«Жаңашыл мұғалім» байқауының тарихы

«Жаңашыл мұғалім» байқауы туралы

«Жаңашыл мұғалім» байқауы 

Компания туралы

BILIM LAND – Қазақстандағы электронды оқыту (e-learning) нарығын қалыптастырып, дамытып отырған инновациялық компания. Біз білім беруге қажет контентті әзірлеумен, бейімдеумен және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысамыз. Біздің клиенттеріміздің арасында мемлекеттік мекемелер, ірі IT-компаниялар, медиақұрылымдар, елдегі жетекші оқу орындары бар.

BilimLand – қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі нұсқалардағы анимациялық және бейне фильмдер, интерактивті электрондық сабақтар, тренажерлер, симуляторлар, ойындар мен тесттер түріндегі бүкіл мектеп бағдарламасын қамтитын ресурс. Бұл 30 мың жеке сабаққа біріктірілген миллионнан астам мультимедиялық файлдар, тек Қазақстанның ғана емес, ТМД-ның да электрондық білім беру контентінің ірі банкі.

Платформаны 2011 жылы Bilim Media Group құрды. Сервис Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және АҚШ аумағында жұмыс істейді.

«Жаңашыл мұғалім» байқауы туралы

2015 жылы BilimLand компаниясы педагогтар үшін «Жаңашыл мұғалім» байқауын өткізуді қолға алды, байқаудың басты шарттары педагогтың кәсібилігі, шығармашылық әлеуеті және оқыту процесінде АКТ-ны тиімді пайдалану болып табылады. Байқау бүгінде дәстүрге айналып, жыл сайын өтеді.

«Жаңашыл мұғалім» байқауы педагогтердің білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға қосқан үлесін тану және тарату, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу мақсатында өткізіледі. Конкурс онлайн режимде өткізіледі және 2 турдан тұрады.

Бірінші турдың конкурстық жұмысында педагогтар сабақтың, немесе сыныптан тыс іс – шараның авторлық әзірлемесін ұсынады. Таңдалған номинацияға байланысты сабақ өткізу кезінде цифрлық ресурстарды қолданады. Байқаудың бірінші кезеңінен сәтті өткен қатысушылар байқаудың екінші кезеңіне өтеді және өзінің (youtube.com) YouTube парақшасында жарияланған сабағының бейне үзіндісіне сілтеме жібереді. Бейне (10-15 мин) өзі туралы әңгімені, ұсынылған конкурстық жұмыста педагог пайдаланатын заманауи педагогикалық технологияларды, сондай-ақ цифрлық құралдардың көмегімен жаңа педагогикалық технологияларды қолдануды көрсететін сабақтың бейнефрагментін қамтуы тиіс.

Байқауды ұйымдастырушылар жыл сайын номинациялардың өзектілігіне мониторинг жүргізеді. Мониторинг нәтижелері бойынша ұйымдастырушылар өзектілігіне қарай конкурстың номинациясын ауыстыру немесе қосу туралы шешім қабылдайды. Мысалы, 2023 жылы байқау келесі аталымдар (номинациялар) бойынша ұйымдастырылды:

  1. Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар
  2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту
  3. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар
  4. Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту.

Жыл сайын байқау жеңімпаздары дипломдар, сертификаттар, бағалы сыйлықтар мен ақшалай жүлделер алады. 2022 жылға қарай байқаудың жалпы жүлде қоры 8 500 000 теңгені құрады. Осы орайда байқауға қатысу тегін екенін ерекше атап өткіміз келеді.

2015 – 2022 жылдар аралығында байқауға барлығы 7559 маман: мектепке дейінгі, орта, арнайы орта білім беру педагогтері республиканың түкпір-түкпірінен қатысқан.

Соңғы 4 жылдың байқауға қатысу туралы бекітілген ережелері төменде берілді.

