Жаңашыл мұғалім-2020

Байқау туралы

«Жаңашыл мұғалім – 2020»

республикалық байқауын өткізу ережесі

Мақсаты

  1. Мұғалімнің әлеуметтік және кәсіби оң имиджін қалыптастыру
  2. Педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу
  3. Оқытудың барлық форматын: дәстүрлі, қашықтан және аралас оқыту форматтарын жетілдіру

Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімі

Жұмыстар 23.10.2020 – 19.12.2020 аралығында қабылданады,

Байқау шарттары

  • Байқауға қатысушылардың барлығы педагог болуы тиіс
  • Байқауға қатысушылардың барлығы OnlineMektep.org НЕМЕСЕ bilimland.kz, НЕМЕСЕ itest.kz, НЕМЕСЕ imektep.kz, НЕМЕСЕ twig-bilim.kz білім беру ресурстарына жазылуы тиіс.
  • «Жаңашыл мұғалім 2019-2020» байқауының финалистері (Тізімді қараңыз) байқаудың бірінші кезеңіне (01.11 дейін) қатысқаны үшін электрондық Сертификаттарға ие болады және бас жүлде үшін екінші кезеңге қатыса алады. Бұл ретте бұл қатысушылар аталымын өзгерте алады.
  • Байқауға қатысатын жұмыстар байқау талаптарына сай болуы тиіс. Авторлар негізінен (құрылымы мен дизайнерлік шешім) қойылған талаптарға сүйене отырып, өз шешімдерін басшылыққа алады.
  • Қатысушылар байқауға жұмыстарын жолдау арқылы BilimLand компаниясына қатысушылардың суреттерін, байқауға қатысатын жұмыстарын, атап айтқанда, бейнематериалдарын OnlineMektep.org және bilimland.kz сайттарында, әлеуметтік желілерде толық немесе ішінара жариялауға келісім береді.

 

Байқауды ұйымдастыру

Байқауға келіп түскен жұмыстарды тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды.

Жеңімпаздар диплом мен көрсетілген мөлшердегі ақшалай жүлдеге ие болады:

  • «Қашықтан оқыту сабағындағы АКТ» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге);
  • «Дәстүрлі сабақтағы АКТ» аталымы - 500 000 (бес жүз мың теңге);
  • «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы - 500 000 (бес жүз мың теңге);
  • «Мектепке дейінгі білім берудегі АКТ» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге).

 

Әр аталым бойынша үздік 10 жұмыстың авторлары Алғыс хатпен марапатталады.

Байқауға кімдер қатыса алады?

  1. Қазақстан азаматтары немесе ҚР аумағында жұмыс істейтін оқытушылар (педагогика саласының мамандары);
  2. Мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру мекемелерінің (балабақша тәрбиешісі, орта мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде сабақ беретін мұғалімдер) оқытушылары;
  3. Білім беру мекемелерінің сынып жетекшілері, тәлімгерлері мен тәрбиешілері.

Барлық қатысушының педагогикалық жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс және әр қатысушы жұмыс орнынан берілген растайтын анықтаманың электронды нұсқасын ұсынуы тиіс (анықтама ұсынбаған қатысушылар байқауға жіберілмейді).

*Байқауға тек ҚР аумағындағы педагогтер қатыса алады.

Байқау талаптары

Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар

  • сабақ, сыныптан тыс шара, оқу жұмысын өткізудегі әдістемелік сауаттылық;
  • сабақ (оқу) мазмұнының міндетті түрде МЖМБС мен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сай болуы;
  • міндетті түрде OnlineMektep.org НЕМЕСЕ bilimland.kz, НЕМЕСЕ itest.kz, НЕМЕСЕ imektep.kz, НЕМЕСЕ twig-bilim.kz білім беру ресурстарының мультимедиалық материалын (видеофильмдер, анимациялық презентациялар, мультимедиялық слайд-шоу, интерактивті жаттығулар, симуляторлар, диаграммалар, сұлбалар, жұмыс парақтары және т.б.) пайдалану;
  • практикада қолдануға икемділігі;
  • жұмыстың сапалы безендірілуі;
  • авторлық идеяның бірегейлігі;
  • авторлық құқықтың сақталуы (басқа авторлардың жұмысын толық немесе ішінара көшіруге тыйым салынады; плагиат жұмыс ұсынған қатысушылар байқаудан шеттетіледі);
  • байқауда жеке адамның жұмысы бағаланатындықтан, байқауға ұсынылатын жұмыс БІР ғана авторға тиесілі болуы тиіс;
  • әр қатысушы тек бір тілде, БІР ҒАНА АТАЛЫМ БОЙЫНША қатысып, байқауға БІР ғана жұмыс ұсына алады.

Байқау талаптарына сай келмейтін жұмыстар байқауға жіберілмейді.

Байқауға қатысатын жұмыстарды бағалау критерийлері

  1. Өзектілігі. Цифрлық ресурстарды орынды қолдану. Оларды пайдаланудың өзектілігі мен бірегейлігі, сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі. Белгілі бір ресурсты таңдауды (бұл сабақта неліктен дәл осы ресурс пайдаланылғанын, қосымша материалдардың, оқу құралдары мен нысанының дәл осы үйлесімі таңдалғанын; осы ресурсты қалай қолданғанын) аргументтеу.
  2. Ұстаздың әдістемелік құзіреттілігі. Оқу нысанының, мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің қойылған мақсаттар мен білім алушының жасына сай болуы, оқу құралдарын пайдаланудың нәтижелілігі. Оқу процесінде қолданылған нысандардың, әдістердің, заманауи тәсілдердің әралуандығы, жаңалығы мен бірегейлігі. Репродуктивті және проблемалық оқыту нысандарын үйлестіру, алған білімді практикада қолдану.
  3. Нәтижелілігі. Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ынталандыру, олардың белсенділігі/енжарлығы, рефлексивті қызметі, оқу материалын ұғынуы.
  4. Көрнекілігі. Видеоның сапасы мен безендірілуі, педагогтің өзін-өзі таныстыруы, сөйлеу мәнері, сабақ беру стилі, педагог пен оқушылардың бірге жұмыс істеу жағдайы. Сұлбаларды, кестелерді, диаграммалар мен кескіндерді пайдалану.

bilimland.kz және OnlineMektep.org ресурстар қосылмаған мектептердің мұғалімдері +7 (727) 344 95 95, +7 (707) 944 95 95 нөмірлеріне хабарласып, жеке сұраныс жасау арқылы аккаунт аштыра алады.

