Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайындағы заманауи педагог

14 қазан күні сағат 15-00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайындағы заманауи педагог» тақырыбында вебинар өтеді.

Вебинардың спикері - Ошанова Нуржамал Турашовна, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі.

Вебинарда сіз «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтің заманауи құзыреттерін қалыптастыру» онлайн-біліктілікті арттыру курсы туралы білесіз. Аталған курсты BilimLand және Абай атындағы ҚазҰПУ бірлесіп құрды және ҚР БҒМ сараптамалық кеңесімен келісілді. Курстың сертификаты педагог аттестаттаудан өткен кезде ескеріледі. 

Вебинарға қатысу тегін!

Вебинарға қосылу үшін біздің Youtube каналына сілтеме бойынша өтіңіз.