейі Жеке жұмыс «Математикалық диктант» № 866 Мына өрнектердің мәндерін салыстырып, теңсіздік(<,>) белгілерімен жазыңдар: 1) х + 0.5 және х - ( - 0,3 ); 3) n : ( - 7 ) және n : 7; 4) (–n) : (- 3 ) және n : (- 3). Пысықтау сұрақтары: Санды теңсіздік деген не? a және b сандарының қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін қалай білеміз? Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді? Қатаң, қатаң емес теңсіздіктер деп қандай теңсіздіктерді атайды? Сабақты қорытындылау. Бағалау Үйге тапсырма: №867. | Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, |
Рефлексия («Пантомима» .) |
Қолдарын жоғары көтерсе – сабақ жақсы өтті, Басы төмен - қанағаттанған жоқ, Беттерін қолымен жауып алса – ұнамады. | Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Санды теңсіздіктер (02.02.2022) |
6.2.2.5 тура санды теңсіздіктер анықтамасын білу және қолдану; 6.2.2.6 санды теңсіздіктердің анықтамасын пайдаланып сандарды салыстыра білу. Екі теңсіздіктен қос теңсіздік құра алу; | Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, |
Пікірлер(0)