Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

Ахметжар Аида Жексенбайқызы
Нұр-Сұлтан қаласы, НЗМ
3381
Жаңашыл мұғалім-2019
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

Оқу мақсаты

Ұлттық caнa-ceзімі қaлыптacқaн, ұлттық құндылықтaр мeн жaлпы aдaмзaттық құндылықтaрды өзaрa ұштacтырa aлaтын ұлтжaнды тұлғaны тәрбиeлeу.

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, жан-жақтылық,сауаттылық, өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыс

«Ұлттық тәрбиe – ұлт бoлaшaғы» тәрбие сағаты әдебиет сабағымен кіріктірілген.

Өткізілу формасы

Ойындар, топтық жұмыс, баяндама

Күтілетін нәтиже

Ұлттық caнa-ceзімі қaлыптacқaн, ұлттық құндылықтaр мeн жaлпы aдaмзaттық құндылықтaрды өзaрa ұштacтыра алатын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ресурстар мен технологияны меңгерге алатын жан-жақты оқушы;

Сабақ барысы

Куратор сағатының жоспарлы кезеңдері (уақыты көрсетіледі)

 

Кураторлық сағатта орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

16.00-16.10

-Қайырлы күн, оқушылар! Бүгінгі сабағымыз келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналады.

Видео материал. «ҚАЗАҚСТАН – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ!»

-Тақырыпқа көшпес бұрын, шаршағанымызды басу үшін, әдеттегідей, сергіту сәтін орындайық.

Сергіту сәті «Қара жорға»

- Керемет! Ал енді, көтеріңкі көңіл күйімізді сабақ соңына дейін түсірмей сабағымызды жалғастырайық.

- Қалай ойлайсыздар не себепті бүгін біз сергіту сәтіне «Қара жорға» биін қолдандық?

-Наурыз мейрамын тойлау қаншалықты маңызды?

Жақсы жауаптарыңызға рахмет. Айтылған жауаптарымызды ескере отырып, сабақтың мақсатын айқындайық.

 

Интерактивті тақта, Power Point бағдарламасындағы презентация,

 

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz

(3мин.06 сек. дейін)

 

https://www.youtube.com/watch?v=tLmhYawWYOQ&lis t=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX&index=12

 

16.10-16.45

-Қане оқушылар, келіңіздер ортаға жиналайық. Қазір кішігірім ойын өткіземіз. Мысалы, мен «бешбармақ» деп,допты ортаға лақтырамын.Кім осы асты жақсы көреді тезірек ортаға шығып, допты ұстайды, тек ортадағы оқушылар саны 5-тен аспауы керек. Ал,бастайық.

Топқа бөлу  ойыны. Наурыз көже,бауырсақ,құрт,шұжық топтары құралады.

-Дәмдік талғамдары бірдей оқушылар бір топ боласыздар. Топпен бірге орындарыңызға отырыңыздар.

-Слайдта берілген 4 фигураның біреуін топпен таңдау қажет. 

-Жақсы, рахмет. Ал бұл фигуралар бекер таңдалған жоқ, әр фигураға қатысты тапсырма орындаймыз.

Сонымен, үшбұрыш таңдаған топ тиянақты,жауапты оқушылардан құралғандықтан, сіздер Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазақтың салт-дәстүрлері тақырыбында презентация құрасыздар.

Зигзакты таңдаған топ креативті, сөзге шешен оқушылардан құралғандықтан,сіздер imektep порталының көмегімен, Наурыз мейрамы жайлы өлең құрастырасыздар.

Дөңгелекті таңдаған шығармашылық,сыни тұрғысынан ойлай алатын топ The gimp немесе Inkscape бағдарламасында ұлттық тағамдардың суретін жасап шығаруларыңыз қажет.

Төртбұрыш таңдаған оқушылар сенімділік, нақтылық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан сіздер ұлттық ойындар жайлы интернет көмегімен нақты, қызықты ақпараттар жинайсыздар. Сіздерге 20 минут уақыт беріледі.Бастаймыз.

-Уақыт аяқталды. Әр топ жұмыстарыңызды class room-ға жіберулеріңізді сұраймын.Ортаға шығып, өз тақырыптарымызды сыныпқа таныстырамыз. Әр топқа 3 минут уақыт.

Жұмыстарды таныстыру.

-Барлық топтарға рахмет! Өте құнды ақпарат алдық.

Интерактивті тақта, ноутбуктар,интернет, The gimp немесе Inkscape бағдарламасы

 Power Point бағдарламасы,

Gmail.com

 

 

https://imektep.kz/kz/shygarmashilik-zhumis

 

16.45-17.00

-Сабақты қаншалықты меңгергенізді тексеру үшін, ноутбугы жоқ оқушылар арбадан ноутбук алыңыздар.Барлығымыз kahoot программасына кіріп, өз-өзімізді бағалау үшін кішігірім тест өтеміз. Бастаңыздар.

-Жақсы,рахмет! Сонымен,қымбатты оқушылар, ұлттық құндылықтарды дамытып,жандандыру қажет, деген қорытындыға келе аламыз. Тарихқа көз жүгіртсек, біз дұшпанды басындырмаған, басынан сөз асырмаған рухты елміз. Сол рухымыздан таймай, еліміз бен жеріміз үшін жауапты болайық!Төл мерекеміз Наурыз мейрамы барлығымызға құтты болсын!Қазір сіздер қоғамның 20% ғана құрасаңыздар, ертең сіздер осы мемлекеттің 80% боласыздар. Болашақ сіздердің қолдарыңызда! Осыны ұмытпай, ұлттық рухты, жалпыадамзаттық құндылықты ұштастыра алатын саналы жастар болайық!

-Сабағымыз аяқталды,  әдеттегідей, рефлексия тапсырып, бара берулеріңізге болады. Рефлексия сұрақтары:

- Не білдің? Нені үйрендің?

- Не түсініксіз болды?

Сау болыңыздар!

 

Ноутбуктар, kahoot программасы

 

Кураторлық сағаттың кері байланысы

 

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті ме?

Егер «жоқ» болса, неліктен?

Жалпы бағалау:

Кураторлық сағаттың қандай аспектілері жақсы жүзеге асты (оқу мен оқытудың өмірмен байланысы болды ма, ойланыңыз

1:

2:

Кураторлық сағатты жақсартуға не ықпал етуші еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?

1:

2:

Кураторлық сағат барысында сынып туралы немесе оның жетістіктері туралы нені анықтадым/жекеленген оқушылардағы қиындықтар (көшбасшылық), келесі кураторлық сағатта неге баса назар аударылу қажет?

1:

2:

Қате туралы хабарландыру