Менің атым – Қожа

Ибрагим Бегімхан Керімханұлы
Павлодар қаласы, №5 ЖОББМ
4309
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:
Менің атым – Қожа

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.ТБ1.1. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау.

Сабақтың мақсаты

– Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және сұрақтарға жауап беріп, нақты ақпаратты анықтайды;

– Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажыратады, жалғау түрлерін дұрыс жалғайды.

Бағалау критерийлері

– Мәтінге сай негізгі ақпараттарды анықтайды.

– Табылған ақпараттарды  өз сөзімен жеткізеді.

– Зат есімдерді мағынасына қарай ажыратады.

– Сөздерге жалғауларды дұрыс жалғайды.

– Сөздер тізбегінен артық элементті табады.

Тілдік мақсаттар

Сабақ лексикасы мен терминология:  ықшам, өкініш, бақыт, өң; жалпы есім, жалқы есім.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел». Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Мектепте». Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын,  үндестік заңын ескеріп айтты. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

 8 минут

 

Сәлемдесу.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

«Сәлемдеме хат» әдісі.

Нұсқау:

- Мен сендерден өз сәлемдемелеріңді параққа жазып, мына үстелдің үстіне қоюларыңды сұраймын. Ал енді бұларды араластырамын. Сендер оны қайтадан алып, өздеріңе арналған сәлемдемені оқисыңдар. Қаласаңдар кездесудің естелігі ретінде өзіңде қалдырыңдар.

– Сәлемдеме жазу қиын болды ма? Сәлемдеме оқығанда өзіңді қалай сезіндің?  (3 мин)

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен «Менің атым – Қожа» бейнефильмінен үзінді арқылы таныстыру. Оқушылар бейнероликті көріп сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сабақтың мақсатын оқушылар мұғаліммен бірге анықтайды.

 Жаңа сөздермен мағынасын түсіндіру арқылы таныстырамын:

Ықшам, өкініш, бақыт, өң

«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.  (5 мин)

https://imektep.kz/kz

/berdibek-sokpakbaev

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/6-synyp/lesson/berdibek-soqpaqbaev-mening-atym-qozha

Сабақтың ортасы

30  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар аудиоматериалды 2 рет тыңдайды.

«Миға шабуыл» әдісі. Жалпы мазмұнын түсінуге арналған сұрақтар: (5 мин)

1. Тыңдалым мәтіні кім туралы?

2. Қожаның шын аты қандай?

3. Жоғары идеялы есімдер туралы кім айтты?

4. Қожаның фамилиясы қандай?

Дескриптор: Мәтінге сай негізгі ақпараттарды анықтайды, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау: «Бағдаршам».

 «Джигсо» әдісі

Оқушылар алдымен алдарына қойылған сандар бойынша жұмыс  топтарына бөлініп алады. Әр топқа әңгіменің бір бөлігі таратылады.

– Әңгіме бөлігін оқып өз топтарыңда талқылаңдар. (5 мин.)

– Ал енді сабақ басында бөлінген бастапқы топтарыңызға қайта келіп, қолдарыңдағы әңгіме бөліктерін құрастырыңдар. Толық әңгіме мазмұнымен танысып, әңгіме соңын әр топ өз топ мүшелеріңмен ақылдаса отырып аяқтаңдар.

Дескриптор: Мәтінді түсініп оқиды,  талқылайды.

1-тапсырма.  Кестедегі  ақпараттардың мәтін мазмұнына сай дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңдер. (3 мин)

 Бағалау: Мадақтау.

2-тапсырма. Енді әңгіменің толық нұсқасы таратылады, өздерің құрған әңгіме мазмұнымен салыстырыңдар. (3 мин)

Дескриптор: мәтін мазмұнына сай ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтайды.

 Бағалау: визуалды, «Смайликтер» әдісі бойынша бағалау.

Сергіту сәті (2  мин).

3-тапсырма.  Мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді  тауып, кестеге жазыңдар. Мұрат, Ербол деген жалқы есімдерді септеңдер. (5 мин)

 Саралау:

 ЕҚО-ға тапсырма: 1 жалпы есімді жікте, тәуелдеңдер. Септелген сөзден сөйлем құрастырыңдар. (3 мин)

ЕҚБО-ға тапсырма: 3 жалпы есімдердің жалғауларын анықтаңдар. (3 мин)

Дескриптор:  мәтіннен 5 жалқы есім, 5 жалпы есімді анықтап, кестеге  орналастырады; Барлығы мәтіндегі берілген жалқы есімді септейді.

