Жаңашыл мұғалім - 2023

Байқау туралы

Мақсаты:
педагогтердің білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға қосқан үлесін тану және тарату;
педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу.
Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімі
Байқау екі кезеңнен тұрады:
І кезеңнің жұмыстарын қабылдау: 07.11.2022 – 25.02.2023
ІІ кезеңнің жұмыстарын қабылдау: 13.03.2023 – 11.05.2023

Байқау шарттары
Байқау жұмыстары байқау талаптарына сай болуға тиіс. Қалғанын (құрылымын, безендіру нысаны мен стилін) көздеген мақсатына қарай авторлар өзі шешеді.
Байқаудың бірінші кезеңінен өтпеген жұмыстар екінші кезеңге жіберілмейді.
Байқауға қатыса отырып, қатысушылар «Bilim Land» компаниясына қатысушылардың суретін, байқауға жолдаған жұмыстарын (видео және мәтіндік материал) компанияның сайттары мен әлеуметтік желілерде толық немесе ішінара жариялауға рұқсат береді.
Байқаудың жүлде қоры 2 000 000 теңге.
Байқауды ұйымдастыру
Байқау жұмыстарын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, ақшалай жүлделерге ие болады:
«Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
«Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
«Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» аталымы – 500 000 (бес жүз мың) теңге.
* Байқау ұйымдастырушыларының/демеушілерінің қосымша сыйлықтары да қарастырылған.
Байқауды ұйымдастырушылар кез келген аталым бойынша 2 жеңімпазға дейін таңдау құқығына ие.
Байқауға жіберілген материалдарға рецензия жазылмайды, қатысушыларға сараптама қорытындысы берілмейді.
Байқауды ұйымдастырушылар Байқауға қатысушылардың электрондық үлгідегі сертификаттарын 1-кезеңнің қорытындысы бойынша, жұмысы байқаудың барлық талабына сай келетін қатысушыларға береді.
Байқауды ұйымдастырушылар Байқау финалистерінің электрондық үлгідегі сертификаттарын 2-кезеңнің қорытындысы бойынша, байқаудың екінші кезеңіне өткен және байқаудың барлық талабына сай келетін жұмыс жолдаған қатысушыларға береді.
Байқауды ұйымдастырушылар Байқау жеңімпаздарының баспа түріндегі дипломдарын байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлдесімен бірге береді. Әр аталымның жеңімпаздарын сараптама комиссиясы анықтайды (ең көбі екі жеңімпаз).

* Байқауға қатысушылар мен финалистерінің сертификаттары 01.06.2023 конкурсқа қатысушылардың жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Байқау талаптары

Байқауға қатысатындар:
1. Қазақстан азаматтары немесе ҚР аумағында жұмыс істейтін оқытушылар (тәрбиешілер, салалық (тар бейінді) педагогика мамандары).
2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және арнайы орта білім беру ұйымдарында кәсіби қызметін жүзеге асыратын педагогтер (орта мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, колледждердің практик-мұғалімдері, бөбекжайлардың, балабақшалар мен шағын орталықтардың педагог-қызметкерлері).
3. Білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілері, тәлімгерлер мен тәрбиешілер.
* Қатысушылардың педагогикалық еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауға тиіс және бәрі де жұмыс орнынан берілген, еңбек өтілін растайтын анықтаманы электрондық түрде ұсынуға тиіс (анықтамасыз байқауға қатысу мүмкін емес).
* Байқау Қазақстан Республикасының аумағында ғана өтеді.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
сабақтың (сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелердегі ұйымдастырылған оқу қызметінің) жоспар-конспектілерін, сынып сағаттарының, сыныптан тыс іс-шаралардың әзірлемелерін, мерекелік іс-шаралар сценарийлерін құрастырудағы әдістемелік сауаттылық;
сабақ жоспарының (оның ішінде ұйымдастырылған оқу қызметінің) міндетті түрде орта білім беру бағдарламасына және МЖМБС-ға сай болуы;
тәрбиеші жасаған ұйымдастырылған ойын әрекеті немесе режимдік процесс, серуен әзірлемесінің, сондай-ақ мектепке дейінгі топ (сынып) педагогінің, дене шынықтыру нұсқаушысының, музыкалық жетекшінің, қазақ тілін оқытушының ҰОҚ әзірлемесінің және мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың (логопед, психолог және т. б.) түзету сабақтарының міндетті түрде үлгілік бағдарламаға және МЖМБС-ға (2022 ж.) сай болуы);
жоспар-конспектілерді, сынып сағаттарының әзірлемелерін жасағанда bilimland.kz, bilimustaz.kz, onlinemektep.org, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz, bilimcenter.kz, bilimkids.kz білім беру ресурстарының мультимедиалық және/немесе цифрлық оқу материалын (бейнефильмдер, анимациялық презентация, мультимедиалық слайд-шоу, интерактивті жаттығулар, симуляторлар, диаграммалар, сызбалар, жұмыс парақтары және т. б.) міндетті түрде қолдану;
практикада қолдануға жарамдылығы;
жұмыстың сапалы безендірілуі;
авторлық идеяның бірегейлігі;
авторлық құқықтардың сақталуы (басқа авторлардың жұмысын толық немесе ішінара көшіруге тыйым салынады; плагиат жұмыс ұсынғаны анықталған қатысушылар байқауға қатысуын тоқтатады);
байқауда жеке адамның жұмысы бағаланатындықтан, сабақтың әзірлемесі БІР ғана авторға тиесілі болуға тиіс;
мысалы, интеграцияланған сабақ, ұйымдастырылған ойын әрекеті және т. с. с. форматтағы байқау жұмысын екі (одан көп емес) қатысушы ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайда байқауға қатысу туралы өтінім беру мен жүлдені алуды ТЕК бір ғана жеке тұлға жүзеге асырады;
әрбір қатысушы бір тілде, тек БІР АТАЛЫМ БОЙЫНША қатысып, БІР ғана жұмыс жібере алады.
Осы талаптарға сай келмейтін жұмыстар байқауға қатыстырылмайды.

Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері
1. Өзектілігі. Берілген сабақта цифрлық ресурстардың орынды қолданылуы, оқушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталуы. Оларды пайдаланудың өзектілігі мен бірегейлігі, сабақ мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі. Белгілі бір ресурсты таңдаудың дәйектілігі (бұл сабақта неліктен дәл осы ресурс пайдаланылды, қосымша материалдардың, оқу құралдары мен нысандарының осындай үйлесімі таңдалды; осы ресурсты қолдану қалай жүзеге асты).
2. Педагогтің әдістемелік құзіреттілігі. Сабақ нысаны мен мазмұнының, әдіс-тәсілдердің қойылған мақсаттарға және білім алушылардың жасына сай болуы, оқу құралдарын пайдаланудың нәтижелілігі. Оқу процесіндегі нысандардың, әдістердің, заманауи тәсілдердің әралуандығы, олардың жаңалығы әрі бірегейлігі. Репродуктивті және проблемалы оқыту нысандарын үйлестіру, білімді практикада қолдану.
3. Нәтижелілігі (байқаудың 2-кезеңі үшін). Сабаққа қатысқан оқушылардың уәждемесі, белсенділігі/енжарлығы, жеке-сараланған тәсілдерді белсенді түрде қолдану, білім алушылардың рефлексивті қызметі, оқушылардың (тәрбиеленушілердің) оқу материалын ұғынуы.
4. Көрнекілігі (байқаудың 2-кезеңі үшін). Видеотүсірілімнің сапасы мен безендірілуі, педагогтің өзін-өзі таныстыруы, сөзі, сабақ беру стилі, педагог пен оқушылар арасындағы ынтымақтастық ахуалы. Схемаларды, кестелерді, диаграммалар мен иллюстрацияларды пайдалану.
Байқау жұмыстарын бағалау:
1-кезең: 27.02.23 – 13.03.23
2-кезең: 12.05.23 – 01.06.23
Байқау қорытындысы 2023 жылғы 1 маусымда bilimland.kz, bilimustaz.kz платформаларында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдар мен жүлделерді табыстау 2023 жылғы 1 маусымда (қоса алғанда) офлайн өтеді.

Аталымдар

Аталымдар

Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар

Бұл аталымға қатыса алатындар: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және арнайы орта білім беру ұйымдарында кәсіби қызметін жүзеге асыратын педагогтер (орта мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, колледждердің практик-мұғалімдері).
 

