Елім – асыл қазынам!

Саржанова Мәрзия Молдабаевна
Астана қаласы, №64 мектеп-лицей
4869
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Елім – асыл қазынам!

 
Тәрбие сағатының мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, видеофильмдер, кітаптар көрмесі, сөзжұмбақ, жапсырма қағаз, плакат.
Дерек көздері: bilimland.kz

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:
Құрметті оқушылар , «Елім – асыл қазынам!» ашық тәрбие сағатымызды өткізудегі басты мақсатымыз біздің еліміздің қаншалықты асыл қазынасы (әдебиеті, мәдениеті, тарихы, т.с.с.) бар екеніне тағы да бір көз жеткізіп, оны қастерлей білуді үйрену.

I. «Қызығушылықты ояту» (топқа бөлу)

II. Мағынаны ашу.

1-топ
«Мәңгілік ел – ұлт мұраты!»
Bilimland
https://bilimland.kz/kk/#lesson=18618
Видеофильм көрсетілген кезде Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын!» өлеңі (көркемсөз) оқылады.
Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын, мың өліп мың тірілген» өлеңін оқу
Мен мың да бір тірілдім МӘҢГІ өлмеске – 
Айта бергім келеді, айта бергім! – дейді ақын Жұбан Молдағалиев. Иә, есті жанға түсінікті. Ертеңгі болашаққа серпін берген рухты жыр. Мәңгі өлмеске тірілген ұлт рухының сөзі.
«Сөзжұмбақ»

2-топ
Қазақ мәдениеті

Елім – асыл қазынам! - 1Елім – асыл қазынам! - 2


Қазақ музыка өнерінің болмысы.
Қазақ би өнері ертеден дамыған. Өкінішке орай, қазақ би өнері өте жақсы зерттелмеген. Қазақ билері көбінесе би биленетін әуен, күй атымен аталып жүр. Мысалы, "Былқылдақ", "Айжанқыз", "Бозіңген", "Сәулем-ай", "Кербезсылқым", "Қосалқа". Ескі билер қатарына Алқақотан", "Ұтыс би", "Киіз басу", қазақтың әдет-ғұрыптық фольклорына "Жар-жар", "Беташар", "Сыңсу", "Жоқтау", "Бесік жыры", "Тойбастар" жатады. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/turmys-salt-zhyrlary

3-топ
Қазақ халқының ұлы тұлғалары.
https://bilimland.kz/kk/#lesson=12012

Елім – асыл қазынам! - 3
 
Елім – асыл қазынам! - 4



4-топ
Қазақ халқының философиялық ойлары.
Қaзақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін тілдегі сөздер тобының бірі мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер әрбір халықтың көне де байырғы рухани қазынасы. Ол өз бастауын адам баласының тым ертеден бастап, ғасырлар бойы халық даналығының қорланып жиналған қоры. Қазақ халқы тұрмыс-салтқа байланысты әртүрлі жағдайлардан ойлар түйіп, оны мақал-мәтелдермен айтқан. Осы мақал-мәтелдердің әрқайсысы физикалық заңдылықтар, химиялық қасиеттер, медициналық сауаттылық, тағы сол сияқты ғылыми ойларды білдіреді. Атап айтсақ, физика ғылымындағы қозғалысқа байланысты заңдылықты (егер денеге басқа күштер әсер етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене бірқалыпты түзу сызықты қозғалады немесе тыныштық күйін сақтайды) «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген мақалмен келтірген.
Диффузия құбылысы – нақтылы дене бөлшектерінің жылулық қозғалыстарға ұшырай отырып, молекулалардың жылулық қозғалысы салдарынан шекаралас орналасқан әртүрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы мынадай мақалмен байланысты: «Бір құмалақ бір қарын майды шертеді». (тәжірибе жасау)
Сол сияқты қазақ халқы күміс металының антисептикалық қасиетін және зарядтарды өзіне тартатынын ерте кезден білген. Әйелдер тамақ дайындаған кезде қолдарына күміс әшекейлер киген, балаға суды күміс тостағандармен ішкізген. Қырқынан шыққан баланы күміс салынған қырық қасық суға түсірген, найзағай ойнағанда айнаның және самауырынның бетін жауып қойған т.с.с.
Топ оқушылары осындай заңдылықтарға байланысты мақалдарды келтіріп талдайды.
Көріп отырғанымыздай ата-бабамыз бізге өздерінің «асыл қазынасын» ұрпағына мақал-мәтел арқылы да қалдырған.

5-топ
“ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ”.

Елім – асыл қазынам! - 5
 
Елім – асыл қазынам! - 6



Қорытынды: Мектеп кітапханашысы Жорабекова Гүлжан Наурызбайқызына сөз беріледі. (Кітап көрмесімен таныстырады. Мектебіміздің кітапханасындағы қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихы туралы өте мағыналы кітаптар құндылығымен таныстырады.)

Мұғалім: Ата-бабаларымыздың мәңгілік арманын орындайтын артында қалған ұрпағы. Еліміздің асыл қазынасын сақтау және осы қазынаны молайту біздің қолымызда! Байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғыруларға жетуге үміткер елдің еңкейген кәрісі мен жасы тек нәтижелі Еңбек пен тұғырлы Ғылымға ғана арқа сүйеуі қажет. Осы екеуіне тәу еткен жұрт мұратына жетеді. Сонда барып халықтың әл-ауқаты көтеріледі, сонда барып бізді әлем мойындайды, сонда барып Қазақстан жер бетіндегі азулы 30 мемлекеттің қатарынан ойып тұрып орын алады. Қазақстанның Мәңгілік ел болуы дегеніміздің бір парасы осындай. Қазақстанда алдағы 15-17 жыл ішінде аса ауқымды өзгерістер мен жаңғыртулар болмақ. Дегенмен 2050-ге жеткізер жолдағы бәсекелестікті де назардан шығармаған жөн. Бүгінгі таңда мемлекеттің қарыштап дамуының басты көрсеткіші – оның Экономикалық Ынтымақтастық пен Даму ұйымына мүшелігімен өлшенеді. Республика халқының 70 пайызы қалалықтарға айналуы шарт. Қазақстан Еуразиядағы алдыңғы қатарлы медициналық туризм елі болады. Ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру аяқталады. Біздің еліміз әлемдегі нағыз қой үстіне бозторғай ұя салар жұмаққа айналады. Бұл мұраттарға жету оңай емес. Әр бес жылдықтың мойнына артылар жүк аса ауқымды. Берілген тапсырмалар дер кезінде орындалғанда ғана біз мақсаттарымызға жетеміз.
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілік ел» мұратымызға жетудің берік негізі.
Осымен біздің сабағымыз аяқталды.


Қате туралы хабарландыру