Атам төрде отырады.

Кабенова нурсулу Базаровна
Кабенова нурсулу Базаровна
Акмолинская
Савинка
Савинская ош
Қазақ тілі
Класс:
5-сынып
Раздел:
Отбасындағы дәстүр мен мерекелер
Тема:

Атам төрде отырады.

28.01.2020
152
Скачать в PDF Скачать в WORD
Цели обучения (ссылка на учебную программу): Т3.Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердіңмағынасын түсіну. А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. Ж5.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.  
Цели урока: Барлық оқушылар орындай алады:Сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шағын диалогқа қатыса алу Кейбір оқушылар орындай алады:Жалғаулардың ерекшеліктерін ескеріп,үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жаза алу.  
Языковые цели: Жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: «Менің ойымша ...», «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...», «Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын ...», Диалогқа қатысты тіркестер:Сыйлы,дана адам,бата береді,көпті көрген.  
Ожидаемый результат: Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шағын диалогқа қатыса алу Кейбір оқушылар орындай алады:Жалғаулардың ерекшеліктерін ескеріп,үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жаза алу.  
Критерии успеха: Тақырыпқа қатысты жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді Шағын диалогқа қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді  
Привитие ценностей: Үлкенге деген құрметке,отбасы сыйластығына,қазақ отбасындағы дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу
Навыки использования ИКТ: Интернеттен ақпарат алу:суреттер
Межпредметная связь: Өзін-өзі тану пәні
Предыдущие знания:

Ход урока

Этапы урока Запланированная деятельность на уроке Ресурсы

Начало урока

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал. «Жылы лебіз».Оқушылар кезекпен жүрекше беру арқылы бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Сократ стиліндегі әңгіме». Екі шеңбер бірінің ішінде бірі. «Ішкі шеңберге» отырған оқушылар тақырыпқа қатысты сұрақты талқылайды, ал «сыртқы шеңбер» олардың дәптерлеріндегі ынталандыруға (стимул) қатысты айтылатын бөлімдерді тыңдайды. Бірақ уақыт өткен соң өзара рөлдерімен алмасуға болады. -Қазақ отбасының ерекшеліктері қандай? -Отбасында ата-әженің орны қандай? -Әке-шешенің орны қандай? -Қазақ отбасында қандай дәстүрлер қалыптасқан? -Батаны кім береді? Сабақ тақырыбын анықтау: «Атам төрде отырады» Саралау әдісі.«Сиқырлы сандар»әдісі бойынша оқушыларды топқа бөлу.Үш түсті стикерлерге 1,2,3 сандары жазылады. Жұмыс парақтарын тарату.  

Середина урока

Тыңдалым алды тапсырма(5мин.) ЖОқушылар жеке жұмыс жасайды. Оқушыларға таратпа қағаз үлестіріледі.Сөздер мен суреттерді сәйкестендіріп, ауызша дыбыстап айтады. а б в ә г дұрыс жауап: 1-б, 2-в, 3-г, 4-ә, 5-а. Смайликтер беру арқылы ҚБ жүргізу Мәтінмен жұмыс Төр Төр қонақ бөлменің жоғарғы жағы.Ол жасы үлкен адамдар,қонақтар отыратын сыйлы орын.Қазақ үйге келгенқонақты «төрлетіңіз», «төрге шығыңыз» деп отырғызып ,құрмет көрсетеді.Қазақ халқында дастарқанға үлкендерден бұрын отыру ұят болып саналатын.Себебі алдымен ақ сақалды ата мен ақ жаулықты әжені сыйлап төрден орын береді.Үлкен кісілер көпті көрген дана, сыйлы адамдар.Қазақта «төріңнен қарт кетпесін», «қарты бар үйдің қазынасы бар» деген сөздер бар.Себебі қарт тілегін айтып,батасын береді. 1) (М.Қ)Тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу және оқушыларға тыңдату 2) Жұмыс парақшасындағы жаңа сөздерді тыңдаған мәтіннен анықтау «Сөзді тап» әдісі»арқылы жаңа сөздерді мәтіннен анықтау Төр- почетное место Қария – старик, старец Қонақ- гость Төрлетіңіз- проходите пожалуста Үлкендер – взрослый, пожилой человек Дана адам-мудрый человек Сыйлы-уважаемый 3) Кестедегі тірек сөздердің мағынасын өз сөзімен түсіндіру № Жаңа сөздер Мағынасы 1 Төр Сыйлы адамдарға,үлкендерге арналған орын 2 Қарт,қария Көп жасаған адам 3 Дана Өмірдің шындығын түсінетін,ел қамын ойлаған адам 4 Бата Үлкен адамдар айтатын ізгі тілек ДескрипторБілім алушы Мәтінді мұқият тыңдайды Тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді Кері байланыс -Мәтін мазмұны түсінікті болды ма? -Қандай сөздердің мағынасы сендер үшін түсініксіз болды? «Допты лақтыру» әдісібойынша сұрақ-жауапжұмысы диалогқа дайындық Сұрақтар : 1.Төр қайда орналасқан ? 2. Қазақ халқы үйге келген қонақты қалай қарсы алған ? 3.Қонаққа қалай құрмет көрсеткен? 4.Қазақ халқы төрге кімді отырғызған? 5.Қазақта қарт туралы қандай аталы сөздер бар? 6.Дастарқанға кім бата береді? (Оқушылар ауызша жауап бере отырып, ішкі уәжді арттыра түседі.) Сергіту сәті «Бір үйде біз нешеуміз?» «Әңігімедегі серіктестік» әдісі бойынша жұптық жұмыс-шағын диалог құрып сөйлесу. Саралау әдісі бойынша тапсырма. ІІІ деңгей. Мәтіннен көптік жалғаулы зат есімдерді теріп жазып,жалгауларын анықтау. ІІ деңгей.Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді жазып,жалғауларын анықтау І деңгей. Еліміздің қазынасы-қарттарымыз аман болсын Менің атам –зейнеткер Атаң неше жаста Қалыптастырушы бағалау. «Мен саған,сен маған» әдісі бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды.        

Конец урока

Бата жаттап келу.

Рефлексия

Рефлексия «Даналық ағашы» сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып «білім ағашына» іледі. Мен не үйрендім. Мен не түсіндім. Мен не орындадым Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша оқушыларды бағалау    

Приложение:

Отзывы(0)