1-кезең:
Байқаудың бірінші кезеңінің жұмысы заманауи педагогикалық технологиялардың элементтерін,
мысалы:
- онлайн оқытуды (синхронды/асинхронды онлайн-сабақтар);
- мобильді оқытуды (дербес электрондық құрылғыларды пайдалана отырып оқыту);
- аралас оқытуды, атап айтқанда модельдерін: «төңкерілген» сынып, станциялар ротациясы;
- CLIL-пәндік-тілдік интеграцияланған оқытуды (мектеп пәнін шет тілі арқылы оқу);
- геймификацияны және басқаларын; сондай-ақ bilimland.kz, bilimustaz.kz, onlinemektep.org, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz цифрлық ресурстарының бірін немесе бірнешеуін қолданып өткізген сабақтың Word форматындағы кеңейтілген жоспары болып табылады.
* Жоспарда бір не бірнеше педагогикалық технологияны қолдануға болады, бұл ретте қандай технологиялар және не үшін қолданылғанын көрсету маңызды.
 

2-кезең:
Байқаудың екінші кезеңінің жұмысы – байқауға қатысушының YouTube (youtube.com) парақшасында жарияланған сабақтың видеофрагментінің сілтемесі.

Видеода (10 – 15 мин.) педагогтің өзі туралы, байқауға ұсынған жұмысында пайдаланылған заманауи педагогикалық технологиялар туралы әңгімесі (ең көбі 2 минут), сондай-ақ цифрлық құралдар арқылы жаңа педагогикалық технологиялар қолданылғанын көрсететін сабақтың видеофрагменті қамтылуға тиіс.
● 1 және 2-кезеңнің жұмыстары бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, яғни байқауға қатысушы екінші кезеңде сабақтың жалпы тұжырымдамасын (қалауынша) өзгертуге құқылы.
● Мысалы, интеграцияланған сабақ, ұйымдастырылған ойын әрекеті және т. с. с. форматтағы байқау жұмысын екі (одан көп емес) қатысушы ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайда байқауға қатысу туралы өтінім беру мен жүлдені алуды ТЕК бір ғана жеке тұлға жүзеге асырады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту

Бұл аталымға қатыса алатындар: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және арнайы орта білім беру ұйымдарында кәсіби қызметін жүзеге асыратын педагогтер (орта мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, колледждердің практик-мұғалімдері).
 

1-кезең:
Байқаудың бірінші кезеңінің жұмысы – өткізу кезінде педагог оқушылардың функционалдық сауаттылығын: математикалық сауаттылықты, оқу сауаттылығын, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты, қаржылық сауаттылықты, жаһандық құзыреттерді, цифрлық сауаттылықты және т. б. қалыптастыруға бағдарланатын сабақтың/факультативтік сабақтың Word форматындағы кеңейтілген жоспары. 
Байқау жұмысында bilimcenter.kz, bilimland.kz, onlinemektep.org, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz және т. б. ресурстардың бірін немесе бірнешеуін қолдану міндетті.
 

2-кезең:
Байқаудың екінші кезеңінің жұмысы – байқауға қатысушының YouTube (youtube.com) парақшасында жарияланған сабақтың видеофрагментінің сілтемесі.
Видеода (10 – 15 мин.) педагогтің өзі туралы, педагогикалық қызметінде және байқауға ұсынған жұмысында оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы жұмысы туралы әңгімесі (ең көбі 2 минут), сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың өнімділігін қамтамасыз ету үшін арнайы белсенді, іс-әрекеттік, тұлғаға бағытталған және дамыта отырып білім беретін технологиялар қолданылғанын көрсететін сабақтың/факультативтік сабақтың видеофрагменті қамтылуға тиіс. Видеофрагментте оқушыларға адам тіршілігінің әртүрлі саласында көптеген мәселені шешу үшін мектепте алған білімін жедел әрі саналы түрде қолдануды үйрету процесін көрсету маңызды. 
● 1 және 2-кезеңнің жұмыстары бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, яғни байқауға қатысушы екінші кезеңде сабақтың/факультативтік сабақтың жалпы тұжырымдамасын (қалауынша) өзгертуге құқылы.

Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар

Бұл аталымға қатыса алатындар: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және арнайы орта білім беру ұйымдарында кәсіби қызметін жүзеге асыратын педагогтер (орта мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, колледждердің практик-мұғалімдері), білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілері, тәлімгерлер мен тәрбиешілер.
 

1-кезең:
Байқаудың бірінші кезеңінің жұмысы – bilimland.kz, onlinemektep.org, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстары қолданылған сынып сағатының немесе кез келген басқа сыныптан тыс шара әзірлемесінің Microsoft Word форматындағы кеңейтілген жоспары. Байқау жұмысы өткізу кезінде оқыту мен тәрбие беруді интеграциялаған сынып сағатының немесе кез келген басқа сыныптан тыс шараның егжей-тегжейлі әзірлемесі болуға тиіс.
 

