«Петерсон оқулығы бойынша 1-сыныптың математикасына арналған интерактивті жаттықтырушы» бағдарламасы

Алдабергенова Айгуль Оналбековна
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
235
Математика
Тақырыбы:
«Петерсон оқулығы бойынша 1-сыныптың математикасына арналған интерактивті жаттықтырушы» бағдарламасы

1-сынып математикасы бойынша жаттықтырушы бағдарламасын іске қосу үшін  файлын іске қосамыз. Сол кезде бағдарламаның бастапқы  беті ашылады (1-сурет).

Бұл жаттықтырушы бағдарлама 1-сынып оқушыларына арналатындықтан, бояуы қанық мультфильмдердің қызықты персонаждары қолданылды.

 

1-сурет. Бағдарламаның бастапқы беті

        

Бағдарламаның бастапқы бетінде:

  1. «Петорсон оқулығы бойынша 1-сыныптың математикасына арналған интерактивті жаттықтырушы» - бағдарламаның атауы;
  2.  «Білімімізді тексерейік» - бағдарламаны іске қосушы сілтеме;
  3.  - бағдарламадан шығу батырмасы орналасқан.

 

 

         Бағдарлама 13  математикалық тапсырмалардан тұрады, әрбір тапсырма сәйкес жеке батырмаларды шерту негізінде жүктеледі (2-сурет).

 

2-сурет. Тапсырмалар терезесі

 

         Тапсырмалар терезесі:

1.  - сәйкес тапсырманы іске қосушы батырма;

2.  - «Басына өту» батырмасы бастапқы бетке өту мүмкіндігін береді;

3.  - бағдарламадан шығу батырмасы.

        

         Бастапқы 4 тапсырма өзара ұқсас, мұнда амалдарды орындап арнайы ұяшыққа жауабын жазған уақытта, шешімнің дұрыс не дұрыс еместігін хабарлайтын жазба бейнеленеді (3-сурет).

 

 

 

 

3-сурет. «Тапсырма 1» терезесі

 

         4-суретте балаларды қызықтыру мақсатымен бейненің қозғалысы келтірілген.

 

4-сурет. «Тапсырма 4» терезесі

 

Бағдарламада математика амалдарын орындай отырып, суреттердің, тапсырмалардың ауысып тұрғаны баланың қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар математика есептерін де тез меңгеруіне көмектеседі. Мысалы, 4 тапсырмада теңдікті дұрыс қою керек, терезенің төменгі бөлігінде қойылған амалдың дұрыс не бұрысы жазылады, сонымен қатар    - сілтемесі арқылы келесі есепке өтуге болады (5-сурет).

 

5-сурет. «Тапсырма 4» терезесі

 

         Әрбір жауап енгізу жолдары арнайы нәтижеге жобаланған, сондықтан берілетін жауап пен дұрыс жауап салыстырылып, бағдарлама дұрыс-бұрысын экранға шығарады (6-сурет).

 

6-сурет. «Тапсырма 6» терезесі

 

Соңғы тапсырма сөзжұмбақ негізінде келтірілген, мұнда есептерді дұрыс шешу арқылы жасырылған сөзді анықтауға болады. Ал егер жауап дұрыс болмаса ұяшыққа сәйкес әріп ашылмай қалады (7-сурет).

 

7-сурет. «Тапсырма 13» терезесі

Бұл бағдарлама оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудыруға септігін тигізеді деп үміттенемін.

 

Материалды жүктеу: сілтеме

Қате туралы хабарландыру