Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

Молдашева Гүлшат Шакиртовна
Астана қаласы, ФМБ НЗМ
4861
Математика
Тақырыбы:
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

 

Сабақ типі

Тақырыпты бекіту сабағы

Мақсаттары

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теоремаларды өздігімен практикалық тұрғыда дәлелдеуге және тиімді қолдана білуіне жағдай жасау, қарапайым және шығармашылық есептерді шығару арқылы дағдыларын дамыту, тақырыпты бекіту.

Алған білімін математикалық білімін тереңдетуге және кеңейтуге тиімді пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.

Өзін-өзі басқару дағдысын қалыптастыру.

Топпен және жекелей жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Математиканың негізгі мағынасын ашуға, қоршаған ортаны оқып білудегі математиканың рөлі мен орнын анықтай білуіне ықпал ету;

Геометриялық ұғымдардың арасындағы негізгі қатынастары анықтау;

Геометриялық деректер мен тұжырымдарды негіздеу қажеттігін оқушы санасында қалыптастыра бастау.

Есеп шығару барысында ұғымдар мен қасиеттерін дұрыс пайдалана білуіне жағдай жасау;

Оқулықтар және басқа да ақпарат көздерімен өздік жұмыстар жасай білу қабілетін дамыту.

Оқушы профайлы

Зерделі, ойланғыш, талдағыш.

Ресурстар

Bilimland.kz сайты, geogebra бағдарламасы, Рабинович Е.М. Задачи на готовых чертежах. Смирнов И.М. Геометрия, интерактивті тақта, таратпа материалдар, ноутбук.

Әдістер мен технология

Дифференциация: қабылдау түрі бойынша (кинестетик), ИКТ.

Бағалау критерийі 

А және В.

 

Сабақ барысы

 

Сабақ мазмұны

Қосымша

1. Ұйымдастыру. 1 мин.

2. Сабаққа кіріспе. «Ой қозғау» 4 мин.

3. Өткенді қайталау. 10 мин.

 Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/televizionnye-programmy/bolshie-lyudi/lesson/31-aleksandr-sergeevich-pushkin-pifagor-samosskii-aleksei-veneczianov-kz

Bilimland.kz, видеожинақ, телевизиялық бағдарламалар, ұлы адамдар, 31-видео. Пифагор Самосский (2.25 минуттан бастап).

 

1. Практикалық жұмыс. 5 минут.

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/ushburysh/lesson/ushburyshtyng-ishki-zhane-syrtqy-buryshtary

Bilimland.kz видео. (Математика, үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы, 2 бет)

 

2. Есеп шығару: дайын сызбалармен жұмыс. 12 минут.

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/ushburysh/lesson/ushburyshtyng-ishki-zhane-syrtqy-buryshtary

Bilimland.kz. (Математика, үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы, 7-9 бет)

 

1. Шығармашылық есептер орындау. Топпен жұмыс. 15 мин.

2. Бекіту. Тесттік жұмыс. 8 мин.

3. Қорытындылау. Рефлексия 5 мин.

 

Сабақ барысы.

1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Топқа бөлу. Өзін бағалау парағымен таныстыру. Юнит бойынша шолу. Зерттеу идеясын талдау.

 

2. Сабаққа кіріспе: Мына суреттегі үйлердің шатырларының еңістік бұрышы жайында не айта аласыңдар. Шатырдың бұрыштары шамасының үй құрылысына қаншалықты қатысы бар.

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы - 1

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы - 2 

Үйдің шатырдың кеңістік бұрышы 10°-60° аралығында болуы мүмкін. Ол сол жердің климаты мен шатырдың материалына тікелей байланысты.

Бұл үшбұрыштың бұрыштарының шамасын өлшей білудің, есептей білудің қаншалықты маңызды екенін көрсететін қарапайым мысалдардың бірі.

 

3. Өткенді қайталау сұрақтары:

- Өткен сабақта қандай тақырып өттік?

- Өткен тақырып бойынша әр топ екі қарапайым, екі күрделі сұрақ құрастырады?

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы - 3

Сонымен қатар өткен сабақта аталып кеткен Пифагор Самосскийдің өмірбаянына тоқталып өтейік. 1-мин. Видео көреміз.

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/televizionnye-programmy/bolshie-lyudi/lesson/31-aleksandr-sergeevich-pushkin-pifagor-samosskii-aleksei-veneczianov-kz

Bilimland.kz, видеожинақ, телевизиялық бағдарламалар, ұлы адамдар, 31-видео: Пифагор Самосский.

Төмендегі сызба бойынша үшбұрыштың ішкі бұрыштары туралы теореманы ауызша дәлелдеңіздер.

