Детский сад-начальная школа №12

Детский сад-начальная школа №12 - Bilimland.kz
Детский сад-начальная школа №12
Начальная школа
Адрес:
Қамысты, 7
Электронный адрес:
Сайт:
Добавлено: 20.05.2024
2450
1966 жылы ұлы орыс жазушысы Н.В. Гогольдің аты берілген № 12 мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. Ақмола қаласының қалалық білім бөлімінің 1996 жылғы № 272 бұйрығымен мектеп № 12 мектеп-кешені болып қайта ұйымдастырылды. Ал 2010 жылдың 31 тамызында Астана қаласының әкімдігінің шешімімен № 22-805п оқу мекемесі бастауыш мектеп болды. Мекеме екі қабатты, 14-жұмыс кабинеті бар, оқу үшін барлағы бар, оқушылардың оқу жұмысы мен мұғалімдердің толыққанды жұмыстары ұйымдастырылған.Мектеп директоры Қалқаманова С.Б. тікелей жетекшілігімен педагогикалық ұжым балалармен жұмыстағы ең басты қағида-өз қол астындағыларға білімнің берік кірпішін қалау деп біледі. Бұл мамандықта қызмет ету барлығына бірдей берілмейді. Өздерінің кішкентай оқушыларының саналарына білім нәрін құю барлығына берілмейді. Мұғалім мамандығы дегеніміз не... мұғалім мамандығы бұл- өмірдің қиын мектебі арқылы кішкентай және жарқын ақыл-ой сыйлау. Сәуле Балтабайқызы кішкентай кезінде болашақтағы мамандығын таңдап қойған.Сол жылдары оның педагогикаға ықыласы ауған. Сәуле Балтабайқызы педагогикалық институтқа түскенде ешқашан өз таңдауына өкінген емес. Ол басқарып келе жатқан білім ордасы күннен-күнге өсіп келеді.Жыл сайын оқушалар ауысуда, өзгермейтін тек қана басшы мен мұғалімдердің ерең еңбегі. Сәуле Балтабайқызы мектепе қабырғасында көптеген жақсылықтар жасап, ерінбей еңбек етуде. Мектеп ол келгеннен бастап жаңадай өмір сүре бастады, оқу мекемесі жас тұлғаны оқыту үшін қазіргі заманға сәйкес барлық оқу стандаттарымен және құрал-жабдықтармен қамтылған. Сәуле Балтабайқызының жетекшілігімен мектепке тату және біріккен ұжым жиналды. Мұндай ұжымды жинау оңай емес, бірақ оның жұмыс тәжірибесімен ол бұл істі оңайлықпен жүзеге асырды. Оның қасында бір кемеде жүзгендей білімді оқушылары мен тәжірибелі мұғалімдері бар. Осындай ұйыған ұжым ортасында 20 шығармашыл ұстаздар, тәлімгерлер мен оқуды жаңа аяқтаған жас мамандар жұмыс істейді. Олардың орта жасы-43,7. Ұстаздар өздерінің тәжірибелерімен қалалық газеттер мен республикалық және қалалық әдістемелік журналдарға бөліседі. Олардың жетекшілігімен мектеп оқушылары халықаралық, республикалық және қалалық олимпиадалрдың, сайыстар мен ғылыми жобалардың иегерлері. 2010 жылдан бастап мектеп жалпы білім бағдарламасы бойынша жұмыс істейді, онда педагогикалық ұжым мен оқушылар басты мәселелер мен міндеттерді орындап, даму үшін жұмыс жасауда.Мектеп жұмысының негізгі бағыты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отыру. Педагогикалық ұжым қызметінің қорытындысы оқушыларының танымдық белсенділігін арттырып, тұлға ретінде қалыптастырып және білім сапасын көтеретін, нәтиже әкелетін әртүрлі халықаралық, республикалық және аудандық сайыстар мен акцияларға қатысып, орындар иеленуі. Мектептің қызметі балаларды қорғап, әлеуметтік жағынан қолдау, олардың денсаулығын нығайтып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жеке тұлға етіп қалыптастыру үшін тәрбиелеп, оқытуға және әрі қарай дамытуға негізделген. Мектеп өздерінің болашақ түлектерін үнемі өзгеріп тұратын әлемде өмір сүре білуге дайындайды.Мектепте педагогикалық міндеттің негізгі сапасы болып оқушылардың жалпы білімдік қабілетін қалыптастыру болып саналады. Бастауыш мектептің басты белгісі – тұлғаны тәрбиелеу.