Средняя школа №8

Средняя школа №8 - Bilimland.kz
Средняя школа №8
Средняя школа
Адрес:
Асан Кайгы, 56
Электронный адрес:
Сайт:
Добавлено: 18.05.2024
2422
№ 8 орта мектеп Ақмола қаласының алғашқы мектептерінің бірі. Алғашқы ғимараты қазіргі Иманов атындағы көшеде екі қабатты үйде орналасқан. 1962 жылдан бастап мектеп Гастелло көшесінде бес қабатты жаңа ғимаратқа көшкен. 1972 жылға дейін аралас мектеп болған, ал 1973 жылдан бастап қазақ сыныптары №4 орта мектепке көшіріліп, тек орыс сыныптары қалған. 1988 жылы ата-аналардың көмегімен 12 оқушымен бірінші қазақ сыныбы ашылған. Сол жылдан бастап қазақ сыныптарының саны көбейіп, 2000-2001 оқу жылынан бастап № 8 қазақ орта мектебі аталдық. Мекен- жайы: Астана қаласы, Асан қайғы көшесі , 56. Мектептің тұрған жерінің ауданы Бүгінгі күні 670 оқушыға шағымдалған мектепте 1470 оқушы мемлекеттік тілде дәріс алады, 60 сынып комплект , 27 кабинет және сынып бөлмесі, оның ішінде: 2 компьютер кабинеті, 1 лингафон, 1шеберхана бөлмесі /ағаш жөндеу/ және қыз балаларға арналған /іс тігу/, 1 спортзал , 1 акт залы, асхана, оқушыларға арналған кітапхана, кітап қоры /мектеп оқулықтары , брошюра және журнал даналары/ Бастауыш сынып буынында – 21 сынып , 7 кабинет бар. Негізгі буында 33 сынып , орта буында 6 сынып . 14 кабинет ,физика , химия, 2 компьютер, 1 лингофон кабинеттері бар. Санитарлық режимді сақтауға тырысамыз. Оқушылардың көптілігіне байланысты мектеп ІІІ ауысымда жұмыс істейді, соған қарамай үзіліс арасында мектеп ауасы тазартылып , еден жуылады. Оқушылар үзілісте асханадан тамақтанады.