Мен анаммен барамын
Мен анаммен барамын
| Цели урока: | Барлық оқушылар: Отбасы мүшелерін атай алады, өзінің қандай да бір жерге ( дүкенге, саябаққа, мектепке, үйге, тауға) кіммен баратынын айта алады. Оқушылардың басым бөлігі: Өзінің мектепке/үйге кіммен баратынын айта алады, мұғалімнің көмегімен көмектес септігінің жалғауын дұрыс қолдана алады. Кейбір оқушылар: Сабақта үйрен құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. |
| Языковые цели: | Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндай алады. |
| Ожидаемый результат: | Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не? туралы екенін түсіеді. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап береді. |
| Привитие ценностей: | улкендерді аялау, тәрбиелі болуға талпыну. |
| Навыки использования ИКТ: | видеоролик, аудио, презентация |
| Межпредметная связь: | дуниетану |
| Предыдущие знания: | мен саяхатқа барамын туралы әңгімелесу. |
Ход урока
| Этапы урока | Запланированная деятельность на уроке | Ресурсы |
|---|---|---|
|
Начало урока |
Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша мұғалім балалардың мектепке кіммен баратынын түсіндіреді. (МК,Ұ) 2-тапсырмада оқушылар қайда? сұрағы арқылы сұрақ қоя біледі. «Сен қайда барасың?» деген сұраққа жауап беріп, толықтырып айтуға жаттығады. Мысалы: Мен мектепке барамын. Мен тауға барамын. Мен саябаққа барамын. Сондай-ақ екінші кесте бойынша мұғалім кіммен? деген сұрақты түсіндіреді. Бұл сұраққа да кесте бойынша жауап беру үлгілерін көрсетеді. Мысалы: Мен анаммен ( әкеммен, атаммен, әжеммен) барамын. |
диалог презентация |
|
Середина урока |
Бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді, үшінші бала екінші баланың жауабын қайталайды. Мысалы: – Сен қайда барасың? – Мен үйге барамын. – Сен кіммен барасың? – Мен анаммен барамын. (МК,Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушылардың назарын барады етістігінің болымсыз түрін түсіндіреді. Барамын/бармаймын. (Ұ) 4-тапсырмада оқушылар барамын / бармаймын етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айтады. Мысалы: Сен қайда барасың? Сен кіммен барасың? деген сұрақтарға жауап І жақта береді. |
ойын ,карточкалар |
|
Конец урока |
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнату. Оқушылар сабақта нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
ойын |
|
Рефлексия |
"МЕН САҒАН СЕН МАҒАН" ойын |
Отзывы(0)