Дүние жүзі тарихы

Хамзин Жеңіс
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Рудный қаласы әкімдігінің №7 мектеп-гимназия
7638
ҰБТ тесттері
Тақырыбы:
Дүние жүзі тарихы

 

1. Шумерліктердің «Машки» терминінің мәні:

    А) салық жинаушы

    В) шумерліктердің басшысы

    С) сауда-саттық басшысы

    Д) қоймашылар

    Е) әскербасылар

 

2. Б.з.б. V ғасырда өмір сүрген, «Антигона» драмасының авторы:

    А) Эсхил

    В) Гесиод

    С) Софокол

    Д) Гомер

    Е) Аристофан

 

3. Лахмид патшалығының күшейген кезі:

    А) Б.з. III ғ. аяғы – IV ғ. басы

    В) Б.з. IV ғ. аяғы – V ғ. басы

    С) Б.з. V ғ. аяғы – VI ғ. басы

    Д) Б.з. II ғ. аяғы– III ғ. басы

    Е) Б.з. III ғ. басы – IV ғ. аяғы

 

4. 1858 жылы шілдеде Италия мен Франция арасында жасалған құпия шарт:

    А) Ломбардия

    В) Пломбьер

    С) Тоскана

    Д) Венеция

    Е) Неаполь 

 

5. XVIII ғасырда қоғамдық прогресті шаруашылықтың, ғылым мен техниканың дамуымен байланыстырған ағартушы:

    А) Антуан Кондорсе

    В) Жан Мелье   

    С) Жак Тюрго

    Д) Адам Смит

    Е) Габриэль Бонно де Мабли

 

6. Төмендегі оқиғалардың қайсысы ертерек болды:

    А) Франция-Пруссия соғысы

    В) Нидерланды буржуазиялық революциясы

    С) Ұлы Француз буржуазиялық революциясы

    Д) Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін соғыс

    Е) Ағылшын буржуазиялық  революциясы

 

7. Аляскада алғашқы орыс елді мекендері пайда болды:

    А) 1784 жылы

    В) 1765 жылы

    С) 1761 жылы

    Д) 1861 жылы

    Е) 1722 жылы

 

8. Жаңа тарихтың басты ерекшелігі мен негізгі мазмұны:

    А) Еңбек өнімділігінің артуы

    В) Мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастардың кеңеюі

    С) Капитализмнің нығаюы және дамуы

    Д) Америка мен Африканы еуропалықтардың игеруі

    Е) Ғылым мен техниканың дамуы

 

9.  XV  ғасырдың басында Мали мемлекетінің шығысында тәуелсіздікке қол жеткізген ел:

    А) Египет

    В) Гана

    С) Аксум

    Д) Сонгай

    Е) Текрур

 

10. 1925 жылы Франциядағы алжирлік Ахмед Мессали қажының басқаруымен құрылған:

      А) «Дүстүр партиясы»

      В) «Мысыр өкілдігі» (әл-Уафд әл-Мысыри) партиясы

      С) Марокко ұлттық комитеті

      Д) «Солтүстік Африка жұлдызы» одағы

      Е) «Жаңа дүстүр» тобы

 

11. Польша мемлекеті бір орталыққа бағынған қуатты мемлекетке айналды:

      А) Моймир Морав тұсында

      В) I Болеслав тұсында

      С) I Болеслав Храбрый тұсында

      Д) Аспарух хан тұсында

      Е) Ярослав Мудрый тұсында

 

12. Аргентинада «перонизм» қозғалысының сипаты:

      А) әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету

      В) әділетті өркендеген қоғам орнату

      С) коммунистік қоғамға жеделдете өту

      Д) қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру

      Е) ұлттық тәуелсіздік және елді біріктіру

 

13. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Батыс майданында 1916 жылы болған негізгі шайқастар:

      А) Марна мен Галиция үшін шайқас

      В) Мәрмәр теңізі мен Дарданелл бұғазын басып алуға бағытталған шайқас

      С) Верден қырғыны және Соммадағы шайқас

      Д) Кавказ майданындағы шайқас

      Е) Ипр өзені бойындағы шайқас

 

14. XVII ғасырдың ортасына қарай Үндістанның солтүстігі мен орталық бөлігінде өмір сүрген мемлекет:

      А) Сикха мемлекеті

      В) Маратха мемлекеті

      С) Ауд князьдігі

      Д) Ұлы Моғол державасы

      Е) Хайдарабад князьдігі

 

