Қаламгерлер сайысы

Қаламгерлер сайысы

2019 жылдың 30 тамызы мен 2020 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін эссе және өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Мақсаты: Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең-сөздің құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Сайысқа қатысушылардың эссе және өлең-жырлары үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданады. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар - 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталып, 2020 жылдың 26 ақпан күні сайтымызда жарияланады.

Негізгі жүлделер:

Өлең-жыр

І орын – біреу – смартфон + диплом.

ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.

ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом.

Эссе

І орын – біреу – смартфон + диплом.

ІІ орын – екеу – PowerBank + диплом.

ІІІ орын – үшеу – PowerBank + диплом.

Сонымен қатар Bilimland.kz сайтында да әр аптаның қорытындысы бойынша үздік шығармалар жарияланып, авторлары bilimland ұжымынан PowerBank-пен марапатталады. Байқау соңында, негізгі жүлделерден бөлек, Bilimland.kz ұжымының атынан да арнайы сыйлық иесі анықталатын болады. Ең үздік шығарманы Bilimland.kz сайтына жариялап, бағалы смартфонмен марапаттайды.

Шарттар:

— Сайысқа қатысушылардың жасы 14 - 29 аралығында болуы керек.

— Порталға тіркеліп (алдын тіркелгендердің қайта тіркелуі қажет емес, сол аккаунттары жарайды), өлең-жыр немесе эссе енгізу керек;

— Еркін тақырыптағы эссе және өлең-жырлар қабылданады. Эссенің көлемі кем дегенде 350 сөз.  

— Ілмектердің ішінде «bilim2019» деген ілмек міндетті түрде болу керек (сайысқа қатысқанын осы ілмек арқылы білеміз), эссе енгізгенде категориялардан «Сайыс2019» деген бөлімді таңдау керек;

Нұсқаулықтар:

- Қалай тіркелемін?

- Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда

- Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз)

- Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?

- Басқа да сұрақтар

- Сайтқа материал қосу (Эссе енгізу үшін «Мақала қосу» дегенді таңдау керек)

 

Өлең-жыр: «bilim2019» ілмегі арқылы табуға болады.

Эссе: «Сайыс2019» бөлімінде.

Барлық өлең-жырлар: Өлеңдер бөлімінде.

Сұрақтар үшін:

E-mail: bilimall.kz@gmail.com

WhatsApp: +7 701 754 04 73