2-кезең:
Байқаудың екінші кезеңінің жұмысы – байқауға қатысушының YouTube (youtube.com) парақшасында жарияланған сабақтың видеофрагментінің сілтемесі.

Видеода (10 – 15 мин.) педагогтің өзі туралы, мұғалімнің, сынып жетекшісінің, тәлімгердің немесе тәрбиешінің қазіргі әлемдегі рөлі туралы әңгімесі, сондай-ақ bilimland.kz, onlinemektep.org, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурс(тар)ының қолданылғанын көрсететін сынып сағатының немесе сыныптан тыс шараның жарқын да қызық видеофрагменттері қамтылуға тиіс.
1 және 2-кезеңнің жұмыстары бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, яғни байқауға қатысушы екінші кезеңде сабақтың/факул

Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту

Бұл аталымға қатыса алатындар: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық және түзетуші қызметті жүзеге асыратын педагогтер (оның ішінде мамандандырылған топтардың педагогтері), сондай-ақ салалық мамандар, логопедтер, психологтер (және мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өзге де мамандары).
 

1-кезең:
Байқаудың бірінші кезеңінің жұмысы – мектепке дейінгі мекеме тобындағы немесе мемлекеттік не жеке меншік мекеменің мектепалды даярлық сыныбындағы (оның ішінде түзету топтары мен сыныптарындағы) сабақтың кез келген (жаңа материалды енгізу, танымдық іс-әрекетке уәждеу, материалды жаңарту, бекіту, ойын, практикалық іс-әрекет нысандары, рефлексия және т. с. с.) кезең(дер)індегі ұйымдастырылған қызметтің Word форматындағы кеңейтілген және құрылымдалған жоспар-конспектісі. Сабақ әзірлемесі бірегей әрі мемлекеттік стандарттың талаптарына, ал ұйымдастырылған оқу (оқу-ойын) қызметі мектепке дейінгі білім беруді бағалау критерийлеріне сай болуға тиіс. Атап айтқанда, бұл критерийлер мынадай:
- қауіпсіз инклюзивті орта құру, балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан жағдай жасау;
- балалар ойын (өзге де) әрекетінде әуестік, қызығушылық танытуы үшін танымдық және әлеуметтік уәждер (мотив) қалыптастыру;
- креативті, сыни ойлауды, командада сәтті қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, жеке қабілеттерді іске асыруға бағытталу; нәтижеге бағытталу, тәрбиелеу процесінің сапасының көрінісі ретінде рефлексияны ұйымдастыру;
- педагогтің ойындарды, оның ішінде құрылымдалған ойынды, балалардың еркін ойындарын ұйымдастыруда жеке-сараланған тәсілді қолдануы.
Байқау жұмысының міндетті шартыbilimkids.kz платформасының ресурстарын немесе Bilim Kids ютуб-каналының материалдарын қолдану.
 

2-кезең:
Байқаудың екінші кезеңінің жұмысы – байқауға қатысушының YouTube (youtube.com) парақшасында жарияланған сабақтың видеофрагментінің сілтемесі.

Видеода (10 – 15 мин.) педагогтің өзі туралы, мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудің жаңа стандарттарын іске асыру жағдайындағы педагогтің (оның ішінде мектепке дейінгі білім беру мекемесі маманының) рөлі туралы әңгімесі, сондай-ақ инновациялық педагогикалық (түзетуші) қызметтің видеофрагменті қамтылуы тиіс. Ұйымдастырылған (ойын, түзету) қызметтің видеофрагменті мектепке дейінгі мекеме тобында немесе мектепалды даярлық сыныбында оқу-ойын қызметін өткізудің жоғарыда аталған талаптарының бәріне (1-кезеңді қараңыз) жауап беруі, сондай-ақ байқау жұмыстарын бағалау критерийлеріне сай болуы тиіс.
● 1 және 2-кезеңнің жұмыстары бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, яғни байқауға қатысушы екінші кезеңде сабақтың жалпы тұжырымдамасын (қалауынша) өзгертуге құқылы.

Психологиялық қолдау

«Жаңашыл мұғалім –2023» байқауына қатысушыларды психологиялық қолдау және сүйемелдеу жұмысының жоспары

«БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫП ЖАТЫРСЫЗ БА? - САБЫРҒА ШАҚЫРАМЫЗ»

«Эмоция дегеніміз - кеменің желкендерін үрлейтін жел.