15. Германия екі соғыс аралығында өзінің әскери-өнеркәсіптік қуатын қалпына келтірді:

      А) Өз отарларын қанауды күшейтумен

      В) Жұмысшылар бұқарасын қанауды күшейтумен

      С) АҚШ тарапынан қаржылай-экономикалық қолдау

      Д) Франция, Италия, Испания тарапынан қаржылай-экономикалық қолдау

      Е) Диктаторлық тәртіп мүмкіндігін пайдаланумен

 

16. XVIII ғасыр соңында Англияның мемлекеттік басқару формасы:

      А) Парламенттік монархия

      В) Абсолюттік монархия

      С) Конституциялық монархия

      Д) Әскери диктатура

      Е) Президенттік республика

 

17. «Қорғана отырып, соғысқа әзірленуіміз керек, біз бостандық үшін күресеміз» деп, македондық басқыншыларға қарсы күреске шақырған афинылық шешен:

      А) Клисфен

      В) Демосфен

      С) Перикл

      Д) Мильтиад

      Е) Солон

 

18. Қазіргі үнділердің бабалары Беринг бұғазы арқылы Азиядан Америкаға қоныс аударды:

      А) 20-25мың жыл бұрын

      В) 25-30 мың жыл бұрын

      С) 30-35 мың жыл бұрын

      Д) 15-20мың жыл бұрын

      Е) 35-40мың жыл бұрын

 

19. «Емен тамырының көптігімен күшті, сол сияқты біздің қаламыз сенің басқаруыңмен күшті». Өзі жөнінде ол: «Киімім жұпыны болғанымен, ақылға баймын, қиялыс көкте қыранша қалықтайды дейді. Өзінің көп оқып, көп білетіндігін автор былайша түсіндіреді: «Мен, кінәз, теңіздің арғы жағасында болғаным жоқ, философтардан (профессорлардан) дәріс алғаным жоқ, бірақ әр гүлге қонып, ұясын балға толтырған ара сияқты, мен де көптеген кітаптардан сөз бен даналық нәрін жинадым». Берілген мәтін ортағасырлық қай шығармадан алынған:

      А) «Игорь жорығы туралы жыр»

      В) «Орыс жерінің опат болуы туралы сөз»

      С) «Даниил Заточниктің сөзі»

      Д) «Бағзы замандардың хикаясы»

      Е) «Владимир Мономахтың балаларына жазған өсиеті»

 

20. Ол 1859 жылдың 2 желтоқсанында дарға асылар алдында жазған соңғы хатында: «Бұл күнәкар елдің қылмыстарын тек қанмен жуу мүмкін», – деп жазды. Солтүстікте оның есімі құлдыққа қарсы күрестің рәмізіне айналды. .......  көтерілісі құл иеленушілердің зәресін ұшырды. Мәтінде қай көтерілісші туралы жазылған:

      А) Визи Денмарк

      В) Джон Браун

      С) Мигель Идальго

      Д) Хосе Морелос

      Е) Симон Боливар

 

21. Хеттерде мемлекет пен патшаның қамқоршысы деп есептелген құдай:

      А) Шамаш

      В) Син

      С) Телепин

      Д) Таммуз

      Е) Мардук

      F) Тешуб

      G) Яхве

      H) Ахурамазда

 

22. XVII ғасырда Иранда діни орындар мен діни адамдарға меншікке берілетін жер иеліктері:

      А) дивани

      В) хассэ

      С) уакф

      Д) мульк

      Е) арбаби

      F) джагир

      G) заминдар

      H) инам

 

23. Славян тайпалары туралы алғашқы деректер қалдырған Рим тарихшылары:

      А) Геродот

      В) Птоломей

      С) Арриан

      Д) Плиний

      Е) Страбон

      F) Тацит

      G) Помпей Трог

      H) Марцеллин

 

24. Б.з.б. II мыңжылдықтың басында финикия жерінде өмір сүрген қала-мемлекеттер:

      А) Ур

      В) Лагаш

      С) Угарит

      Д) Бактр

      Е) Урук

      F) Библ

      G) Фивы

      H) Карфаген

 

25. Американдық отарлардың Англиядан бөлінуін қаламағандар:

      А) пуритандар

      В) джентрилер

      С) индепенденттер

      Д) диггерлер

      Е) лоялистер

      F) левеллерлер

      G) аболиционистер

      H) жирондықтар

 

26. Алтын Орда да алым-салық, сыбаға жинау міндетін атқарды:

      А) Дарғы-бектер

      В) Білікшілер

      С) Басқақтар

      Д) Тамғаш

      Е) Беклер бек

      F) Уәзірлер

      G) Хатшылар

      H) Ұлысбектер

 

27. 1920-1921 жылдары Шағын Антанта әскери-саяси одағын құрған мемлекеттер:

      А) Болгария

      В) Румыния

      С) Польша

      Д) Венгрия

      Е) Австрия

      F) Чехословакия

      G) Югославия

      H) Албания

 

28. 1894 жылы құрылған «Қытайды қайта өркендету қоғамының» басты мақсаты:

      А) феодалдық қатынастарды нығайту

      В) Қытайдағы маньчжур үстемдігін құлату

      С) шаруаларға жерді тең етіп бөліп беру

      Д) Маньчжур әулетін қолдау

      Е) тәуелсіз Қытай Республикасын құру

      F) шаруаларға салықты көтеру

      G) помещиктер билігін сақтау

      H) шетелдік артықшылықтарды қалпына келтіру

 

29. «Овердегі жаңбырдан кейінгі пейзаж» картинасының авторы, постимпрессионизм бағытындағы голландиялық суретші:

      А) Винсент Ван Гог

      В) Гюстав Курбе

      С) Ульям Хогарт

      Д) Антуан Ватто     

      Е) Франсуа Буше

      F) Онере Фрагонар

      G) Жан-Батист Симеон Шарден

      H) Пабло Пикассо

 

30. 1995 жылғы Дейтон келісімі негізінде Босния мен Герцеговина ұлттық бөлшекке бөлінді:

      А) Черногория  Республикасы

      В) Косово Республикасы

      С) Албания Республикасы

      Д) Македония Республикасы

      Е) Мұсылмандық-Хорваттық Федерация

      F) Босния Республикасы

      G) Сербия Республикасы

      H) Югославия  Республикасы 

 

Дұрыс жауаптарының кілті:

I нұсқа

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

А

С

В

В

С

В

А

С

Д

Д

С

В

С

Д

С

А

В

В

С

В

 

 

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

F

C, E

Д, F

С, F

E

A, C, Д

B, G

B, E

A

Е, G

 

Дүние жүзі тарихы тест

II нұсқа

 

1. Ежелгі Қытайда ауыл шаруашылығы мен қолөнер ісінде темір көбірек қолданыла бастады:

    А) Б.з.б. VIII-VII ғ.ғ.

    В) Б.з.б. VII-VI ғ.ғ.

    С) Б.з.б. V-IV ғ.ғ.

    Д) Б.з.б. III-II ғ.ғ.

    Е) Б.з.б. II ғ.- б.з. I ғ.

 

2. «Адам ата жер жыртып, Хауа ана жіп иірген кезде кім дворян болған еді?» деген сауалды жиі қойғанды жақсы көретін көтеріліс жетекшілерінің бірі:

     А) Уот Тайлер

     В) Джон Болл

     С) Гильом Каль

     Д) Мәлік Санжар

     Е) Ян Гус

 

3. Латын Америкасында жерді жалға алған жартылай басыбайлы үндістер:

    А) «янкілер»

    В) гаучолар

    С) пеондар

    Д) креолдар

    Е) диггерлер

 

4. Алым-салық жинайтын арнаулы палата құрған ағылшын королі:

    А) VIII Генрих Тюдор

    В) I Елизавета Тюдор

    С) VII Генрих Тюдор

    Д) I Карл Стюарт

    Е) I Яков Стюарт

 

5. 1924 жылы шілдеде Түркияның тәуелсіздігін мойындаған халықаралық конференция:

    А) Париж

    В) Лозанна

    С) Вашингтон

    Д) Генуя

    Е) Раппало   

 

6. XIX ғасыр соңы мен XX ғасырдың басында Англия мен АҚШ-тың саяси құрамының ұқсастығы:

    А) Конституциялық монархия

    В) Сайлау құқының болмауы

    С) Бір палаталы парламенттің болуы

    Д) Екі партиялы жүйе

    Е) Президенттік республика

 

7. Филиппин аралдарының тұрғындарымен қақтығыста қаза тапқан ұлы саяхатшы:

    А) Христофор  Колумб 

    В) Бартоломеу Диаш 

    С) Васко да Гама 

    Д) Америго Веспуччи 

    Е) Фернан  Магеллан

 

8. 1530 жылы қабылданған «Аугсбургтік дін ұстану» туралы құжат бойынша шіркеудің басшысы:

