Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік

Жусупбекова Динара Батыровна
Астана қаласы, №64 мектеп-лицей, 6-сынып
14798
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік

 

Тәрбие сағатының мақсаты

Оқушыларды жол ережесімен таныстыра отырып, жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Тәртіпке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Көрнекілік

проектор, слайд, bilimland.kz сайтынан бейнебаяндар, кітаптар көрмесі, бағдаршам макеті; жасыл, қызыл, көк жетондар.

Дерек көздері

bilimland.kz сайты. Bilimland

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар қызыл, сары, жасыл жетондарды өз қалауымен таңдап, алып үш топқа бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту.

www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Сынып сағаты тақырыптары» бөлімі) https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/zholdan-otu-erezhesi арқылы оқушыларға бейнебаян көрсету.

Мұғалім:

- Құрметті оқушылар, бейнебаяннан көргеніміздей бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Неліктен мен сіздерге қызыл, сары, жасыл жетондар арқылы топқа бөлдім. Бұның сыры неде?

- Дұрыс айтасыздар, жолда жүру ережесі, бағдаршамның адам өміріндегі маңызы туралы болмақ. Сабағымыздың басты мақсаты егемендігі мен елдігі орнаған осындай Қазақстан атты бейбіт өлкемізде сәбилердің қуанышты күлкісі мен аналарымыздың әсем жүзі бақытқа толы болса дейміз, ол үшін әр азамат өмір қауіпсіздігін сақтап, жол тәртібін білу керек. Біз бүгін осы мақсатта жол ережелері өлкесінде қонақта боламыз. Сәт сапар, Жас ұлан!

II. Мағынаны ашу.

1-жүргізуші:

«Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі машинаның аз кезінде-ақ туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен ауыстырылатын және алмастыру үшін арнайы адам тұратын еді және ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы америкада электр бағдаршамы пайда болды.

2-жүргізуші:

Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. Қазақстанда 1917 жылға дейін 127 км ғана жол болса, елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз км дейін жетті. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

1-жүргізуші:

- Балалар, МАИ қызметкері дегініміз кім? Дұрыс айтасыздар, бүгін бізге МАИ қызметкері келген екен. Сіздердің ұшқыр ойларыңыз бен білімдеріңізді сынап көрмекші.

МАИ қызметкері:

- Әрбір аймақтың өмірі көлікпен тығыз байланысты. Сондықтан жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білулерін керек. Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлылықпен аспай-саспай жүріп тұруға тиіс. Сол себепті сіздерге қояр бірнеше сұрағым бар. Бірінші, жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

1-оқушы:

Жаяу жүргіншілер жолдың жиегімен жүруі тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне арналған. Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, сонда қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады.

МАИ қызметкері:

- Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?

2-оқушы:

Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүруі керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек. Негізінен жол тәртібін сақтап, жаяу жүргіншіге арналған жолмен немесе бағдаршамнан өтуі керек.

МАИ қызметкері:

- Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?

3-оқушы:

Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін. Сондықтан әр кез сақ болып, асықпай жүрген абзал.

МАИ қызметкері:

- Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?

4-оқушы:

Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.

МАИ қызметкері:

- Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек?

5-оқушы:

Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да, артынан да өтуге болмайды. Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек.

МАИ қызметкері:

- Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?

6-оқушы:

Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімеге айналып, жолда жүру ережесін ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан жол өткелдерінде әңгімені қойып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

МАИ қызметкері:

- Жарайсыңдар, балалар, жол қауіпсіздігі туралы білімдерін жоғары екені көрініп тұр. Енді балалар www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Сынып сағаты тақырыптары» бөлімі) сайтынан мына https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/zholdar-men-zhol-belgileri бейнебаянды көруге шақырамын.

МАИ қызметкері:

- Балалар, мұқият тыңдасақ, мен сендерден осы бейнебаяннан алған білімдерінді тексеріп, емтихан аламын. Мына жерде көлік жолы жатыр. Байқасаңыздар, түрлі жол кедергілері орналасқан. Мына машинаға отырып, осы кедергілерден дұрыс өтіп, қандай белгі екенін атап беруіміз керек. Кімде-кім жол тәртібін сақтап, мүдірмей жауап берсе, жас инспектор куәлігіне ие болады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. (Әр дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі)

Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік - 1

МАИ қызметкері:

- Бүгін сендер өздеріңнің жол ережесі туралы білімдерінді жақсы көрсете білдіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар. Бүгінгі тамаша сабақ үшін сіздерге алғысым шексіз. Сіздер секілді білімді ұрпақ тұрғанда еліміз аман, жұртымыз тыныш, сәбилеріміздің жарқын күлкісі мәңгі естіледі деген үміттемін. Сабақта білімімен топта ерекше көзге түскен оқушыларды ортаға шақырамын.

(Көп ұпай жинаған оқушыларға «жас инспектор» куәлігі тапсырылады).


Хор: «Бағдаршам» әні.

1-жүргізуші:

«Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт,

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі – заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші, баршаңызға» – дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Хормен:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

Қазақ атты елімде,

Бақытты өмір сүрейік!

 

Қате туралы хабарландыру