«Жаңашыл мұғалім - 2019» республикалық байқауының ережелері

«Жаңашыл мұғалім - 2020» республикалық байқауын өткізу ережесі 

«Жаңашыл мұғалім 2021-2022» республикалық байқауын өткізу туралы ереже

«Жаңашыл мұғалім - 2023» республикалық байқауын өткізу туралы ереже

Байқауға қатысушылар

Конкурсқа ҚР Білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі мекемелердің, орта мектептердің, техникалық және кәсіптік білім берудің педагог қызметкерлері қатысады.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

Конкурсқа ұсынылатын материалдар педагогтердің инновациялық қызметінің қорытындысы болып табылады. Педагогтар педагогикалық қызметтің жетістіктеріне сүйеніп, білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оқытудың заманауи инновациялық технологияларына бағдарлануы тиіс. Конкурстық материалдарға қойылатын талаптар:

- сабақтың (сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелердегі ұйымдастырылған оқу қызметінің) жоспар-конспектілерін, сынып сағаттарының, сыныптан тыс іс-шаралардың әзірлемелерін, мерекелік іс-шаралар сценарийлерін құрастырудағы әдістемелік сауаттылық;

- сабақ жоспарының (оның ішінде ұйымдастырылған оқу қызметінің) білім беру бағдарламасына және МЖМБС-ға, тәрбиеші жасаған ұйымдастырылған ойын әрекеті немесе режимдік процесс, серуен әзірлемесінің, сондай-ақ мектепке дейінгі топ (сынып) педагогінің, дене шынықтыру нұсқаушысының, музыкалық жетекшінің, қазақ тілін оқытушының ҰОҚ әзірлемесінің және мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың (логопед, психолог және т. б.) түзету сабақтарының міндетті түрде үлгілік бағдарламаға және МЖМБС-ға (2022 ж.) сай болуы);

- жоспар-конспектілерді, сынып сағаттарының әзірлемелерін жасағанда bilimland.kz, bilimustaz.kz, onlinemektep.org, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz, bilimcenter.kz, bilimkids.kz білім беру ресурстарының мультимедиалық және/немесе цифрлық оқу материалын (бейнефильмдер, анимациялық презентация, мультимедиалық слайд-шоу, интерактивті жаттығулар, симуляторлар, диаграммалар, сызбалар, жұмыс парақтары және т. б.) міндетті түрде қолдану;

- практикада қолдануға жарамдылығы;

- жұмыстың сапалы безендірілуі;

- авторлық идеяның бірегейлігі;

- авторлық құқықтардың сақталуы (басқа авторлардың жұмысын толық немесе ішінара көшіруге тыйым салынады; плагиат жұмыс ұсынғаны анықталған қатысушылар байқауға қатысуын тоқтатады);

- байқауда жеке адамның жұмысы бағаланатындықтан, сабақтың әзірлемесі БІР ғана авторға тиесілі болуға тиіс.

Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері

Конкурстық жұмысты бағалау кезіндегі негізгі критерийлер:

1. Өзектілігі. Берілген сабақта цифрлық ресурстардың орынды қолданылуы, оқушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталуы. Оларды пайдаланудың өзектілігі мен бірегейлігі, сабақ мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі. Белгілі бір ресурсты таңдаудың дәйектілігі (бұл сабақта неліктен дәл осы ресурс пайдаланылды, қосымша материалдардың, оқу құралдары мен нысандарының осындай үйлесімі таңдалды; осы ресурсты қолдану қалай жүзеге асты).

2. Педагогтің әдістемелік құзіреттілігі. Сабақ нысаны мен мазмұнының, әдіс-тәсілдердің қойылған мақсаттарға және білім алушылардың жасына сай болуы, оқу құралдарын пайдаланудың нәтижелілігі. Оқу процесіндегі нысандардың, әдістердің, заманауи тәсілдердің әралуандығы, олардың жаңалығы әрі бірегейлігі. Репродуктивті және проблемалы оқыту нысандарын үйлестіру, білімді практикада қолдану.

3. Нәтижелілігі (байқаудың 2-кезеңі үшін). Сабаққа қатысқан оқушылардың уәждемесі, белсенділігі/енжарлығы, жеке-сараланған тәсілдерді белсенді түрде қолдану, білім алушылардың рефлексивті қызметі, оқушылардың (тәрбиеленушілердің) оқу материалын ұғынуы.

4. Көрнекілігі (байқаудың 2-кезеңі үшін). Видеотүсірілімнің сапасы мен безендірілуі, педагогтің өзін-өзі таныстыруы, сөзі, сабақ беру стилі, педагог пен оқушылар арасындағы ынтымақтастық ахуалы. Схемаларды, кестелерді, диаграммалар мен иллюстрацияларды пайдалану.

Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін тәжірибелі әдіскерлерден, білім беру саласындағы сарапшылардан, өткен жылдардағы жеңімпаздардан қазылар алқасы құрылады және өзектілігі, мазмұны, тиімділігі және презентативтілігі бойынша конкурстық жұмыстарды бағаланады.

Қазылар алқасының мақсаты – үміткерлерді кәсіби тұрғыдан бағалау, финалистер мен жеңімпаздарды анықтау. Жыл сайынғы қазылар алқасын таңдау Bilim Land компаниясының құзырында.

Әділқазылар алқасының мүшесі ретінде қатысуға келісім бере отырып, қазылар алқасының мүшесі өз еркімен барлық жұмыстарға саналы түрде талдау жасау және оларға әділ баға беру жауапкершілігін алады.

Қазылар алқасының әрбір мүшесі жобаларды бағалау бойынша шешімді жеке қабылдайды және өз шешімдері үшін үшінші тұлғалардың алдында жауап бермейді.

Байқаудың хронологиясы

Конкурстың хронологиясы

2022 год

2021 жылдың 22 қазанында шығармашыл және талантты мұғалімдердің жыл сайынғы «Жаңашыл мұғалім-2022» республикалық байқауы басталды. 

Байқаудың жүлде қоры - 2 000 000 теңге.

Байқау екі кезеңнен тұрды және бұл жылы номинациялар өзгертілді, олар цифрландыру жағдайындағы заманауи білім беру сұраныстарына жауап береді:

«Білім беруді цифрландыру шеңберіндегі Заманауи педагогикалық технологиялар»;

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту»;

«Цифрлық білім беру ортасы жағдайындағы оқушылардың жобалық қызметі»;

«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту».

Байқауға барлығы 1000-нан астам мұғалім қатысты. Оның ішінде екінші кезеңге 549 педагог өтті. Өкінішке орай, 37 жұмыс қабылданбады. Негізгі себептері: конкурс критерийлеріне сәйкес келмеуі және техникалық себептері - сабаққа сілтеме қолжетімсіз болды.

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарында-сабақтың бейнеүзінділерінде-жоғары кәсіби деңгейін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда шығармашылық көзқарасын көрсетті.

2022 жылы 25 мамырда жеңіске жеткен мұғалімдер жұмыс істейтін мектептерде салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Жаңашыл мұғалім – 2022» халықаралық байқауын өткізу туралы ереже

Тәуелсіз комиссия 4 аталым бойынша 5 жеңімпазды таңдады:

«Білім беруді цифрландыру аясындағы заманауи педагогикалық технологиялар» аталымы

Джабаева
Джабаева Айнур Тынышбековна
Мектеп: «№ 37 ЖББОМ КММ Ілияс Жансүгіров мектепке дейінгі шағын орталығы», Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылы.
Пән: Информатика
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

 

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» аталымы

Курмангалиев
Курмангалиев Алибек Амангельдыевич
Мектеп: «№ 27 орта мектеп» ММ, Қостанай қаласы.
Пән: Ағылшын тілі
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

 

«Цифрлық білім беру ортасы жағдайындағы оқушылардың жобалық қызметі» аталымы

Матвеев
Матвеев Андрей Николаевич
Мектеп: «№ 26 Гимназия» КММ, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы.
Пән: Робототехника
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

 

«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» аталымы

Биылғы жылы сараптау комиссиясына «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» номинациясының жеңімпаздарын анықтау қиын болды. Сондықтан жүлдені екі қатысушы арасында бөлу туралы шешім қабылданды:

Мунгалова
Мунгалова Татьяна Викторовна
Жұмыс орыны: «№44 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК, Қостанай қ.
Пән: Дене шынықтыру
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

Кокеева
Кокеева Гульвира Серикбаевна
Жұмыс орыны: «№33 "Алтын дән" бөбекжайы» МКҚК, Нұр-сұлтан қаласы.
Пән: Cөйлеуді дамыту, математика негіздері, жаратылыстану
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

2020 год

2019 жылдың 11 желтоқсанында шығармашыл және талантты мұғалімдердің жыл сайынғы «Жаңашыл мұғалім-2020» республикалық байқауы басталды.

