Средняя школа №57

Средняя школа №57 - Bilimland.kz
Средняя школа №57
Средняя школа
Адрес:
Шарбақты, 46
Электронный адрес:
Сайт:
Добавлено: 18.05.2024
2318
01.09.2007ж. - 2007-2008 оқу жылы Елордамыз - Астана қаласында тағы бір жаңа «Астана қаласының №57 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі ашылды. Мектебімізді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ж.Х.Түймебаев мырзаашты. Мектептің ашылу салтанатына 1313 оқушы қатысты. Астана қаласы Промышленный тұрғын алабының тұрғындары мен оқушылары көптен күткен қуаныштарына қол жеткізді. Ата-аналар атынан мемлекет тарапына зор алғыс, ризашылық білдірілген есте қаларлық күн болды. Жаңа мектеп қабырғасында 1-сынып оқушыларына алғашқы сабақ берген ұстазымыз - Омарова Нағима Тұрғынбайқызы және 11-сыныпқа алғашқы сабақ берген ұстазымыз - Байшораева Гүлзада Рахманқызы. Жаңа мектептің алғашқы күміс қоңырауын 1-сынып оқушысы - Қызыр Аружанмен 11-сынып оқушылары - Қуандықова Гүлфайруз және Ахметов Мейірхансоқты. 01.10.2007ж. - Жаңа мектепке алғашқы жеңіс дипломын ДЗЮДО спорт түрінен 9-сынып оқушысы - Елубаев Мирас әкелді. 01.02.2008ж. - Жаңа мектепке алғашқы Республикалық ғылыми жобалар сайысынан 11-сынып оқушысы - Абильмажитова Маржан финалист атағын әкелді. 15.08.2008ж. - Алғашқы алтын медальді Халықаралық деңгейде«Тоғызқұмалақ» ұлттық ойын түрінен Қырғызстан Республикасынан 9-сынып оқушысы - Құсайынова Салтанат әкелді. 25.09.2008ж. – Мектебіміз«Ең үздік мектеп ауласы» атағын жеңіп алды. Мектебіміздің ауласын көгалдандыру жұмысын әр оқушы, әр ұстаз мақтаныш тұтады. 19.09.2008ж. - Жаңа мектепке алғашқы болып қазақтың сүйікті ақыныТ.Айбергеновтың ұрпағы есік ашты. Қалалық Білім басқармасының әдіскерлерімен «Тіл - ақылдың өлшемі атты» қалалық семинар өткізілді. Алғашқы қалалық семинарды мектеп АНА ТІЛІМІЗ – ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ арнады. 24.09.2008ж. - «Ең үздік қазақ тілі мұғалімі» атағын мектебіміздің аға ұстазы, «Білім беру ісінің үздігі» - Шнанов Ризабек Шамарданұлы жеңіп алды. 23.10.2008ж. - Жаңа мектепке алғаш шақырылған «Бетпе-бет» бағдарламасының тележүргізушісі - Берік Уәли мырза болды. Оқушылармен кездесу «Мен Отанымның патриотымын» тақырыбына арналды. 21.01.2009ж. - Балалар жазушысы - Толымбек Абдрайыммен кездесу өтті. Бұл кездесу оқушыларды шығармашылыққа баулитын үлкен кеш болатын. 21.02.2009ж. - Алғашқы ағылшын тілінен эксперимент сыныпта қалалық мұғалімдерге семинар берген ағылшын тілінің мұғалімі - Баяндина Венера Сериковна. 14.04.2009ж. - «Бастауыш сыныптар мұғалімі» сайысыныңбасжүлдесінұстазымыз - Өмірбаева Салтанат жеңіп алды. 18.04.2009ж. - «Шаттық» Ұлттық Дельфийлік бағдарламасынан күміс медаль әкелген 6-сынып оқушысы - Абылғазы Еламан және жетекші мұғалімі -Түсіпхан Ерлан Кеңесбекұлы. 21.05.2009ж. - Республикалық педагогикалық олимпиадада 3-жүлделі орынды мектебіміздің психологы - Менлибекова Ақмарал Абдуманаповна жеңіп алды. 11.03.2009ж. - Астана қалалық білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен «Мультимедиялық кабинеттің мүмкіндігі» атты қалалық семинар өтті. Семинарға қаланың 39 мектебінен математика мұғалімдері қатысып, дәріс алды. Математика мұғалімі - Тастанбекова Айсұлу Мүтәқызы өз тәжірибесімен бөлісті. 24.08.2009ж. - Мектебіміз тамыз көрмесіне «Салауатты өмір салты» бағыты бойынша қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.