4-тапсырма. «Үшіншісі артық» әдісі.

Оқушыларға жалпы/жалқы есімдерден сөздер тізімі беріледі.

Оқушылар әрбір тізім бойынша артық элементті табуы тиіс. Оқушылар неліктен ол сөзді таңдағаны туралы дәйекті және нақты жауап бере отырып, тізімдегі басқа сөздердің арасындағы байланысты көрсетеді. (5 мин)

Дескриптор:  сөздер тізімінен артық элементті табады.

(Бағалау: визуалды, «Бас бармақ» әдісі арқылы)

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/6-synyp/lesson/berdibek-soqpaqbaev-mening-atym-qozha

 

2,3,4-қосымшалар

 

 

 

 

1-қосымша

 

 

 

 

 

5-қосымша

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/6-synyp/lesson/berdibek-soqpaqbaev-mening-atym-qozha

Сабақтың соңы

3 минут

 

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен  «Жетістік ағашы» әдісі арқылы кері байланыс орнатамын. (Тақтада ағаштың суреті беріледі.)

– Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің (оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтадағы ағашқа жапсырады).

 Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ мазмұнын айтқан  кезде қиналамын.

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз болды.

Үй тапсырмасы: ереже қайталау (жалпы есім, жалқы есім).

https://imektep.kz/kz/

game#select_words-1528

https://imektep.kz/kz/

game#true_false-1486

https://imektep.kz/

kz/game#quiz-1527

https://imektep.kz/kz/

game#sort_elems-1529

 

Саралау

Бағалау

Пəнаралық байланыс; денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ- мен байланыс, құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі)

«ДЖИГСО» әдісі,

Саралау мақсатымен ерекше қабілетті оқушыларға екі қосымша тапсырманы ұсынамын:

ЕҚО 1 – жалпы есімді жіктейді, тәуелдейді. Септелген сөзден сөйлем құрастырады.

ЕҚБО  3 – жалпы есімдердің жалғауларын анықтайды.

  • Мадақтау;
  • «Смайлик»;
  • «Бас бармақ».

 

 

 

  • Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, әдебиет.
  • Жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Сәлемдеме хат» әдісі.
  • Сабақтың басында, ортасында,  сергіту сәтінде АКТ-ны қолдану.
  • Оқушылардың шаршауын алдын алу үшін сергіту сәтін ұйымдастыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар берілген  тапсырмаларды орындай отырып, оқу мақсатын анықтады. 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. «Джигсо»

2. «Миға шабуыл»

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Қалыптастырушы бағалауды ұтымды қолдану.

2. Саралау жұмыстарын оқушының қабілетіне сай дайындау.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

 

1-ҚОСЫМША

Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды.

Әрі мағына жағынан да қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқандай, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қолдан келсе табанда өзгертіп, әдемі аттардың біреуін өзгертіп алар едің...

  Жарайды, өткенге өкініш жоқ дегендей, істің турасына көшелік. Менің атым  –  Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.

Шынымды айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған....

Сонымен мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай атайды.

Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа. Оқушылар екеуімізді шатастырып алмас үшін, өңімізге қарап; мені қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды.

Әуел баста мен бұған өкпелеп қалатын едім. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп; дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» дегендерге «әу» деп жалт қарайтын болдым.

 Фамилиям Қадыров... Қадыр  – менің әкем...

(Б. Соқпақбаев)

 

2-ҚОСЫМША

Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды.

Әрі мағына жағынан да қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқандай, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады.

 

3-ҚОСЫМША

 Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қолдан келсе табанда өзгертіп, әдемі аттардың біреуін өзгертіп алар едің...

Жарайды, өткенге өкініш жоқ дегендей, істің турасына көшелік. Менің атым  –  Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес. Шынымды айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған....

 

4-ҚОСЫМША

Сонымен мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай атайды.

Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа.
Оқушылар екеуімізді шатастырып алмас үшін, өңімізге қарап; мені қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды.

Әуел баста мен бұған өкпелеп қалатын едім. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп; дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» дегендерге «әу» деп жалт қарайтын болдым.

 Фамилиям Қадыров... Қадыр  –  менің әкем...

 

5-ҚОСЫМША

Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

Қожаға өз есімі ұнайды.

 

 

Класта екі Қожа бар.

 

 

Туу туралы куәлігінде Қожа деп жазылған.

 

 

Фамилиясы – Қадыров.

 

 

 

Қате туралы хабарландыру