Байқаудың жүлде қоры - 2 000 000 теңге.

Конкурс 1 турмен (2020 жылы пандемияға байланысты) 4 аталым бойынша өткізілді:

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Шағын жинақты мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ОБЖ)».

Байқау нәтижесінде 2020 жылдың көктемінде 733 мұғалім қатысушы сертификаттарын алды.

Байқаудың екінші кезеңі 2020 жылы 23.10.2020 - 19.12.2020 аралығында жаңа номинациялармен жалғасты:

«Қашықтық сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Дәстүрлі сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар».

Жеңімпаздар 2020 жылдың қаңтар айының соңында онлайн режимінде марапатталды.

«Жаңашыл мұғалім – 2020» халықаралық байқауын өткізу туралы ереже

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Кунарова
Кунарова Жанна Куспангалиевна
Мектеп: «Н.К. Крупская атындағы №14 лицей-мектебі» КММ, Арал қаласы, Қызылорда облысы.
Пән: Орыс тілі мен әдебиеті
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

 

«Онлайн сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Жанахметова
Жанахметова Толқын Амангелдинқызы
Мектеп: «Математика, физика, информатика дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қ,, Шығыс Қазақстан облысы.
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

 

«Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Залгаринова
Залгаринова Алмагүл Иманғалиқызы
Мектеп: Үлента орта мектебі, Ерементау ауданы, Үлента ауылы.
Пән: Қазақ әдебиеті
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

Серікбай
Серікбай Ерік Ниязбекұлы
Мектеп: «Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназия» КММ, Қостанай облысы, Рудный қаласы.
Пән: Информатика
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

«Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Янчук
Янчук Анна Владимировна
Жұмыс орыны: «Ивушка» балалар бақшасы, Қостанай облысы, Лисаковск қаласы.
Лауазымы: Тәрбиеші
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

Токжигитова
Тоқжігітова Аяужан Қонысбайқызы
Жұмыс орыны: ТОО «Ақылтай» балабақшасы» ЖШС тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
Лауазымы: Тәрбиеші
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

2019 год

2018 жылдың 18 желтоқсанында жасампаз және талантты ұстаздарға арналған дәстүрлі «Жаңашыл мұғалім-2019» республикалық байқауы басталды.

Байқаудың жүлде қоры – 2 000 000 теңге.

Байқау екі кезеңнен тұрды және төрт аталым бойынша жүргізілді:

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Тәрбие сағатындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындықта қолдану»;

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар».

Қатысушылар Қазақстанның барлық аймағынан қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жұмыстарын жолдады. Бірінші кезеңге 1618 жұмыс қабылданып, оның 681-і екінші кезеңге өтті.

Әдіскерлер, тәжірибелі ұстаздар, «Өрлеу» БАҰО АҚ қызметкерлері мен бұған дейін өткен байқауларда жеңіске жеткен ұстаздардан құралған сараптамалық комиссия жұмыстарға баға берді.

2019 жылы 25 мамырда жеңіске жеткен мұғалімдер жұмыс істейтін мектептерде салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Жаңашыл мұғалім – 2019» халықаралық байқауын өткізу туралы ереже

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Абдрашитова
Абдрашитова Жансая Ермековна
Мектеп: НЗМ ХБ, Нұр-Сұлтан 
қаласы.
Пән: Тарих
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

Батыр
Батыр Жәнібек
Мектеп: №83 мектеп-гимназия, Нұр-Сұлтан 
қаласы.
Пән: Физика
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

«Тәрбие сағатындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Сагиндыкова
Сағындықова Асемгүл Сабыржановна
Мектеп: №60 мектеп, Ақтөбе қаласы.
Пән: Бастауыш сынып
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

 

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымы

Станогина
Станогина Наталья Владимировна
Мектеп: №22 ОМ, Қостанай қ.
Пән: Математика
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

 

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Жамантаева
Жамантаева Ельмира Тургалиевна
Мектеп: Н.Крупской атындағы орта мектеп КММ, ШҚО, Жарма ауданы, Шалабай ауылы .
Пән: Бастауыш сынып
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

2018 год

2017 жылдың 4 желтоқсанында жасампаз және талантты ұстаздарға арналған дәстүрлі «Жаңашыл мұғалім-2018» республикалық байқауы басталды.