  • Байқауды ұйымдастырушылар кез келген аталымда 2 жеңімпазға дейін таңдау құқығын өзіне қалдырады.
  • Байқауға жіберілген материалдарға рецензия жазылмайды, қатысушыларға сараптамалық қорытынды берілмейді.
  • Байқау шарттарына сай келетін жұмыстарды ұсынған сайыскерлерге берілетін электронды алғыс хаттар.

Байқауға жолданған жұмыстарды бағалау кезеңі: 20 – 28 желтоқсан.

Байқау қорытындысы 2020 жылдың соңына дейін OnlineMektep.org және bilimland.kz порталдарында, әлеуметтік желілерде жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдар мен жүлделерді табыстау 2021 жылғы 15 қаңтарда өтеді.

Аталымдар

Аталымдар

Онлайн сабақтағы АКТ

Форматы: онлайн

10-15 минуттық видео. Видеода мұғалім өзі жайлы, қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі туралы айтып (ең көбі 2 минут), OnlineMektep.org НЕМЕСЕ bilimland.kz, НЕМЕСЕ itest.kz, НЕМЕСЕ imektep.kz, НЕМЕСЕ twig-bilim.kz ресурстары қолданылған онлайн сабағының (синхронды формат) видеоүзіндісін көрсетуі тиіс.

Байқауға жолданған жұмыс сервистің құралдары (чат) мен материалдарын (видео, конспектілер, интерактивті жаттығулар және т.б.) белсенді түрде қолдана отырып және оқушылардың танымдық қызметін көрсете отырып, OnlineMektep.org білім беру сервисіндегі видеоконференция немесе Zoom функционалы (немесе басқа сервистер) арқылы өткізілген мектеп сабағынан (онлайн) үзінділер болуы тиіс.

Байқауға қатысатын жұмысты https://screencam.ru/download.php бағдарламасымен жазу керек.

Ол үшін:

  1. Бағдарламаны жүктеу;
  2. Бағдарламаны орнату және қолдану ережелерімен келісу;
  3. Сілтеме бойынша өтіп, видеода көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес әрекет ету керек: cілтеме.

 

«Дәстүрлі сабақтағы АКТ» аталымы

Форматы: офлайн

10-15 минуттық видео. Видеода мұғалім өзі жайлы, қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі туралы айтып (ең көбі 2 минут), OnlineMektep.org НЕМЕСЕ bilimland.kz, НЕМЕСЕ itest.kz, НЕМЕСЕ imektep.kz, НЕМЕСЕ twig-bilim.kz ресурстары қолданылған сабағының видеоүзіндісін көрсетуі тиіс.

Байқауға жолданған жұмыс оқушылардың белсенді танымдық қызметі көрінетін мектеп сабағын (офлайн) өткізу жөніндегі видеоүзінділер болуы тиіс. 

«Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы

Форматы: офлайн/онлайн

10–15 минуттық видео. Видеода мұғалім өзі жайлы, қазіргі қоғамдағы мұғалімнің, сынып жетекшісінің, тәрбиешінің немесе тәлімгердің рөлі туралы айтып, OnlineMektep.org НЕМЕСЕ bilimland.kz, НЕМЕСЕ itest.kz, НЕМЕСЕ imektep.kz, НЕМЕСЕ twig-bilim.kz ресурс(тар)ы қолданылған сынып сағатының немесе сыныптан тыс шараның көрнекі әрі қызық үзінділерін көрсетуі тиіс.

Байқауға жолданатын жұмыс педагог адами, отбасылық құндылықтар, патриотизм және интернет мәдениеті туралы маңызды тақырыптарды қозғай отырып өткізген сынып сағатының немесе сыныптан тыс кез келген шараның (онлайн немесе офлайн) үзінділері болуы тиіс.

«Мектепке дейінгі білім берудегі АКТ» аталымы

Форматы: офлайн

BilimKids ресурсы немесе Youtube → Bilim Kids видеосы қолданылған, кез келген жас тобының оқу қызметін ұйымдастыру тәжірибесінің видеоүзіндісі. 

Видеоның ұзақтығы – 10-15 минут. Видеода педагог өзі жайлы, мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешінің рөлі туралы айтып (1-2 минут), BilimKids ресурсын қолданған сабағынан үзінді көрсетуі тиіс.

Білім салаларын (денсаулық, қарым-қатынас, таным, шығармашылық, әлеумет) интеграциялаған жөн.

BilimKids ресурсының видеолары мен көрнекі материалдарын қолдану ұсынылады:

  • BilimKids.kz
  • Bilimland.kz → Мектепке дайындық → Қазақ тіліндегі балаларға арналған әндер
  • Youtube → Bilim Kids

 

Бұл аталымға мемлекеттік тілде де, билингвизм компонентін іске асыра отырып, басқа тілдерде де сабақ беретін педагогтер қатыса алады.

Жалғастыру үшін «Келесі» батырмасын басыңыз

Мақалалар