Ақша. Теңге.

Мурзабаева Мейрамгуль Аманбаевна
Мурзабаева Мейрамгуль Аманбаевна
Актобе
Хромтау
Донская СШ
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Сандар және заңдылықтар
Тақырып:

Ақша. Теңге.

26.12.2019
621
PDF жүктеу WORD жүктеу
сабақ мақсаттары
1.1.2.11. 1 тг, 2 тг, 5 тг,10 тг, 20 тг теңгелік монеталарды тану, белгілі бір соманы монеталармен төлеу және айыра білу;

Барлық оқушылар: теңгелік монеталарды таниды Оқушылардың басым бөлігі: теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратып сипаттайды; Кейбір оқушылар: ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп, күнделікті­ өмірде қолдана алады.

тілдік мақсат ақша; монета; теңге.
Бағалау критерийлері
Монеталарды таниды

Белгілі бір соманы монетамен төлеп ажыратады.

Ақшаның не екенін біледі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Кіріспе тапсырма.

(сабақтың басы 5 минут)

Кіріспе тапсырма. Аудио жазба тыңдау Әр түрлі заттардың дыбысын ажырата отырып ішінен монетаның сылдырын анықтайды. Ақшаның не үшін керегі туралы әр оқушының пікірін тыңдап, әңгіме жүргізіледі. «Сиқырлы дорба» ойыны Оқушыларға дорба көрсетіледі. “Сөмке ішінде қандай ақша жатқанын білгілерің келе ме?” деп сұрауға болады.Оқушылардың әрқайсысы дорбадан бір валютадан алады. Қолдарындағы валюта бойынша топтарға бөлінеді Оқушыларға өз топтарына “ақшаның” атын қойғызамын. Ақша деген не? Оның адам өміріндегі ролі қандай? Ақша қалай келеді?

Сабақтың ортасы:

(30 минут)

(Ж) Салыстыру «Машаға көмек» Машаның әмиянындағы ақшаны санауға көмектес  Ең кіші монета қайсы және онда қай сан жазылған?  Ең үлкен монета қайсы?  1 мен 20 сандарын салыстырыңдар;  Монеталарды өсу ретімен орналастыр;  Монеталарды кему ретімен орналастыр;  Машада барлығы қанша сома бар? Қ.Б. монеталар Дескриптор:  • Ең үлен және ең кіші монетаны табады;

• Ең үлкен және ең кіші монетаны салыстырады;

• Монеталарды өсу және кему ретімен дұрыс орналастырады;

• Монеталардың жалпы сомасын шығарады.

«Тез сана» (Ө) Лунтик, Кузя және Мила дүкеннен 10 теңгеге шоколад алмақшы. Оларға 10 теңгені қалай құрастыруға болатынын көрсетейік 1тг+1тг+1тг+2тг+5тг 5тг+5тг 2тг+2тг+2тг+2тг+1тг+1тг 2тг+2тг+2тг+2тг+2тг

Қ.Б. монеталар

Дескриптор

• Монеталарды таниды

• 10теңгені құрастырудың бірнеше тәсілін біледі

Сергіту сәті «Орман биі»

(Ж)«Ойлан,тап» ойыны Дара мен Ботиды Алаяқ алдап ақшасын тартып алмақшы. Дарада 25 теңге болған екен, ал енді 15 теңге қалды. Алаяқ қандай монеталарды алып кетуі мүмкін? Жарайсыңдар, балалар! Олай болса барлығымыз «Алаяқ, ұрлама!» деп айтайық. (Алаяқ ақшаны қайтарады)

Қ.Б. монеталар

Дескриптор:

• Негізгі сомадан қалған ақшаны азайтады

• Ұрланған ақшаның сомасын табады

Сабақтың соңы:

(10 минут)

(Т)«Дүкенге барамыз» Сабақ бойы жинаған монеталарына берілген суреттерден бағасына қарай зат таңдайды.

Қ.Б.монета

Дескриптор:

• Монеталардың жалпы сомасын шығара алады;

• Қолындағы сомаға сәйкес өзіне қажет затты таңдайды

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Үлгерімі төмен оқушыларға монеталарды көрсетілген санына қарай ажыратуда қолдау көрсетіледі. Қабілетті оқушыларға өз сыныптастарына қолдау көрсету сұралады.

Барлық оқушылар : теңгелік монеталарды таниды .

Көбі: теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратып сипаттайды;

Кейбірі: ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп, күнделікті­ өмірде қолдана алады.

(Ж) салыстыру әдісі арқылы жүргізілетін тапсырмада артық немесе кемді таба білу білігін бағалау.

(Ө) «Тез сана» әдісі- аз уақыт ішінде әр түрлі монеталардың көмегімен тиісті сома құру білігін бағалау.

(Ж) «Ойлан, тап» әдісі- тәжірибе жасау арқылы қорытынды шығара білуін бағалау.

(Ұ) «Дүкенге барамыз» әдісі – қолдағы соманы тиімді пайдалану білігін бағалау.

Сергіту сәті кезінде дұрыс қозғалу қауіпсіздігі.

Пікірлер(0)