Байқаудың жүлде қоры – 2 000 000 теңге.

Байқау екі кезеңнен тұрды және төрт аталым бойынша жүргізілді:

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану»;

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар».

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жұмыстар жіберілді. Бірінші кезеңге келіп түскен 1128 жұмыстың ішінен 556 жұмыс іріктеліп алынып екінші кезеңге жолдама алды.

Байқау жұмыстарын Білім басқармасының әдіскерлері мен «Өрлеу» БАҰО АҚ және алдыңғы байқаулардың жеңімпаздарынан тұратын сараптамалы комиссия мүшелері бағалады.

2018 жылы 25 мамырда жеңіске жеткен мұғалімдер жұмыс істейтін мектептерде салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Жаңашыл мұғалім – 2018» халықаралық байқауын өткізу туралы ереже

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Джанбаева
Жанбаева Мая Нұрымқызы
Мектеп: Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы.
Пән: Ағылшын тілі
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

 

«Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Шынтасова
Шынтасова Гүлзат Бурабайқызы
Мектеп: НЗМ, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы.
Пән: Химия
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

 

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымы

Алмабеков
Алмабеков Ермек Алмабекұлы
Мектеп: Абылай хан атындағы орта мектеп, Алматы облысы, Есік қаласы.
Пән: Физика
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

Жакипова
Жақыпова Айнұр Әзімханқызы
Мектеп: №251 М. Әуезов атындағы орта мектебі, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылы.
Пән: Физика
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Исабекова
Исабекова Айгүл Кәрібайқызы
Жұмыс орыны: Қарашілік орта мектебі, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қарашілік ауылы.
Пән: Бастауыш сынып
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

Шукеева
Шүкеева Әлия Қабидолқызы
Мектеп: Новорыбинка шағын жинақты мектебі, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбинка ауылы.
Пән: Орыс тілі
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

2017 год

2017 жылы 10 қаңтарда жасампаз және талантты ұстаздарға арналған дәстүрлі «Жаңашыл мұғалім-2017» республикалық байқауы басталды. Бұл жылы Bilim Media Group компаниясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп өткізді

Байқаудың жүлде қоры – 2 000 000 теңге.

Байқау екі кезеңнен тұрды және төрт аталым бойынша жүргізілді:

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»;

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ҰБТ-ға дайындауда қолдану»;

«Шағын жинақты мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар».

Бірінші айналымға 1000-ға жуық жұмыс келіп түсті. Қатысушылар жоғары кәсіби деңгейлерін паш етіп, оқыту барысында Bilim Media Group ресурстарын креатив тәсілдермен қолдатынын көрсетті. Бас жүлдегер атануға 281 жұмыс үміткер болды.

Мұғалімдердің жұмысын бағалаған сараптау комиссиясының құрамында BMG компаниясының басшылары мен қазылар алқасының тәуелсіз мүшелері, яғни нағыз майталман педагогтар болды.

2017 жылы 25 мамырда жеңіске жеткен мұғалімдер жұмыс істейтін мектептерде салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Жаңашыл мұғалім – 2017» халықаралық байқауын өткізу туралы ереже

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ҰБТ-ға дайындауда қолдану» аталымы

Ниязбекова
Ниязбекова Айгүл Иманбекқызы
Мектеп: №75 мектеп-гимназия, Астана қаласы.
Пән: Тарих
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

 

«Шағын жинақты мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Бардаль
Бардаль Сергей Владимирович
Мектеп: «Новорыбинка орта мектеп-балабақшасы» ШЖМ, Ақмола облысы, Новорыбинка ауылы.
Пән: Информатика
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

 

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Кашкынбаева
Қашқынбаева Роза Орынбайқызы
Мектеп: №16 ОМ МКМ, Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск ауылы.
Пән: Бастауыш сынып
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

Иманшарипова
Иманшарипова Арман Жұмабайқызы
Мектеп: НЗМ, Астана қаласы.
Пән: Физика
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

«Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы

Темирханова
Темірханова Әлия Бекешқызы
Жұмыс орыны: мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы.
Пән: Тарих
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

 

Алишева
Алишева Қымбат Маратқызы
Мектеп: «1 май орта мектебі» КММ, Алматы облысы, Қарасай ауданы.
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Жүлде: Диплом және 250 000 теңге

2016 год

«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар қауымына құрмет көрсету мақсатында тамаша кәсіби мейрамның бірі – Мұғалімдер күні басталады.

