Біз туралы

BILIMLAND

BILIMLAND білім беру экожүйесіне қош келдіңіз!

BILIM – біздің жұмысымызға мән беретін сөз ғана емес, өмірімізге шырақ болар басты құндылық. Халқымыздың «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп» деген көнеден келе жатқан нақыл сөзі бар. Бірақ жалпы адамзат баласы бұл сөздің түпкі мағынасын енді ғана түсінгендей. Себебі бүгінгі заман талабына сай, әрбір тұлғаның да, мемлекеттің де табысқа жетуі тек білімге тәуелді. Ендеше біздің мұратымыз – баршаға қолжетімді, сапалы білім беру.

Сондықтан да біз білім әлемі – BILIMLAND білім беру экожүйесін жасадық. Онда 2011 жылдан бері мектепке дейінгі, мектепте және қосымша білім беру аясында барлық жастағы балаларды оқытуға арналған түрлі онлайн-платформалар әзірленіп келеді. Біздің экожүйеміздің негізі – қызық бейнероликтер мен конспектілер, симуляторлар мен тренажерлер, сондай-ақ күрделілігі әртүрлі интерактивті тапсырмалар форматындағы цифрлық сабақтар кітапханасы.
Біз контенттің сапасына көп мән береміз, сондықтан да біз білімді басты құндылығы етіп, технологиялардың мүмкіндігіне сенетін кәсіпқой мамандарды командамызға жинадық. Олардың арасында қазіргі білім саласының қыр-сырымен жақсы таныс тәжірибелі мұғалімдер мен әдіскерлер, сондай-ақ сүйікті ісін хоббиіне айналдырған талантты аниматорлар, дизайнерлер, редакторлар мен программистер бар. Оның үстіне, біз заман талабына сай қимылдап, трендтерге бірінші боп бет бұрамыз. Сондықтан біз үшін сапалы білімді баршаға қолжетімді ете түсетін жаңа, озық технологияларды пайдалану маңызды. Кәсіби шеберлік пен заманауи технологиялар – цифрлық контентіміздің табысқа жетуін қамтамасыз ететін мінсіз тандем.


Миссия

BILIM LAND – Қазақстандағы электронды оқыту (e-learning) нарығын қалыптастырып, дамытып отырған инновациялық компания. Біз білім беруге қажет контентті әзірлеумен, бейімдеумен және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысамыз. Біздің клиенттеріміздің арасында мемлекеттік мекемелер, ірі IT-компаниялар, медиақұрылымдар, елдегі жетекші оқу орындары бар. Дегенмен бәрінен бұрын бізге МҰҒАЛІМДЕРДІҢ, ОҚУШЫЛАР мен АТА-АНАЛАРДЫҢ ықыласы қымбат. Біз СІЗДЕР үшін еңбектенеміз!

Ұстаным

Білім алу – сан қилы әрекет түрін қамтитын, әртүрлі деңгейден тұратын аса күрделі әрі үздіксіз процесс. Оған қатысатын әр адамның өзіндік қабілеті мен талғамы бар. Сондықтан да білім алу әр адам үшін ерекше процесс. Соңғы кезде технологиялардың қарқынды дамуы білім алуды одан әрі қиындатты дегенді жиі естиміз. Жаңа ұғымдар, бағыттар, техникалық құралдар мен технологиялар өмірге көптеп еніп жатыр. Оған ілесу, барлығын түсініп, игеру тіпті кәсіби мамандарға да оңай емес. Бірақ біз осы технологиялардың керемет мүмкіндіктер туғызатын зор күшіне риясыз сенеміз. Олар БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ, САПАЛЫ БІЛІМГЕ жол ашады.


Білім әлеміне қош келдіңіздер!