Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия

Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия - Bilimland.kz
Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия
Средняя школа
Адрес:
ул. Туркебаева, 4
Добавлено: 20.04.2024
3536
Алматы қаласы Алмалы ауданы Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия директоры Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Бижанов Атығай Бүркітбайұлы Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназиясына қош келдіңіздер! Бүгінгідей дамыған заман көшіне ілесу үшін, ең алдымен, сапалы білім қажет. Білім-тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену бар. №62 гимназия 1983-1984 оқу жылында алғашқы қазақ мектептерінің бірі болып ашылып, қаншама түлектің қанатын қатайтып, білім нәрімен сусындатып, тарихқа еніп келеді. Елбасының: "Елдің болашағын білімді ұрпақ айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі-жастар. Олар заман талабына сай тєрбиеленуі керек" деген ұлағатты сөзін басшылыққа алып, жемісті еңбек етіп келеді. "Білім алу-батылдық, оны толықтыру-даналық, ал шебер қолдана білу-өнер" десек, сондай өнерлі, білімді де білікті ұстаздар гимназияның тірегі дер едім. Бұл гимназия-әр жылы сырлы шежіреге толы, әр ұстазының еңбек жолы ұрпаққа өнеге, әр түлегінің ұлттық рухы бекем, әр шәкірті білім биіктерінде көрініп жүрген білім шаңырағы.