Сұрақ-жауап

BilimLand сайтына қалай тіркеледі?

QIWI терминал арқылы қалай төлеу керек?

Жеке шот дегеніміз не?

Біздің сайтымызға жазылу үшін төлем жасағаннан кейін ақша сіздің жеке шотыңызға (балансыңызға) түседі. Балансыңыздағы ақшадан білім беру платформасына жазылу үшін төлем жасай аласыз. Сіздің жеке балансыңыз жеке шот болып есептеледі.

Сайт ресурстарына жеке пайдаланушылар қалай жазылады және жазылу қанша тұрады?

BilimLand білім беру платформасына жазылу үшін:

  1. Сайттың оң жақ жоғарғы бөлігіндегі Кіру батырмасын және ашылған терезедегі Тіркеліңіз батырмасын басамыз.
  2. E-mail енгізіңіз және құпиясөз ойлап тауып, оны растаңыз.
  3. Поштаңызға тіркелуді растау үшін сілтеме келеді, сілтемемен өтіңіз.
  4. Пайдаланушы сауалнамасын толтырыңыз.
  5. Сайтқа өтіп, ақылы контентті көру үшін жеке шотыңызды сізге ыңғайлы әдіспен толтырыңыз.
BilimLand ресурстарына жеке мектеп қалай жазылады және жазылу қанша тұрады?

BilimLand ресурстарына жеке мектепті жазу үшін +7 (727) 344 95 95 нөміріне хабарласыңыз. Біздің «Клиенттерді қолдау» департаментінің қызметкерлері сізді сайтқа жазылу үшін қажетті құжаттар тізімімен таныстырады.

Оқушылар ресурстарды үйде өз бетінше қалай дұрыс пайдалана алады?

Біз сізге сыныпта өтетін тақырыпты тауып, алдын ала қарауды ұсынамыз. Бұл сізге сыныпта жаңа тақырыпты түсіндіру барысында өзіңізді сенімдірек сезініп, дайындығыңызбен ерекшеленуге мүмкіндік береді. Ресурстарды сыныпта өткен тақырыпты түсінбей қалған жағдайда да қайталау үшін пайдалануға болады. Үй тапсырмасын орындамас бұрын сыныпта өткен тақырыпты еске түсіру және берілген тапсырманы сенімді орындау үшін біздің ресурстармен жаттығу тиімді.

Егер материалдардан қате табылса?

Сайт материалдарында қате кездесуі мүмкін. Егер сіз қатені байқасаңыз, бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Ол үшін әр сабақта бар Қате туралы хабарландыру функциясын пайдалануыңызды сұраймыз. Біз қатені дереу түзетеміз және ұсыныстарыңызды қуана қабыл аламыз.

Ресурстарды сыныпта қолдану әдісі қандай?

Біздің ресурстарды сыныпта қолдану мұғалімнің шығармашылық қабілетіне байланысты. Ресурс материалдарын жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде презентациялық материал ретінде, тақырыпты қорытындылауда тәжірибелік тапсырма ретінде немесе өткен тақырыптарды қайталауда қызықты көрнекті материал ретінде қолдануға болады. Сайттың интерактивті материалдарын «Төңкерілген сынып» әдісін қолдануда пайдалану ыңғайлы. Мысалы, оқушылар біздің ресурстарымыздың көмегімен сыныпқа келмей тұрып (үйде) жаңа тақырыппен өз беттерінше танысады, ал мұғалім сыныпта уақытының көп бөлігін жаңа тақырыпты түсіндіруге емес, оны талқылауға бөледі.

Сайт ресурстарын кімдер пайдаланады?

Біздің ресурстарымызды Қазақстанның барлық мемлекеттік мектептері, барлық Назарбаев Зияткерлік мектептері және бірнеше жеке мектеп, колледж, балабақша пайдаланады.

Ресурс пайдаланушыларына әдістемелік немесе техникалық қолдау көрсетіле ме?

Иә, біздің ресурстарымызды пайдаланушыларға жан-жақты әдістемелік қолдау көрсетіледі. Біздің қызметкерлер BilimLand ресурстарын оқыту процесінде қолдану бойынша ұдайы тренингтер, вебинарлар, шеберлік сағаттарын өткізіп тұрады. Ал компанияның ресурстық орталықтарында мұғалімдерді АКТ құралдарымен таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар, біздің ресурстарды пайдаланушылардың барлығына техникалық қолдау +7 (727) 344 95 95 телефон арқылы тегін көрсетіледі.

Ресурс материалдары қаншалықты жиі жаңарып отырады?

Электронды оқыту ресурстарының артықшылығы – олар әрдайым жаңарып отырады. Әдіскер және пән бойынша мамандардан құралған біздің топ – оқыту ресурстарын мазмұны жағынан бай және тиімді, құрылымы жағынан қызықты әрі бірегей етіп жасау үшін әрдайым шығармашылық ізденіс үстінде жүреді. Тобымыздың ойы жүзеге асып, мамандардың сынағынан өткеннен кейін сайтқа салынады.

Ресурс материалдарының қазақша, орысша және ағылшынша нұсқалары бірдей ме?

Көптілді білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес біздің кешен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған. Контенттің қазақша және орысша нұсқалары бірдей, бірақ қазақша контентте қосымша екі ресурс бар: қазақ әдебиеті курсы, қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы. Курстың ағылшын тілді нұсқасы К12 халықаралық бағдарламасына негізделіп жасалған. Бұл халықаралық тесттер тапсыруда және университетте арнайы ағылшын тілінде білім алуға дайындалуға көмектеседі.

Ресурс мазмұны неліктен сынып бойынша құрылмаған?

Біз курс құрылымын жасау барысында желілік әдісті қолдануға шешім қабылдадық. Біз таңдаған модель әр тақырыпқа терең тоқталып, жеке сабақ ретінде пәннің барлық бөлімдерін қамтуға мүмкіндік береді. Спиральді оқыту бір тақырыптың әр сыныпта біртіндеп күрделеніп отырып қайталануын қадағалайды. Біздің желілік құрылымды таңдаған себебіміз – оның әмбебаптығында. Мұғалім шығармашылығын шыңдап, сабақты өз ыңғайына қарай қолдана алады. Әр оқушының тақырыпты түсіну деңгейін оқулық емес, мұғалімнің шеберлігі мен оқушының жеке қабілеті анықтайды.

Ресурс материалдары (тақырыптары) мектепте пайдаланылатын оқулықтардың тақырыптарымен қаншалықты сәйкес келеді?

Біздің ресурстарымыз мазмұны жағынан мектеп оқулықтарына қарағанда едәуір кең, дегенмен қағаз түріндегі оқу құралдары мен оқулықтарға балама болып саналмайды. Біздің ресурстарымыз – дәстүрлі оқыту тәжірибесін толықтыруға және кеңейтуге арналған дербес оқу кешені.

Ресурс материалдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің МЖМБС және типтік оқу жоспарына сай келе ме?

Иә, интерактивті сабақтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің МЖМБС және типтік оқу жоспарына сай келеді. Берілген сабақтар білім беруде жаңа бағыттарды дамыту мақсатында оқыту процесін жаңаша ұйымдастыруға, оқытуда дербес білім беру тәсілін қолдануға және басқа да оқытудың жаңа әдістерін сабақта пайдалануға бағытталған.