Тақырып 3. Академиялық жазылымдағы функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері

Аманғазықызы Мөлдір
Аманғазықызы Мөлдір
XXI ғасыр дағдылары
Сынып:
Digital Marketing
Бөлім:
Digital Marketing
Тақырып:

Тақырып 3. Академиялық жазылымдағы функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері

01.11.2024
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): "Академиялық жазылым" ашық онлайн курсы мектеп оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне, бакалавриат студенттеріне, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ жалпы білім беру және ғылым саласы қызметкерлеріне арналған.
Сабақтың мақсаты: Академиялық жазылымдағы функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері туралы түсінік қалыптастыру және әртүрлі мәтін түрлерін (сипаттау, баяндау, пайымдау) құрылымдауға үйрету.
Тілдік мақсаттар: академиялық жазылымның негізгі жанрларын атай алады; функционалды-мағыналық сөйлеу түрлерінің типтік грамматикалық құралдарын анықтай алады; әртүрлі мәтін түрлерінің (сипаттау, баяндау, пайымдау) құрылымдық ерекшеліктерін талдайды және мысалдар келтіреді.
Күтілетін нәтиже: функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері туралы білімін жетілдіреді; әртүрлі мәтін түрлерін талдайды және олардың құрылымдық элементтерін анықтайды; академиялық жазылымда функционалды-мағыналық сөйлеу түрлерін тиімді қолдану дағдыларын дамытады.
Бағалау критерийлері: Әр тақырыптан кейін білім алушыларға тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар қойылады.
Құндылықтарды дарыту: Ақиқатты тану, ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Білім алушылар sozdik.kz, termincom.kz, emle.kz электрондық базаларын қолданады.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

((2 мин))

Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

((35 мин))

Тақырып 3. Академиялық жазылымдағы функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері. Жоспар: 1. Мәтін түрлері. 2. Академиялық жазба тіл. https://youtu.be/GB3Dz-Z6Fys?si=0rG1QDINxORnMbzv

Сабақтың соңы

((2 мин))

Дәрісті бекітуге арналған сұрақтар: 1. Функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері дегеніміз не? 2. Сипаттау мәтінінің негізгі мақсаты қандай және ол қалай құрылымдалады? 3. Баяндау мәтінінің негізгі ерекшеліктері қандай және ол қалай жүйеленеді? 4. Пайымдау мәтінінде қандай құрылымдық элементтер кездеседі және олардың рөлі қандай? 5. Диссертация мен монография сияқты ғылыми жұмыстарда функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері қалай модификацияланады? 6. Академиялық жазылымның қандай жанрларында функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері кеңінен қолданылады? 7. Академиялық жазба тілінің негізгі ерекшеліктері қандай және ғылыми еңбек авторының назардан тыс қалуының себебі неде? 8. Бірінші және екінші типтегі мәтіндерге тән ерекшеліктерді сипаттаңыз. Білім алушылар тақырып бойынша алған білімдерін қолданып жауап береді.

Рефлексия

((1 мин))

Үй тапсырмасы. Академиялық жазылымдағы функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері.

Файлдар:

Файлды ару Тақырып 3. Академиялық жазылымдағы функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері
Файлды ару №3 бейнедәріске сілтеме

Пікірлер(0)