Курстар туралы

Виртуалды зертхана
Виртуалды зертхана

ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА

Бұл – Колорадо Болдер (University of Colorado Boulder – АҚШ) университетінің жетекші ғалымдары мен инженерлері физика, химия, биология, математика және география пәндері бойынша жасаған заманауи электрондық жаттықтырғыштар мен симуляторлардың бірегей кешені. Кешеннің түпнұсқа үлгісі ағылшын тілінде, аударылған нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған.

Аудиохрестоматия
Аудиохрестоматия

Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы

Қазақ әдебиеті аудиохрестоматиясының мақсаты – пән мұғалімдеріне заманға сай құрал бере отырып, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Аудиохрестоматия ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасында аталған барлық шығармалардың толық аудио нұсқаларынан құралады.

Атап айтсақ, бұл оқу құралын дайындау аясында 130 автордың 1500-ден аса туындысының толық нұсқалары сандық таспаға жазылды. Нәтижесінде жалпы көлемі – 900 cағаттан астам аудио жазба жинақталды. Бұл қазақ әдебиеті інжу-маржандарының мұндай ауқымда тұңғыш рет таспаға түсуі.

Химия
Химия

ХИМИЯ: қызықты, заманауи, қолжетімді

Химияны оқытуға арналған бірегей интерактивті кешен халықаралық әдіскер-ғалымдарының, алдыңғы қатарлы пән мамандарының, ұстаздардың, бағдарламалаушылар мен аниматорлардың ұжымымен жасалған. Кешен мектеп бағдарламасындағы химия пәнінің барлық сыныптарының тақырыптарын қамтиды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған.

Физика
Физика

ФИЗИКА: қызықты, заманауи, қолжетімді

Курстың сипаттамасы

Физиканы оқытуға арналған бірегей интерактивті кешен халықаралық ғалымдарының, әдіскерлер мән мамандардың, ұстаздардың, бағдарламалаушылар мен аниматорлардың бірлесуімен жасалған. Кешен мектеп бағдарламасындағы физика пәнінің 7–11-сыныптар арасындағы курсын қамтиды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай.

Мектепке дайындық
Мектепке дайындық

Мектепке дайындық – технологиялар саласында ең жоғары халықаралық бағаға ие болған, мектеп жасына дейінгі және арнайы көмекке зәру балаларға арналған интерактивті оқыту курс.

Неміс тілі
Неміс тілі

Неміс тілі

Курстың жалпы сипаттамасы

Неміс тілінің заманауи, қызықты және әмбебап курсы тілді бастапқы және аралық деңгейде (pre-intermediate) білетін жасөспірімдерге арналған. Аталмыш курс беделді даниялық Малмберг (Malmberg) баспасының «Na Klar!» оқу құралына негізделіп жасалған.

Француз тілі
Француз тілі

Француз тілі

Курстың жалпы сипаттамасы

Француз тілінің заманауи, қызықты және әмбебап курсы тілді бастапқы және аралық деңгейде (pre-intermediate) білетін жасөспірімдерге арналған. Аталмыш курс беделді даниялық Малмберг (Malmberg) баспасының «D'accord» оқу құралына негізделіп жасалған.

Ағылшын тілі
Ағылшын тілі

Ағылшын тілі

BilimLand аясындағы ағылшын тілін оқыту кешені екі бөліктен тұрады. Тілді енді үйрене бастаған төменгі сынып (1–6 сынып) оқушыларына арналған бөлім – Interactive Course деп аталады. Ал Interactive Exercises деп аталатын екінші бөлігі ағылшын тілін бастауыш, орта және ілгері деңгейде оқып жатқан жоғары сынып оқушыларына арналған.

Бастауыш математика
Бастауыш математика

Бастауыш математика – математика пәнін бастауыш сыныпта және үйде өз бетінше оқуға арналған интерактивті кешен. Бұл оқыту жүйесі халықаралық қауымдастық ең сапалы оқу құралы ретінде таныған «Ласкутайте» атты финляндиялық математика оқулығы негізінде жасалған.

Математика
Математика

Математика: қызықты, заманауи, қолжетімді

Курстың сипаттамасы

Математиканы оқытуға арналған бірегей интерактивті кешен халықаралық ғалымдардың, әдіскерлердің, ұстаздардың, программистер мен аниматорлардың бірлесуімен жасалған. Кешен мектеп бағдарламасындағы математика пәнінің 5–11-сыныптар арасындағы курсын қамтиды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған.