Дүниежүзі халқының нәсілдік құрамы және Халықтың қоныстану заңдылықтары

Асылбеков Ерболат Қалымжанұлы
Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, №3 Успен жалпы орта білім беру мектебі
351
Жаңашыл мұғалім-2019
География
Тақырыбы:
Дүниежүзі халқының нәсілдік құрамы және Халықтың қоныстану заңдылықтары

Сабақтың мақсаты

-Нәсілдердің түрін анықтайды;

-Дүниежүзі халқының таралуын кескін картаға белгілейді;

-Халықтың орналасу сипатына әсер ететін жағдайларды анықтайды;

(Бұл жерде қойылған мақсаттар нақты қолжетімді, смарт мақсаттар, яғни оқушылар тақырыппен жұмыс істей отыра, осы мақсаттарға жетуі үшін әдістер және тапсырмалар тиісінше жасақталған).

Сабақ түрі

Біріктірілген сабақ (5-6 сыныптарда оқушылар саны көп емес, жас ерекшеліктері басым көпшілігінде бірдей және тақырыптары ұқсас, спиральдік оқытуға негізделген).

Оқыту әдісі

Көрнекілік әдісі, мадақтау әдісі. (Көрнекілік, визуалды ақпарат көздерін басым қолдануға тырыстым, себебі оқушыларға, жалпы адамға көзімен көріп, қолымен жасаған дүниелер анағұрлым естерінде сақталады).

Оқу құралдары

Интербелсенді тақта, bilimbook

Негізгі ұғымдар

Нәсілдер, халықтардың таралуы.

Сабақ барысы

Кезең

Жоспарланған іс-әрекет

Уақыты

Ұйымдастыру

Кезеңі

 

 

 

 

 

 

Білу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсіну

 

 

 

 

 

 

 

Қолдану

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

Жинақтау

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, екі түрлі сынып оқушыларының бір-бірімен «шахматтық ретпен» араласып, сабаққа жайғасып отырғанын күтеді және тақырыпқа көшу мақсатымен интербелсенді тақтадан суреттер қатарын көрсетеді, «Миға шабуыл» әдісі арқылы әр оқушы өз ойларын айтып, өтетін тақырыпқа шығады.

Дүниежүзі халықтарының таралуы жөнінде ұсынылған мәліметті оқып шығады және кескін картаға қоныстануға кедергі келтіретін факторларға сай сандарды, халық тығыздығы жоғары елдерді белгілейді. (Кескін картамен жұмыс жалпы оқушыларға өте қызық болып келеді және әр жаратылыстану, география сабақтары картамен жұмысқа негізделуі керек, яғни оқушылардың географиялық картинасын қалыптастыруды ескеріп отырғанымыз жөн).

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/duniezhuzi-xalqy/lesson/dunie-zhuzi-xalyqtarynyng-taraluy

Егер ғаламтор желісі баяу және сәтсіз істеп тұрса, оффлайн режимде жұмыс істеу амалына көшеміз. Оқушылар bilimbook құрылғыларында ұсынылған сілтеме бойынша өтетін тақырыпқа кіріседі.

Курстар  География  Дүниежүзі халқы  Дүниежүзі халықтарының таралуы

Ассоциация құру. Бұл тапсырмада оқушылардың елестету, ойларын біріктіре білу және жеткізе алу қабілетіне жұмыс түрін ұсындым. Суреттерді тақырыппен қандай қатысы бар екенін атайды, суреттерді біріктіретін жалпы атау қояды. Күтілетін жауап: (Адамдар аз қоныстанған аймақтар).

Ұсынылған карта арқылы ойларын ауызша түйіндейді (сынып оқушыларының белсенділігіне байланысты).

Күтілетін жауап: Картада түрлі түсті бояулармен, халық саны көп елдер берілген.

Жер шары халқының нәсілдерге бөлінуі жөнінде тақырыпты оқып шығады.

https://itest.kz/kz/ent/geografia/lekciya_zher_betindegi_adamzat

Келесі тапсырма да ассоциация жасаудың бір түрі. Яғни оқушылар адамдардың түр келбетіне қарай, олардың басым қоныстану аймағын мүдірмей айтуына жол жасайды. Дәрісте берілген мәліметке сүйене отырып, суреттегі адамның кейпіндегі смайликтерді сипаттамасына сәйкес, басым қоныстанған аумағына бағытша арқылы топтастырады.

