Жер ғаламшарының көрінісі

Алдешова Гүлмира Белдібекқызы
Нұр-Сұлтан қаласы, №64 мектеп-лицей
1907
Дүниетану
Тақырыбы:
Жер ғаламшарының көрінісі

Оқу мақсаты

1.4.2.3 Жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау.

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Жасанды модельге сүйене отырып, жердің пішінін анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсінеді.

Кейбір оқушылар:

Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Ресурстар

Шар, доп, глобус, желім, ай тұтылуы кезіндегі Айдың фотосуреті; ойыншық кеме, ермексаз, таяқша, қолшам.

Интернет-ресурстар:

Macintosh HD:Users:akbota:Desktop:logo:imektep_logo.pngЖер пішіні:

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/zher-halamshary/lesson/zher-zhane-bizding-halamsharymyz

Жер ғаламшары туралы ақпарат: https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu#

Жердің ғарыштағы көрінісі:

Macintosh HD:Users:akbota:Desktop:logo:bilimland.pnghttps://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zher-zhane-harysh

Тест:

https://imektep.kz/kz/game#quiz-818

Дұрыс/Бұрыс ойыны: https://imektep.kz/kz/game#true_false-1403

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:

– сабақ сонында жер ғаламшары туралы алған білімдерімен бөліседі;

– жер ғаламшарының көрінісін сипаттау, талдау жұмыстарын жүргізеді;

– аспан денелерімен танысады және өз беттерінше жер ғаламшары туралы жоба дайындайды.

Тірек сөздер

Шар, Жер

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО, СКТ, ой толғау, ой шақыру, топтастыру, еркін сөйлеу, пікірсайыс, теориялық талдау, модельдеу

І Қызығушылықты ояту

 

 

1. Сәлемдесу.

Ана, бала, қала, дала айнала,

Ай мен күн, жұлдыз, аспан, табиғат.

Шөбі жұпар, суы кәусар, сай-сала.

Бүкіл әлем аманбысың, жамиғат!

 

2. Жұмбақ шешу.

Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем.

(Жер)

Мекені көкте екі ару,

Бірін-бірі көруге зәру.

(Күн мен ай)

ІІ Мағынаны тану

Сабаққа байланысты деректі материалдар

  1. Жер дегенде не елестейді? (Оқушылар пікірін тыңдау).
  2. Мұғалімінің кіріспе әңгімесі. (Берілген суреттер бойынша аспан денелері, жұлдыз т.б. туралы баяндау).

– Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?

– Ғарышта не бар? (Ғарыш – бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар).

Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.

Мына суреттерге назар аударайық: https: //bilimland.kz/kk/content/structure/1971-zher_zhane_halam#lesson=13816

1-слайд. Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін мұхит шайып тұрады деп ойлаған.

hello_html_706806d4.jpg

2-слайд. Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тік төртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай қисайған, сол себепті өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған.

hello_html_66e0daf4.jpg

3-слайд. Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған.

hello_html_m3856813b.jpg

– Қалай ойлайсыңдар, жердің пішіні неге ұқсайды? (Оқушылар жауап береді).

– Неге олай ойлайсыңдар?

3. Зерттеу жүргізу, тәжірибе жасау.

Бізде екі тұжырым бар:

1-тұжырым: Жер тегіс.

2-тұжырым: Жер шар тәрізді.

Алдымен ойыншық немесе қағаздан жасалған кемені партаның (тегіс жер) үстімен жүргізіп көремін. (Оқушылардың партаның бойымен қарағаны дұрыс).

– Кеме қозғалғанда, оны тұтас көруге бола ма?»

– Кеме партаның шетіне жеткенде не болады? (оқушылардың жауабы)

Енді сол кемені доптың (жердің) үстімен жүргіземін. Оқушылар алдымен кеменің жоғары жағы (төбесі) көрінгенін айтады.

Доппен кемені жүргізе берсек шыққан жеріне қайта оралады екен.

– Бұл ненің дәлелі деп ойлайсыңдар?

– Бұл Жердің шар тәрізді екенінің дәлелі.

– Ендеше мына таспаға назар аударайық.

Жер ғаламшары туралы ақпарат https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu#

(Ж) Шарға ұқсас заттарды ата.

Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсынамын. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беремін. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін.

Бағалау. Бірін-бірі бағалайды.

5 дөңгелек салынса, 5 қоямыз

4 дөңгелек салынса, 4 қоямыз.

3 дөңгелек салынса, 3 қоямыз.

Сергіту сәті.

Ойын «Қарлы кесек».

Қыс мезгілінің соңғы айында қар атысып ойнайық. Қарлы кесекпен атысып болғаннан кейін, қағазды ашып, ішіндегі сөздерді оқиды.

Топтық жұмыс. Зерттеу жұмысы:

1-топ: Ермексаз, таяқша, қолшамы, ақ бет.

Ермексазды дөңгелектеп таяқшаға кигізіп, қолшам мен парақтың ортасына орналастыруды ұсынамын.

Дөңгелектердің көлеңкесі неге ұқсайды? – деген сұрақ қоямын.

2-топ: Кітап немесе төртбұрыш қораптың беті, доп, ұсақ адамдардың фигуралары.

Қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз.

Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді? – деген жетелеу сұрағын қоямын.

3-топ: Ойыншықтар (доп, кітап, машина), үстел шамы, ақ бет.

Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қояды.

– Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.)

Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасайды.

Бағалау

Әр топ қорытындыларын ортаға шығып қорытынды айтады. Бағдаршам әдісімен бағалайды.

Жердің шар тәрізді екенінін дәлелі ретінде ғарыштан түсірілген жер ғаламшарының таспасын көрсетемін.

Жердің ғарыштағы көрінісі

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/zher-zhane-harysh

«Иә», «Жоқ», «Білмеймін» ойыны

Сыныптың үш бұрышына осы сөздер жазылған парақтарды орналастырамын.

Сұрақ қойғанда, осы сөздер жазылған бұрыштарға барып тұрады.

  • – Жер ғаламшары шарға ұқсайды.( Иә)
  • – Жер ғаламшары теп-тегіс. (Жоқ)
  • – Жердің шеті бар. (Жоқ)
  • – Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. (Иә)
  • – Аспан мен жердің түйіскен жері көкжиек сызығы. (Иә)

Бағалау, өзін-өзі бағалау.

Тест https://imektep.kz/kz/game#quiz-818

ІІІ Бекіту

ІV Қорытынды

Дұрыс/Бұрыс ойыны арқылы қорытындылау

https://imektep.kz/kz/game#true_false-1403

V Бағалау

 

Рефлексия

Зымыран

– Егер сабақта бәрі түсінікті болса, қызыл зымыранмен ғарышқа ұшамын.

– Егер сабақ түсініксіз болса, онда жасыл зымыранмен ғарышқа ұшамын.

– Егер сізге көмек керек болса, онда сары зымыранмен ғарышқа ұшамын.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеремін)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеремін)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім?

Қате туралы хабарландыру