Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы

Ишмухамедова Раушан Исаевна
Ишмухамедова Раушан Исаевна
Ақмола облысы
село Златополье
Златопольская СШ
Самопознание
Класс:
3 класс
Раздел:
Быть человеком
Тема:

Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы

26.02.2020
70
Скачать в PDF Скачать в WORD
Цели обучения (ссылка на учебную программу): Мақсаты: Оқушыларды жақсылық жасауға үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Цели урока:
Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға айналасындағы барлық адамдарды жақсы көрудің маңызын ұғындыру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тату болуға тәрбиелеу.

Критерии успеха: Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.
Привитие ценностей: Құндылығы: Сүйіспеншілік

Ход урока

Этапы урока Запланированная деятельность на уроке Ресурсы

Начало урока

(0-5)

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5. Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Тыныштық сәті. «Орманға серуен». Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз.Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!Рахмет.   Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru

Середина урока

(5-30)

2. Үйге тапсырманы тексеру. 1. «Қайырлы іс» мәтінін мазмұнын сұрау.. Сұрақтар: 1. Қарт адам қандай іс атқарды? 2. Жолаушы оған неліктен таңғалды? 3. Қарт адамның бойында қандай қасиеттер бар? 4. Қарттың жасаған ісін қалай бағалауға болады? 5. Өзің қандай қайырлы іс жасап көрдің?

3. Сабақтың дәйексөзі. «Біреуге жақсылық етсең ол жақсылығыңды міндет етпе» Ы.Алтынсарин. Сұрақтар: 1. Жақсылық жасасаң,міндет етпе дегенді қалай түсінесің? 2. Жақсылық жасау қандай әрекет? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек.Өйткені, ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың: «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан. Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген екен. Біреуді таны-таныма жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал-мәтел жаттап жүруіміз керек. 4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Тату ағайындылар Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді. Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды. Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады: «Жоқ,.біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек». Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды. Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!» Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады. Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жрде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды: - А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың? Інісі айтады: -А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың? Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді. Сұрақтар: 1. Әнгіме кімдер жайлы? Екі ағайындының іс-әрекеттері дұрыс па? 2. Сен болсаң не істер едің? 3. Әңгіменің соңында ағайындыларды не біріктірді? 4. Осындай дұрыс әрекет жасап отырсақ, риясыз сүйіспеншілікпен көмектесіп отырсақ ішкі тыныштығың жай табады. Мысалы өздеріңнің өмірлеріңде осындай жағдай кездесті ме? 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1. «Ана мен бала арасындағы махаббат». Өздеріңнің аналарыңа деген тілектеріңді алдарыңдағы кішкене жүрекшеге жазып,оны үлкен жүрекке жапсырайық. 2. «Гүлдесте жасау». Қолдарыңда отырған гүлдерге табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді жазып, гүлшоғырын жасайсыңдар. 3. «Күн сәулесі». Күн сәулелеріне Отанға,туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді жазып,күнді құрастырыңдар. 4.. Өз сыныптастарыңызға деген достық тілектеріңізді жазып, алма ағашына ілесіздер.
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://infourok.ru

Конец урока

(30-35)

6. Топпен ән айту. «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!» Нұрын төккен маған Шуағымсың – сен! Айналайын мама, Қуанышыңмен! Шаттандырған мені Жұбанышым – сен! Құттықтаймын сені Туған күніңмен!   видео

Рефлексия

(35-40)

7. Үйге тапсырма 1. «Жақсы ата – орман, жақсы бала - қорған» мәтінін оқып келу. 8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.   Кітап

Отзывы(0)