    А) Папа 

    В) Король 

    С) Кінәз 

    Д) Граф 

    Е) Герцог 

 

9. Тяньцзинь келісімі негізінде Англия Қытайдан әкетуге рұқсат алды: 

    А) жібек мата

    В) кули (жалдамалы жұмысшы)

    С) мақта-мата

    Д) фарфор

    Е) шай  

 

10. Владимир-Суздаль Русінде князьдердің өзара қырқысуларына қарсы бағытталып жазылған тамаша поэма:

      А) «Игорь жорығы туралы жыр»

      В) «Орыс жерінің опат болуы туралы сөз»

      С) «Даниил Заточниктің сөзі»

      Д) «Бағзы замандардың хикаясы»

      Е) «Владимир Мономахтың балаларына жазған өсиеті»

 

11. 1931 жылы 24 маусымда КСРО мен Ауғанстан арасында жасалған келісім:

      А) достық және өзара көмек туралы

      В) өзара ынтымақтасу және қауіпсіздік кепілдік туралы

      С) бейтараптық және өзара жауласпау туралы

      Д) достық және шекаралар туралы

      Е) ұжымдық қауіпсіздік туралы

 

12. Хетт патшалығында жылқы немесе қой ұрлаған адамға тағайындалған жаза:

      А) ұрланған малды 10 есе қайтару

      В) ұрланған малды 20 есе қайтару

      С) ұрланған малды 30 есе қайтару

      Д) ұрланған малды 5 есе қайтару

      Е) ұрланған малды 15 есе қайтару

 

13. Революциялық романтизмнің көрнекті өкілі ағылшын ақыны:

      А) Виктор Гюго

      В) Оноре де Бальзак

      С) Генрих Гейне

      Д) Байрон

      Е) Иоганн Вольфганг Гете

 

14. Ежелгі Египетте медициналық құралдар жасалынған металл:

      А) болат

      В) темір

      С) қола

      Д) қалайы

      Е) мыс

 

15. Парсы-тәжік классикалық әдебиетінің негізін қалаушы:

      А) Әбу Абдаллах Рудаки

      В) Әлішер Науаи

      С) Фирдауси

      Д) Әбу Әли ибн Сина

      Е) Әбу Райхан Бируни

 

16. 1913 жылы мамырда Балқан түбегінің саяси шекарасын анықтаған бітімшартына қол қойылған қала:

      А) Сан-Стефано

      В) Вена

      С) Париж

      Д) Лондон

      Е) Берлин

 

17. Испан әскерінің қатарында Түркияға қарсы соғысқа қатысып, 5 жылдай Алжирде тұтқында болған гуманист жазушы:

      А) Т. Мор

      В) М. Сервантес

      С) Ф.Рабле

      Д) У. Шекспир

      Е) Д. Свифт 

 

18. Луддизм бұл:

      А) Протестантизмнің әртүрлілігі

      В) Ғылым мен білімді қолдауға қоғамдық ойды бағыттау

      С) Машина өндірісі мен техникалық жаңалықты енгізу үшін Англиядағы жұмысшылар қозғалысы

      Д) XIX ғасырдың басында Англияда машиналарды қирату түріндегі жұмысшылар күресінің түрі

      Е) XVIII ғасырдың ортасында мыңдаған адам өлген жұқпалы ауру

 

19. Баб сөзінің аудармасы «қақпа», сол қақпа арқылы Махди келіп еніп, адамдарға өзінің рақымын сыйлайды дейді. Баб ілімі оның «Беян» атты кітабында жарияланды. Онда Құранда жазылған сөздер Мұхаммед пайғамбардың заңдары мен сөздері ескірді, оны жаңарту қажет, ал жаңа заңдар мен тәртіп ережелері Беянда жазылған деді. Беянда жазылған сөздер бойынша барлық адамдар заң алдында тең болуы тиіс және бабшылдардың әулие патшалығы Иранның маңызды аймақтары-Әзірбайжанда, Мазендаранда, Орталық Иракта, Фарс пен Хорасанда құрылуы тиіс деді. Бабшыл еместер Иран жерінен қуылуы тиіс, олардың дүние-мүлкі тәркіленіп, бабшылдарға бөлініп берілуі керек деп жариялаған бабшылдар көтерілісінің жетекшісі:

      А) Ахмед Мессали

      В) Хабиб Бургиба

      С) Намык Кемал

      Д) Сеид Әли Мұхаммед

      Е) Мұхаммед Ыдырыс Сенусси

 