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы - 4

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы - 5

4. Шағын зерттеу: (әр топқа қағаздан қиылған бірнеше әртүрлі үшбұрыштар және қайшы таратылады) Бұл жұмыста біз алдыңғы сабақта теориялық жолмен дәлелдеген үшбұрыштардың ішкі бұрыштары туралы теореманы практикалық жолмен үш әдіспен дәлелдейміз.  

1. Үшбұрышты суретте көрсетілгендей етіп, бұрыштарын бір нүктеде түйістіріп бүктейміз.

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы - 6

2. Үшбұрыштың бұрыштарын қайшымен бөлектеп қиып алып, бір нүктеге түйістіреміз.

https://bilimland.kz/ru/courses/nachalnaya-matematika/2-klass/5-chisla-ot-0-do-100/lesson/5-14-1-golovolomki-vvedenie

Bilimland.kz видео (Математика, үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы, 2 бет).

3. Геогебра бағдарламасында үшбұрыштың бұрыштарын өлшеп, қосындысын анықтаймыз. Үшбұрышты түрлендіру арқылы бұрыштарының қосындысының тұрақты болатынына көз жеткіземіз.

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы - 7

 

5. Есептер шығарту.

Дайын сызбалар арқылы есептер шығарту.

1-9 есептер ауызша, ал 10-12 есептер жазбаша орындалады. Сол уақытта оқушылар кезектесіп тақтада Bilimland.kz сайтынан есептер шығарады.

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/ushburysh/lesson/ushburyshtyng-ishki-zhane-syrtqy-buryshtary

Bilimland.kz (Математика, үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы, 7-9 бет).

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы - 8

6. Топпен жұмыс: Шығармашылық тапсырмалар

1) Теңбүйірлі үшбұрыштың табанына қарсы жатқан бұрыштың сыртқы бұрышының биссектрисасы табанына параллель болатынын дәлелдеңдер.

Бағыттаушы сұрақтар:

1. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы дегеніміз не?

2. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теорема.

3. Түзулердің параллельдік белгісі.

2) Табаны АС болатын теңбүйірлі үшбұрыштың В төбесіндегі бұрышын тап.

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы - 10

Бағыттаушы сұрақтар:

1. АВС үшбұрышы қандай үшбұрыштарға бөлініп тұр?

2. Теңбүйірлі үшбұрыштың бір бұрышы белгілі болса, басқа бұрыштарын табуға бола ма?

3. Қай бұрышқа белгілеу енгізген тиімді?

 

7. Тестік тапсырма. (Жұмыс код арқылы тексеріледі)

 

1) Үшбұрыштың екі бұрышы 43° және 65°. Үшінші бұрышын тап.

Жауап: 1) 102°; 2) 72°; 3) 78°; 4) 108°.

 

2) Үшбұрыштың екі бұрышының қосындысы 100°. Үшінші бұрышының сыртқы бұрышын табыңдар.

Жауап: 1) 100°; 2) 80°; 3) 50°; 4) 40°.

 

3) Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштардың бірі 25°. Төбесіндегі бұрышты тап.

Жауап: 1) 25°; 2) 130°; 3) 150°; 4) 55°.

 

4) Үшбұрыштың бір төбесі мен оған қарсы жатқан қабырғасының тең ортасын қосатын кесіндіні үшбұрыштың ... деп атайды.

Жауап: 1) биіктігі; 2) биссектрисасы; 3) медианасы.

5) Үшбұрыштың бұрыштарының қатынасы 2:3:4 қатынасындай. Үшбұрыш бұрыштарын тап.

Жауап: 1) 40°, 60° және 80°; 2) 40°, 50° және 90°; 3) 30°, 700 және 80°; 4) 50°, 70° және 90°.

 

6) Теңбүйірлі үшбұрыштың төбесінің сыртқы бұрышы 114°. Табанындағы бір бұрышының сыртқы бұрышын тап.

Жауап. 1) 57°; 2) 66°; 3) 24°; 4) 123°.

 

Тестік жұмысты тексеру коды: 212314.

 

8. Өзін-өзі басқару.

Оқушылардың өзін-өзі тексеру-бағалау парағы

 

Аты-жөні: ...............................................................................

 

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы - 11

9. Қорытындылау.

Рефлексия.

Төмендегі 4 бөлім бойынша өзіңді баспалдаққа орналастыр. Төменгі саты: нашар, жоғарғы саты: өте жақсы.

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы - 12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқыту дифференцациясы:

креативті оқыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топпен жұмыс.

Блум таксаномиясы бойынша білу және түсіну.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Блум таксономиясы бойынша қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Блум таксономиясы бойынша қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Блум таксономиясы бойынша қолдану.

 

 

 

 

 

Қате туралы хабарландыру