Атам төрде отырады

Ауляисова Дарига Абдугалиевна
Ауляисова Дарига Абдугалиевна
Костанайская
село Новоильиновка
Ново-Ильиновская СШ
Қазақ тілі
Класс:
5-сынып
Раздел:
Отбасындағы дәстүр мен мерекелер
Тема:

Атам төрде отырады

15.01.2020
196
Скачать в PDF Скачать в WORD
Цели обучения (ссылка на учебную программу): Т\А 2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
Цели урока:  Аудиожазбадан диалог, монологті көреді, тыңдайды, болжам жасайды, негізгі ойды түсіндіреді
Языковые цели: Жаңа сөздерді есіне сақтап,сөйлеу барысында қолданады,сөздік қорларын молайтады, дамытады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Диалог, монолог Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: төр- почетное место қария- старик, старец, пожилой человек қонақ-гость төрлетіңіз- проходите, пожалуйста үлкендер- взрослые, пожилой человек  
Ожидаемый результат:  Монолог бойынша ой қорытып, ата бейнесінің моделін жасайды. Көтерілген мәселе негізінде өз пікірін білдіріп, ауызша ой толғайды.
Критерии успеха: Ауызша мәтін құрауда қазақша амандасу мәнерін дұрыс қолданады. Ұлттық этикет формаларын қажеттілігіне қарай орынды қолданады.  
Привитие ценностей: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» тармағы сабақ барысында ішінара іске асады. Үлкенді кұрметтеуге, отбасылық дәстүрлерді ұғынуға тәрбиелеу.
Навыки использования ИКТ: Кескіндер, суреттер, аудиомәтін
Межпредметная связь: Өзін-өзі тану
Предыдущие знания: «Артығын алып таста». Алдында өткен отбасы тақырыбына байланысты отбасы мүшелерін тап, артығын алып таста. Отбасы мүшелеріне байланысты мақал-мәтел айт. (Ықтимал жауаптар: Әке көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер. Әке – асқар тау, Ана –етегіндегі бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ т.б.)  

Ход урока

Этапы урока Запланированная деятельность на уроке Ресурсы

Начало урока

(5 мин)

Қызығушылықты ояту Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал туғызу. Қолданылатын әдіс:"Ассоциация". Оқушыларды топтастыру. Қолданылатын әдіс: "Шаңырақ" Топқа бөлу: Стикерлерде жазылған ата, әже, немере сөздері арқылы оқушылар топқа бөлінеді.      4 түрлі-түсті лента  

Середина урока

(18 мин)

Сабақтың критериалды бағалау түрлері тақтада ілініп тұрды. Суреттерді тақтаға шашыраңқы түрде іліп қоямын. Көру арқылы оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтап аламыз. 1-тапсырма «Ата туралы» монологті тыңда, оқы (интербелсенді тақтада монологтің сөзі де жазылып тұрады), топта ата бейнесінің моделін жаса. Әр топ өз қалаулары бойынша жасайды, айтады Ұсыныс: Бағалау критерийі 1. Монологтің мазмұнын түсінеді, ата моделін жасайды. ҚБ. Топтар бірін –бірі «Үш шапалақ» арқылы бағалайды. Бәрі түсінікті– үш рет шапалақтайды, Толық түсінбедік- екі рет шапалақтайды, Мүлдем түсінбедік – бір рет. 2-тапсырма Мәтінмен жұмыс. Төр Төр қонақ бөлменің жоғарғы жағы. Ол жасы үлкен адамдар Қонақтар отыратын сыйлы орын. Қазақ үйге келген қонақты «төрлетіңіз» «төрге шығыңыз» деп отырғызып құрмет көрсетеді. Қазақ халқында дастарханға үлкендерден бұрын отыру ұят болып саналатын. Себебі алдымен ақ сақалды ата мен ақ шашты әжені сыйлап төрден орын береді .Үлкен кісілер көпті көрген сыйлы кісілер. Қазақта төріңнен қарт кетпесін деген сөз бар. Себебі қарт тілегін айтып, батасын береді. Қолданылатын әдіс: «Егжей тегжейлі оқылым» "Постер құру " (10 мин ) Берілген мәтін бойынша сызба-постер жасайды, қорғайды. Бағалау критерийлері: Мәтін мазмұнын түсінеді. ҚБ (топтар арасында) Стикерлер тарату, шапалақ. Отбасы, қариялар туралы суреттер кескіні Үлестірме материал А3, түрлі-түсті қарындаш,же- лім,стикерлер      

Конец урока

(10)

3-тапсырма. «Дербес пікір» Диалог пен монологтағы негізгі идеяны сарала, онда кездескен сөз, сөз тіркестерін қолданып, «Атасын сыйлаған абыройға бөленер» немесе «Ата – баланың қорғаны» деген тақырыпта ауызша ой толға. Бағалау критерийі 1. Таңдаған тақырыбы бойынша монолог, диалогта кездескен сөз, сөз тіркестерін пайдалана отырып ауызша ой толғайды.&nbsp;&nbsp; <p><br></p>

Рефлексия

(8 мин)

Кері байланыс «Бес саусақ». Кері байланыс жазған соң алақанды тақтада ілінген жанұяның суретінің маңайына апарып жапсырады. Ол отбасындағы татулық пен бірлікті білдіреді. Бас бармақ. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балаң үйрек. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Ортан терек. Мен бүгін ауыспалы мағыналы сөздерді қолдана алдым ба? Шылдыр шүмек. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек . Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? Үйге тапсырма: «Отбасындағы атаның рөлі» шағын эссе жаз.&nbsp; &nbsp; <p><img src="/uploads/lesson_plans/5e1f28aa4f723/images/5e1f2ecca1e35.png" style="width: 55px;"><br></p>

Отзывы(0)