Республикалық деңгейде ұйымдастырылатын «Жаңашыл мұғалім-2018» байқауына жұмыстар қабылдау жалғасып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылдың 25 мамырында сарапшы мамандар төрт аталым бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Ал жалпы биылғы байқауға қатысқан жұмыстар іріктеуден өткен соң сайтымыздың Мұғалім парақшасында жарияланып тұрады. Бұл жұмыстарды сайт қолданушылары лайк басу арқылы бағалай алады. Ең көп лайк жинаған сабақ немесе тәрбие сағаты жоспары «Үздік сабақ жоспары-2018» марапатына лайық деп танылады.
2018 жыл жұмыстарын бағалау үшін сайтқа жазылу міндетті.
Естеріңізге саламыз, «Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының бірінші кезеңі 29 қаңтарда аяқталады. Құрметті ұстаздар, бақтарыңызды сынап көруге әлі де мүмкіндіктеріңіз бар. Жұмыстарыңызды мына сілтеме бойынша жүктей аласыздар: https://bilimland.kz/ru/contests/konkurs-uchitel-novator-2018