Школа-гимназия №78

Школа-гимназия №78 - Bilimland.kz
Школа-гимназия №78
Гимназия
Адрес:
Е-11, 8
Электронный адрес:
Сайт:
Добавлено: 24.11.2024
3107
Астана – Қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ғимараты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған еңселі елордамыздың сол жағалауында тағы бір білім ошағымен толықты. Астана қаласы әкімдігінің №78 мектеп – гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Қайратұлы Ахметовтың қатысуымен 2014 жылдың 1 қыркүйек күні ашылды. Мектеп ғимаратының ерекшелігі: жобалық сыйымдылығы – 1 200 орындық. Жалпы ауданы – 11480 кв.м. Мектеп ғимаратында 65 оқу кабинеті: оның ішінде 2 мультимедиялық, интернет жүйесіне қосылған 12 интерактивті тақта орнатылған. Акт залының сыйымдылығы – 360 орындық, асхана – 400 орындық, Қол өнер шеберлігін дамыту мақсатында іс тігу, ағаш, темір өңдеу шеберханалары заманауи технологиялармен қамтылған. Би залы және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған спорт залы бар. Мектеп-гимназияның сыртқы алаңдарының басты ерекшелігі: 2 қимыл-қозғалыс алаңы, 9 арнайы спорттық ойындарға жабдықталған. Мектебіздің жоғарғы қабатында биологиялық алаң орналастырылған. Оқу үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі. Оқу мекемесінің бейіндік бағыты – гуманитарлық бағыт. Мектеп – гимназия Қазақстан тарихы, қазақ, ағылшын, француз, неміс тілдерін тереңдетіп оқытады. Қазіргі таңда мектебімізде 43 мұғалім қызмет етуде. Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санаты – 9 мұғалім ( оның ішінде Қазақстан білім беру ісінің үздігі- 1 мұғалім, Ы. Алтынсарин төс белгісінің иегері-2 мұғалім) ;біліктілігі жоғарғы деңгейдегі І санатты- 8 мұғалім; біліктілгі жоғарғы деңгейдегі ІІ санатты – 5 мұғалім; мектебімізде биылғы оқу орнын бітірген 21 жас маманмен қамтылған (оның ішінде магистр-1 мұғалім, үздік диплом-8 мұғалім ). Біліктілік деңгейін көтеру мақсатында -5 мұғалім деңгейлік курсты бітірген.