«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының бірінші кезеңі 2015 жылдың 2 сәуірінде басталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ге жуық мұғалімдер мен тәрбилеушілер байқауға қатысуға өтініш білдіріп, жұмыстарын жіберді. Байқау жұмыстары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жіберілген. Қазылар алқасы байқауға келіп түскен жұмыстарды екінші кезеңге жіберу үшін сараптағанда, қатысушылардың жіберген жұмыстарының бірегейлігі мен байқау шарттарында көрсетілген талаптарға сай болуына баса мән берді.

Байқаудың екінші кезеңі 2015 жылдың 20 желтоқсанында басталып, 2016 жылдың 15 ақпанында аяқталды. Байқау қатысушылары өз жұмыстарын видео үлгісінде: өзі туралы бейнебаян (ұзақтығы 30 секундтан аспайтын видеоролик) мен бір сабақтың видеосын түсіріп жіберді.

Бірінші кезеңдегі жұмыстарға қойылған талаптар екінші кезеңде де білім беруде АКТ-ны қолдана білу, педагогтың шығармашылық әлеуеті, сабақ беру барысында BilimLand.kz ресурстарын тиімді пайдалану шарттары толықтай сақталды.

Екінші кезеңнің мәресіне 131-і қатысушы жолдама алды. Өзі туралы видеопрезентация мен өткізген сабағының видеонұсқасы үш тілде: қазақ тілінде – 87, орыс тілінде – 37, ағылшын тілінде – 7 жұмыс келіп түсті.

«Жаңашыл мұғалім – 2016» халықаралық байқауын өткізу туралы ереже

«Жаңашыл мұғалім-2016»

Суйрибаев
Сүйрібаев Бақытбай
Мектеп: №11 ОМ МКМ, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы.
Пән: Физика мен информатика
Жүлде: Диплом және 500 000 теңге

2015 год

Bilim Media Group компаниясы BilimLand онлайн-ресурсын қолданушы мұғалімдерге арналған «Жаңашыл мұғалім» байқауын ең алғаш рет 2015 жылдың 10 наурызы мен 10 сәуірі аралығында өткізген болатын. Байқауға қазақ тілінде 300-ге жуық жұмыс, орыс тілінде 31 жұмыс, ағылшын тілінде 16 жұмыс келіп түсті. Байқаудың басты шарты BilimLand білім беру порталының ресурстарын мүмкіндігінше толыққанды пайдалану болғандықтан, байқау талаптарына сай болған жұмыстар ғана жобаға қатысты.

Тәжірибелі педагог-әдіскерлер мен Bilim Media Group компаниясының басшылығынан құралған қазылар алқасы байқау жұмыстарын келесі критерийлер бойынша бағалады: жұмыстардың өзектілігі, мазмұндылығы, нәтижелілігі мен көрнекілігі және жұмыс сапасының көркемдік әрі техникалық тұрғыдағы жоғары болуы.

Байқауға қатысушылардың барлығы Bilim Media Group компаниясының атынан Алғысхат алды. Ал байқау жеңімпаздары Bilim Media Group компаниясының дипломымен марапатталды және өз таңдаулары бойынша BilimLand.kz немесе Itest.kz, Imektep.kz немесе Twig-Bilim.kz білім беру ресурстарының біріне жазылу мүмкіндігіне ие болды.

«Жаңашыл мұғалім – 2015» халықаралық байқауын өткізу туралы ереже

«Жаңашыл мұғалім-2015»

Федорова
Федорова Светлана Владимировна
Мектеп: №14 мектеп-лицей, Қарағанды облысы, Абай қаласы
Пән: Биология
Жүлде: Диплом, iPad mini және Білім беру ресурсы (таңдау бойынша).

Жалғастыру үшін «Келесі» батырмасын басыңыз