Әлемдегі қоныстану жөніндегі видеороликті интербелсенді тақтаның көмегімен мұғалім жалпы сыныптың назарына ұсынады,оқушылар оны қарап, тыңдай отыра, қоныстануға әкеліп соқтыратын түрткіжайттар мен олардың салдарын анықтайды және оны әр оқушы өздеріне берілген «(Иә-жоқ)» сұрақ-жауап кестесін толтырады.

 

https://twig-bilim.kz/kz/film/overpopulation

 

https://twig-bilim.kz/kz/list/human-geography/a-changing-world/changing-lives

 

twig-bilim.kz + халықтар географиясы + өзгеріс үстіндегі әлем + тіршілік өзгерістері + халық санының шектен тыс артуы

 

Бұрынғы кезде мигранттар саны аз болды

Иә

Жоқ

Эммиграция дегеніміз бір елден басқа елге қоныс аудару

Иә

Жоқ

Құрғақшылық, аштық күштеп қоныс аударуға әкеліп соқтырады.

Иә

Жоқ

Күштеп қоныс аудару соғыс кесірінен жүргізілмейді

Иә

Жоқ

Жалақысы жоғары елдің адамдары жалақысы төмен елдерге қоныс аударады

Иә

Жоқ

 

Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы сурет ұсынылады. Оқушылар бүгінгі тақырыпқа сүйене отырып, әр суретте қай нәсілдің өкілі берілгендігін және ерекшеліктерін ауызша түрде айтып береді. Мұнда оқушылардың географиялық ойлау қабілетін ескереміз, яғни дайын ақпаратты ой елегінен өткізе отырып, суреттерде қай нәсілдің өкілі бейнеленгенін қиналмай анықтайды.

 

Географиялық эстафета. Үш минуттың ішінде оқушылар кезектесіп, нәсілдер жөнінде тақтаға неғұрлым көп ақпар жазуы қажет.

Күтілетін сөздер: нәсілдердің 3 түрі бар, моңғолидтық, негроидтық, еуропоидтық, халықтар суық, шөлді, құрғақ, биік жерлерде аз қоныстанған және тағы басқа.

Тақырыптарда алған білімдерін тексеру үшін келесі сілтеме бойынша «Жер бетіндегі адамзат» тақырыбының соңында орналасқан Осы бөлім бойынша тест тапсыру тест тапсырмаларын орындайды және бірден қатемен жұмыс өткізеді. Тестілеуді интербелсенді тақтаға шығарып, мұғалім тесттерді ауыстырып отырады, оқушылар орындарынан жауап беруі тиіс.

https://itest.kz/kz/ent/geografia/lekciya_zher_betindegi_adamzat

Оффлайн сілтеме бойынша тестілеу тапсырмасына шығады:

Басты бет+ ҰБТ+ География+ 6-сынып +Жер бетіндегі адамзат

 

Үлгерімі ұтқыр оқушыларға қосымша тапсырма ұсынылады:

1-5 тест жұмыстарын bilimbook құрылғыларын ашып орындайды, оқушылар осы орайда бірден қатемен жұмыс жасай алады.

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/duniezhuzi-xalqy/lesson/dunie-zhuzi-xalyqtarynyng-taraluy

Бұл екінші тақырыпша бойынша тест жұмыстары (1-5 тест).

https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/duniezhuzi-xalqy/lesson/duniezhuzi-xalqy

«Географиялық дүкен» ойыны арқылы бағаланады. Оқушылар тақырып шеңберінде бір-біріне өздері құрастырған сұрақтар қояды, жауап беруіне сәйкес, смайликтерге (Жарайсың, жақсы жұмыс, жалқауланба) түртіп қою арқылы бағалайды. Бұл мұғалімнің араласуынсыз, әділ бағалау болып саналады және уақыт та үнемделеді.

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қате туралы хабарландыру