Тақырып 10. Академиялық мәтінді жазудағы ойлау типтері
Тақырып 10. Академиялық мәтінді жазудағы ойлау типтері
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | "Академиялық жазылым" ашық онлайн курсы мектеп оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне, бакалавриат студенттеріне, гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ жалпы білім беру және ғылым саласы қызметкерлеріне арналған. |
Сабақтың мақсаты: | Академиялық жазылымдағы әдіснамалық, сыни және диалогтік-эвристикалық ойлау типтерін түсіндіріп, зерттеу жұмыстарында оларды тиімді қолдануға үйрету. |
Тілдік мақсаттар: | әдіснамалық ойлау мен оның ғылымдар интеграциясындағы рөлін сипаттай алады; диалогтік-эвристикалық ойлаудың негізгі ұстанымдарын түсіндіріп, оны зерттеу барысында қолданудың маңыздылығын талдайды; сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін зерттеу процесінде қолдана отырып, ақпаратты талдайды және бағалайды. |
Күтілетін нәтиже: | зерттеу жұмыстарында әдіснамалық, сыни және диалогтік-эвристикалық ойлау типтерін қолдана алады; өздерінің ғылыми тұжырымдарын сыни тұрғыдан талдап, дәлелдеу дағдыларын дамытады; диалог пен эвристикалық ойлау арқылы мәселелерді жаңа қырынан қарастырып, шығармашылық шешімдер таба алады. |
Бағалау критерийлері: | Әр тақырыптан кейін білім алушыларға тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар қойылады. |
Құндылықтарды дарыту: | Ақиқатты тану, ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Білім алушылар sozdik.kz, termincom.kz, emle.kz электрондық базаларын қолданады. |
Пәнаралық байланыс: | Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (2 мин.) |
Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау. |
|
Сабақтың ортасы (35 мин.) |
Тақырып 10. Академиялық мәтінді жазудағы ойлау типтері. Жоспар: 1. Әдіснамалық ойлау және оның ғылымдар интеграциясындағы рөлі. 2. Мәтінмен жұмыс және мәтін жазу барысында білім алушының диалогтік-эвристикалық ойлауы. |
https://youtu.be/Q20k2K8ill0 |
Сабақтың соңы (2 мин.) |
Дәрісті бекітуге арналған сұрақтар: 1. Әдіснамалық ойлау дегеніміз не және ол ғылымдар интеграциясында қандай рөл атқарады? 2. Зерттеуші Д.К. Максвеллдің ғылыми метафоралар туралы пікірінің ғылыми әдіснамалық маңызы неде? 3. Сыни тұрғыдан ойлаудың зерттеу үдерісіндегі маңыздылығы неде және оны қалай дамытуға болады? 4. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда қандай кедергілер кездеседі? 5. Диалогтік-эвристикалық ойлаудың негізгі ұстанымдары қандай? 6. Оқу диалогы субъектінің эвристикалық ойлау әдістерін дамытуда қандай рөл атқарады? 7. Эвристикалық ойлауды дамыту үшін қандай психологиялық шарттар орындалуы тиіс? 8. Эвристикалық ойлауды ынталандыру үшін қандай тапсырмалар қолданылуы мүмкін? 9. Ішкі диалогтың эвристикалық ойлауға әсері және оның сыртқы диалогпен байланысы қандай? 10. Стереотиптік емес тапсырмалардың білім алушының эвристикалық ізденіс қабілеттерін дамытуға қалай ықпал ететіні туралы қандай дәлелдер бар? |
Білім алушылар тақырып бойынша алған білімдерін қолдана отырып жауап береді. |
Рефлексия (1 мин.) |
Үй тапсырмасы. Академиялық мәтінді жазудағы ойлау типтері. |
Пікірлер(0)