20. Мәтінде қай оқиға туралы айтылған: «Күн тұман болатын, тұман ашылғаннан кейін сағат таңертеңгі алтыда екі жақтың әскерлері қарама-қарсы тұрды. Бір уақытта екі жақ бір-біріне қарама-қарсы жүріп, ұлы шайқас басталып кетті. Алғашқы шайқаста татар әскері ішке қарай кіріп, орыс әскерлерінің қатарын сиретіп тастады, бірақ сағат тоғызда ұлы кінәздің өзі шайқасқа араласып, қырғын шайқаста екі жақтан көп адам өлді. Бұл шайқаста ұлы кінәз ерлігімен жасағын таңқалдырып, аман-есен жауын жеңді».

      А) Вожа өзені бойындағы шайқас

      В) Угра өзені бойындағы шайқас

      С) Тоқтамыстың Мәскеу қаласын өртеуі

      Д) Куликово шайқасы

      Е) Батудың Киевті басып алуы

 

21. Б.з.б. III ғасыр басында Александр Македонский державасы негізінде пайда болған мемлекеттер:

      А) Ассирия

      В) Хетт патшалығы

      С) Египет

      Д) Сирия

      Е) Кушан патшалығы

      F) Парфия патшалығы

      G) Финикия

      H) Македония 

 

22. 1918 жылы Еуропа картасында пайда болған жаңа мемлекеттер:

      А) Болгария

      В) Сербия

      С) Польша

      Д) Венгрия

      Е) Литва

      F) Чехославакия

      G) Дания

      H) Бельгия

 

23. Әлемдік әдебиет тарихында Ресейдің өмірін барлық қарама-қайшылықтарымен шынайы бейнелеген Толстойдың шығармалары:

      А) «Күлегеш адам»

      В) «Воскресение»

      С) «Біздің заманның ерлері»

      Д) «Соғыс және бейбітшілік»

      Е) «Адамдар комедиясы»

      F) «Евгений Онегин»

      G) «Анна Каренина»

      H) «Борис Годунов»

 

24. Латын Америкасында отарлары көп болған елдер:

      А) Англияның, Францияның

      В) АҚШ пен Германияның

      С) Франция мен АҚШ-тың

      Д) Испанияның, Португалияның

      Е) Англияның, Португалияның

      F) Германия мен Испанияның

      G) Англия мен АҚШ-тың     

      H) Францияның, Португалияның 

 

25. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар басталған мемлекеттер:

      А) Алжир

      В) Тунис

      С) Марокко

      Д) Ливия

      Е) Египет

      F) Судан

      G) Ангола

      H) Мозамбик

 

26. 1898 жылы РСДЖП-ның I-съезі өткен қала:

      А) Берлин

      В) Москва

      С) Киев

      Д) Лондон

      Е) Санкт-Петербург

      F) Минск

      G) Брюссель

      H) Париж 

 

27. Ортағасырлық Түркияда барлық халыққа салынатын салық түрі:

      А) үшір

      В) испандже

      С) қалан

      Д) харадж

      Е) оброк

      F) жизия

      G) қапшуыр

      H) барщина   

 

28. 1878 жылы Сан-Стефано келісім шарты негізінде тәуелсіздікке қол жеткізген мемлекеттер:

      А) Босния

      В) Черногория

      С) Сербия

      Д) Герцогавина

      Е) Македония

      F) Румыния

      G) Албания

      H) Болгария

 

29. 313 жылы христиандарға храмдар салып, құдайға ашық ғибадат етуге рұқсат берген император:

      А) Феодосий

      В) Константин

      С) Гай Юлий Цезарь

      Д) Диоклетиан

      Е) Октавиан Август

      F) Тарквиний

      G) Гораций

      H) Юстиниан

 

30. 1989 жылдан бастап мұнай экспорттайтын елдер ұйымына (ОПЕК) мүше елдер:

      А) Алжир

      В) Тунис

      С) Сирия

      Д) Ливия

      Е) Эфиопия

      F) Франция

      G) Испания

      H) Албания 

 

 

Дұрыс жауаптарының кілті:

II нұсқа

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

В

В

С

А

В

Д

Е

С

В

В

С

Е

Д

С

А

Д

В

Д

Д

Д

 

 

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

С, Д, H

Д, F

В, Д, F

Д

С, Д

F

В

В, С, F

В

А, Д

 

Қате туралы хабарландыру