Bilim-all.kz және Bilimland.kz сайттары бірлесе ұйымдастырып отырған Эссе және өлең-жыр байқауының тағы бір үздік туындысы анықталды. «Тілім менің» атты өлеңінің авторы – жас қаламгер Нұрила Бөкебай қараша айының кезекті жеңімпазы атанып отыр!
Үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:
Тілім менің
Тілім менің!
Қуанышым өзіңсің түңілгенім,
Қадіріңді түсініп ұғынды елім.
Тілім менің, қадірім, қасиетім,
Тілім барда жанданды, тірілді елім!
Тілім менің!
Шырқар әнім өзіңсің, жырым менің,
Қазақ тілім – айбыным, асқақтығым.
Сарқылмайтын, өшпейтін үнім менің!
Тілім менің – басыма қонған бағым,
Тілімменнен гүлденсін, тұғырлы елім!
Тілім менің!
Жарқыраған жұлдызым, күнім менің!
Өзің барда мұңайып, түңілмедім,
Қазақ тілі – тіршілік қуатымсың,
Өзің барда, өшпейді үнім менің!
Ана тілім!
Құламайтын бәйтерегім,
Нақылыңнан санама ой теремін.
Өзіңсің ғой жүрегім , жаным, қаным!
Сен болмасаң өмірде қайтер едім?!
Бүгінде шабытым кеп өлең жаздым.
Дәптерім мен қаламға қол жалғадым,
Менің тілім – қазағымның байлығы деп,
Қасиетті, тілім жайлы жыр қозғадым!
(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)
Жеңімпазды құттықтаймыз!
Сыйлықты жіберу үшін бізбен байланысуыңызды сұраймыз!
Еске салайық, bilim-all.kz және bilimland.kz сайттары жас қаламгерлер арасында сайыс жариялаған болатын. Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз.
bilimland.kz апта сайын үздік шығарма авторларын жариялап, powerbank-пен марапаттап отырады.
Байқау соңындағы негізгі жүлде иесі барлық шығармалар арасынан анықталатын болады!