Тақырып 5. Академиялық мәтіндегі кросс-мәдени айырмашылықтар

Аманғазықызы Мөлдір
Аманғазықызы Мөлдір
XXI ғасыр дағдылары
Сынып:
Digital Marketing
Бөлім:
Digital Marketing
Тақырып:

Тақырып 5. Академиялық мәтіндегі кросс-мәдени айырмашылықтар

01.11.2024
0
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): "Академиялық жазылым" ашық онлайн курсы мектеп оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне, бакалавриат студенттеріне, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ жалпы білім беру және ғылым саласы қызметкерлеріне арналған.
Сабақтың мақсаты: Академиялық мәтіндегі кросс-мәдени айырмашылықтармен таныстыру, академиялық конвенцияларды түсіну және әртүрлі мәдениеттердегі жазылым дәстүрлерін салыстыру дағдыларын дамыту.
Тілдік мақсаттар: академиялық конвенцияларды түсініп, оларды сипаттай алады; әртүрлі мәдениеттердің академиялық мәтіндеріндегі құрылымдық ерекшеліктерін талдай алады; ағылшын-американдық және континенттік жазу дәстүрлерінің айырмашылықтарын анықтап, мысалдар келтіре алады.
Күтілетін нәтиже: академиялық мәтіндегі кросс-мәдени айырмашылықтар туралы терең түсінік қалыптастырады; әртүрлі мәдениеттердегі академиялық конвенцияларды салыстырып, олардың жазылымға әсерін анықтайды; ғылыми мәтіндерде әртүрлі мәдениеттерге тән конвенцияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамытады.
Бағалау критерийлері: Әр тақырыптан кейін білім алушыларға тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар қойылады.
Құндылықтарды дарыту: Ақиқатты тану, ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім.
АКТ-ны қолдану дағдылары: Білім алушылар sozdik.kz, termincom.kz, emle.kz электрондық базаларын қолданады.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

((2 мин))

Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

((35 мин))

Тақырып 5. Академиялық мәтіндегі кросс-мәдени айырмашылықтар. Жоспар: 1. Академиялық конвенциялар. 2. Ағылшын-американдық және континенттік дәстүр. https://youtu.be/e9xrkEdW89I?si=lUGJ2MgV9BfvPVBW

Сабақтың соңы

((2 мин))

Дәрісті бекітуге арналған сұрақтар: 1. Академиялық конвенциялар дегеніміз не? 2. Роберт Капланның 1966 жылы жарық көрген «Мәдениетаралық білім берудегі ой-танымның мәдени үлгілері» мақаласының мәні неде? 3. Қай тілдерге «желілік», «параллельдік», «айналмалы» және «дигрессивті» құрылымдар тән? 4. Лингвист Р. Капланның ғылыми еңбегі не себепті сынға ұшырады? 5. Контрасттық риторика дегеніміз не және оның зерттеу саласындағы маңызы қандай? 6. Ғылыми әлемде қалыптасқан академиялық жазу дәстүрлерінің басым бағыттары қандай? 7. Ағылшын тілінің халықаралық ғылыми коммуникацияда басым тіл болып саналу себебі неде? 8. Ғылымның табиғаты туралы ағылшын-американдық және континенттік дәстүрлердің түсініктері қандай? 9. Еуропалық континенттік дәстүрдегі ғылыми зерттеулер мен академиялық жазуға қандай философтардың еңбектері әсер етті және олардың мәтіндік формаларының ерекшелігі неде? 10. Ағылшын-американ дәстүрінің негізгі қағидаларына не жатады? Білім алушылар тақырып бойынша алған білімдерін қолданып жауап береді.

Рефлексия

((1 мин))

Үй тапсырмасы. Академиялық мәтіндегі кросс-мәдени айырмашылықтар.

Файлдар:

Файлды ару Тақырып 5. Академиялық мәтіндегі кросс-мәдени айырмашылықтар
Файлды ару №5 бейнедәріске сілтеме

Пікірлер(0)