Ол кемені қозғалысқа келтіре алады немесе оны суға батыруы мүмкін»

Вольтер

Эмоционалды шиеленісті жеңілдету, психикалық ахуалды реттеу әдістері

Байқау-бұл шығармашылық толқу, шабыт. Бұл тек қатты адамның өзі туралы мәлімдеме жасау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жаңалықтармен бөлісу қажеттілігі. Бұл ерекше әлем. Қарым-қатынас әлемі, бәсекелестік, сәттілік пен олжа. Байқау әрқашан толқу мен эмоциялардан тұрады. Байқаудағы сәттілік құпияларының бірі-өз толқуларыңызды жеңу. Ұсынылған әдістер мен жаттығулар сізге толқуды жеңуге көмектеседі. Релаксация әдістері дененің бұлшық еттерін босаңсытуға көмектеседі.

Релаксация қиялымдағы «Жұлдыз»

Релаксациялық ғарыштық музыка қойылады, шамдар сөнеді немесе перделер жабылады – ыңғайлы отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. Үш рет терең дем алып, деміңізді шығарыңыз... енді сіздің бас жағыңызда әдемі жұлдыз тұрғанын елестетіп көріңіз. Бұл сіздің жұлдызыңыз, ол Сізге тиесілі және сіздің бақытты екеніңіздің айғағы деп біліңіз. Өзіңізді осы жұлдыздың нұрымен, махаббат пен қуаныштың нұрымен жарықтандырғаныңызды елестетіп көріңіз. Енді қолыңызды алдымен жүрегіңізге, содан кейін тамағыңызға және маңдайыңызға қойыңыз. қолыңызды қойған жерлерде жарықтың жарқырағанын сезіңіз. Елестетіп көріңізші, сіз өзіңіздің жұлдызыңыз сияқты барлық бағытта айқын, жылы жарық сәулелерін шығарасыз және бұл жарық сіздің жаныңыздағы барлық адамдарға түседі. Енді өзіңізді тыңдаңыз. Сіз қандай да бір күшті сезімдерді сезінесіз бе? Бұл сезімдерді есте сақтаңыз және шаршап, жаңа күш пен өзіне деген сенімділік қажет болған жағдайда оларға жүгініңіз ал енді жұлдызбен қоштасып, қайта оралыңыз.

«5-4-3-2-1» әдісі

Бұл әдіс эмоциялық күйді шұғыл түрде жеңілдетудің тиімді әдістерінің бірі. Бұл сіздің миыңызды ғана емес, бүкіл денеңізді де осы процеске тартады. Сіз оны дауыстап та, ішіңізде де жасай аласыз.

- Айналаңызға қарап, дәл қазір көріп тұрған 5 нәрсені атаңыз.

- Оңай қол тигізуге және сезінуге болатын 4 нәрсені таңдап, атаңыз.

- Сіз еститін 3 нәрсені таңдаңыз, атаңыз

- Иісі арқылы сезінуге болатын тағы 2 нәрсені таңдаңыз.

- Дәмін татуға болатын 1 нәрсені табыңыз.

Бұл әдіс сіздің ойыңызды сергітеді және айналаңыздағы шынайы ортаға көңіліңізді бұруға көмектеседі. бірақ бірақ Мазасыздық дәрежесін тез төмендетеді және одан әрі эмоцияларыңызды қадағалауға мүмкіндік береді.

Тыныс алу жаттығулары

Терең және асықпай, толық тыныс алу стресс пен мазасыздық деңгейін төмендетуі мүмкін. Терең дем алып, дем шығару керек. Бұл жаттығуды тыныс алу қалыпқа келгенше және қалыпты дәрежеге жеткенше бірнеше рет жасаңыз. Байқау алдындағы қорқыныш пен толқудың кезінде мұндай әдіс көмектесе алады: қысқа,терең тыныс + үш қысқа, терең дем шығару. Әр түрлі нұсқаларды қолданып көріңіз және өзіңіздің «тыныс алу формуласын» табыңыз. Баяу және терең тыныс алғанда, ми әлдеқайда көп оттегін алады және парасимпатикалық жүйке жүйесінің жұмысын белсендіреді (тыныштандыру процестеріне жауап береді). Бұл жүрек соғу жиілігін төмендетеді, қысымды қалыпқа келтіреді және сізге тыныштық пен релаксация сезімін береді. Маңызды: бұл жаттығуды сізді ештеңе алаңдатпайтын тыныш ортада жасауға тырысыңыз.

Жалғастыру үшін «Келесі» батырмасын басыңыз

Мақалалар